БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы
ЖОО – жоғары оқу орны
ПЖОО – педагогикалық жоғары оқу орындары
БТ – бақылау тобы
ЭТ – эксперименттік топ
АН-азаматтық неке
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстандық қоғамның бірлігі әртүрлі сатыдағы
ұрпақтар үшін ортақ болып саналатын дәстүр мен рухани-адамгершілік
құндылықтар арқылы анықталады. Мұндағы білім беру қоғам дамуының негізгі
көрсеткіштерінің бірі болмақ. ЖОО білім беру үдерісі әрқашанда субъект
ретінде кәсіби іс-әрекетке даярлап, қоғам прогресіне белсенділік таныта
отырып, жетекші болатын рухани толысқан тұлға дамуына бағдарланады.
Бүгінгі таңда жастар санасына ұлттық құндылықтарды сіңіруде, олардың
құндылық бағдарларын дұрыс қалыптастыруда отбасының алатын орны ерекше
екені анық. Себебі, отбасы адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат
ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға
болмайды, ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра
алмайды. Отбасының қоғамдағы әлеуметтік-тарихи тәжірибені жинақтау әрі
тарату қызметінің ерекшелігіне байланысты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018
жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Біз жаңа
заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи
өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек» деп көрсетеді.
Елбасымыздың бұл ойлары жас ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың тәжірибесі,
отбасы, халық, ұлт педагогикасының субъектілері үшін бағдарламалық идея
болмақ [1].
«
Қазақстан 2020: болашаққа жол» атты Қазақстан Республикасы
мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында:
«
Қазақстанда отбасы әрқашан әлеуметтің аса маңызды құраушы элементі
ретінде қарастырылып келеді. Ол қоғам болмысының, мемлекеттің негізі,
адалдық, адамгершілік және рухани үйлесім жүйесіндегі маңызды буын болып
табылады»; «...Өзі және өз жақындары үшін әлеуметтік жауапкершілік сезімін
қалыптастыру отбасындағы тәрбиеден бастау ала отырып, жастар саясаты
мәселелерінде негіз болуы қажет. Өмірдің құндылығы, қауіпсіздігі және оны
жалғастыру
отбасымен
тікелей
байланысты»
-
делінген.
Мұндай
тұжырымдамалық идеялар жастар саясатына, оның ішінде статистикалық
көрсеткішімен басым келетін студент жастарға әлеуметтік міндет ретінде
ұсынылып отырғанының өзі отбасындағы жеке тұлғаның қоғаммен өзара
әрекеттестігінің негізгі құралы екендігінің кепілі болады [2].
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында тәрбиелеу білім беру
жүйесінде жүзеге асырылатын, жалпы адамгершілік құндылықтары негізінде
білім алушылардың рухын дамыту үшін жағдай жасауға, олардың өмірлік өзін-
өзі билеуіне, азаматтық және кәсіптік тұрғыдан құндылықтарының
қалыптасуына көмек көрсетуге, жеке адамның өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай
жасауға бағдарланған нысаналы қызмет ретінде қарастырылады [3]. Мұндағы
қызметтер өз кезегінде білім алушыларды азаматтыққа, адамгершілік
құндылықтарға бай етіп қалыптастыруды қоғам алдында міндеттеп отыр.
Айтылған тұжырымды ойлар қоғамдық және отбасылық тұрғыдан нақты
қадамдар жасаудың, соған сай iс-шараларды қарастырудың қажеттілігін
көрсетіп, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және
гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын
(бірінші кезең 2017-2019 жылдар) бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Тұңғыш Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №384 Жарлығын іске
асыру мақсатындағы қаулысында: «Отбасы институтын нығайтуға, отбасылық
құндылықтарды ілгерілетуге, репродуктивті денсаулықты нығайтуға, сондай-
ақ, гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске
асыру» бағытын ұйымдастыру педагогикалық жоғары оқу орындары
студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселесінің
өзектілігін айқындай түседі [4].
Бұл құжаттардағы айтылғандардың барлығы қазіргі студент жастарды
отбасылық өмірге даярлау, неке-отбасылық, бала-ата-аналық қатынастар
мәселелерінде педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қолдау жұмыстарын
ұйымдастырудың қажеттілігін дәлелдейді.
Жоғары білім берудің жаңа парадигмасы нәтижесі білім алушылардың
құндылықтар жүйесін қайта қарауға әкелетін білімге бағытталып отыр. Өйткені
білімнің өзінің құндылықтар жүйесі – субъектілердің өзін-өзі өзгертіп, өзін-өзі
дамытуында мақсаттарға жетіп, нарықтың бәсекелестік заңдарына шыдай
отырып, табысты өмір сүруге дайындау болып табылады.
Біздің ойымызша, табысты өмір сүрудің бірі – отбасылық өмір. Отбасы
құндылығы әлеуметтік өмірдің ірі ауқымдағы құрылымы. Сондай-ақ, ол
материалдық және рухани тұрғыдағы қатынастарға негізделеді. Осы тұрғыдан
алғанда, студенттердің отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
мәселесі ЖОО-дары іс-әрекетінің маңызды бағыттарының бірі болады.
Ғылыми әдебиеттер талдауы көрсеткендей, отбасы - адамгершілік
құндылықтар феномені барлық құбылыстар секілді адамзат қоғамында пайда
болған және оның даму кезеңдерінде ғалымдарды толғандырған маңызды
мәселелердің бірі.
Тарихқа көз жіберсек, отбасы, құндылық және отбасылық рухани -
адамгершілік құндылықтар жөніндегі идеялардың сонау ежелгі философтар
Конфуций [5], Сократ [6], Платон [7], Аристотель [8] еңбектерінен бастау алып,
орта ғасыр ойшылдары Әл-Фараби [9], Ж. Баласағұни [10] және одан кейінгі
ғұламалардың еңбектерінде жалғасын тапқанын көреміз. Сондай-ақ,
Ш.Уалиханов [11], А.Құнанбаев [12], М.Жұмабаев [13], Ж.Аймауытов [14]
сынды ағартушылар еңбектерінің педагогикалық жоғары оқу орындары
студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда алатын
орны ерекше. Отбасындағы және білім жүйесіндегі тәрбие беру жұмыстарын
нәтижеге қарай бағыттауда бірнеше ғылым салалары бойынша ғалымдардың
еңбектері кездеседі.
Зерттелініп отырған көпжақты мәселеге алыс және жақын шетелдік,
отандық педагог, психолог, философ, мәдениеттанушы, әлеуметтанушы
ғалымдар арнайы назар аударған.
Осыған орай ғылыми әдебиеттерге жүргізілген талдау отбасы, құндылық,
отбасы-адамгершілік құндылықтары мәселелерін әртүрлі аспектіде бірнеше
бағыттарда қарастырылғанын көрсетеді:
- философиялық аспектіде құндылықтардың табиғаты мен мәні, рухани
құндылықтар, отбасы институты мәселелері ғалымдар (И.Кант [15],
В.Виндельбанд [16], Г.Риккерт [17], Э.Фром [18], М.Рокич [19], Ф.Ницше [20],
Н.А.Бердяев [21], Ә.Н.Нысанбаев [22], С.Е.Нұрмұратов [23], Р.Б.Әбсаттаров
[24] т.б.) еңбектерінде қарастырылады;
- мәдени аспектіде құндылықтар жүйесін әлеуметтік және этикалық
тұрғыдан дәстүрлер, нормалар, рухани кодтар және адамның болмысы арқылы
көрінетін құбылыс ретінде (Т.Х.Ғабитов [25], Б.С.Ерасов [26], отбасылық-неке
қатынасын (Т.В.Бендас [27], К.К.Баздырев [28], т.б.) қарастырады;
- тарихи-әлеуметтік аспектіде отбасының мемлекеттегі мәртебесі мен
оның ерекшеліктеріне, қоғамның тыныс-тірішілігіндегі құндылықтарға назар
аударады (М.Вебер [29], Э.Гидденс [30], М.Мид [31], Т.Парсонс [32], Г.К.
Абдигалиева [33], В.П.Тугаринов [34], С.И.Голод [35], А.Ж.Сқақова [36] т.б.);
Соның ішінде, тарихшы Х.А.Арғынбаев «Қазақ отбасы» атты еңбегінде
көшпелі қоғамдағы қазақ отбасыларының тұрмыс - тіршілігінің этнографиялық
сипатына тоқталса [37], әлеуметтанушы З.Ж. Жаназарова «Қазақстандағы
қазіргі заманғы отбасы және оның мәселелері» атты монографиялық
зерттеуінде бүгінгі таңдағы қазақстандық отбасылардың жай - күйлеріне талдау
жасайды [38], сонымен бірге З.К.Шәукенованың редакциясымен жарық көрген
«Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: жағдайы және
даму үрдістері» еңбегінде [39], «Отбасы Қазақстан қоғамы тұрақтылығының
факторы ретінде» атты ғылыми-зерттеу жобасында заманауи қазақстандық
отбасының даму үрдістеріне өзіндік түсініктемелер беріледі.
Психология ғылымында отбасылық қарым-қатынас психологиясын,
құндылық бағдар мәселелерін шетел ғалымдары Г.Олпорт [40], Ж.Пиаже [41],
З.Фрейд [42]; ресей психологтары С.Л. Рубинштейн [43], В.И.Мясищев [44],
т.б. қарастырады. Соның ішінде, отбасы психологиясын зерттеуші ғалымдар
(А.Г. Харчев [45], А.И. Антонов [46], т.б.) еңбектерінде отбасының маңызды
функцияларының қатарына ата-ананың үгіт-насихаты мен өнегесі, сонымен
қатар отбасының психологиялық жағдайы арқылы балалардың әдеттері мен
мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалай алу өлшемдері қалыптасатыны ашып
көрсетіледі.
Жоғары оқу орындары «Отбасылық өмір этикасы мен психологиясы»
(И.В.Гребенников [47], С.В.Ковалев [48],); «Отбасылық қарым-қатынас
психологиясы» (Л.Б.Шнейдер [49]) атты арнайы пәндерді енгізді.
Педагогика ғылымында отбасы мәселесінің әдіснамалық және теориялық
негіздері, отбасы тәрбиесі, рухани-адамгершілік құндылықтар, отбасылық
өмірдің ерекшеліктері, некелік қатынас, болашақ отбасы иесін даярлау
мәселелерін ресейлік ғалымдар П.Ф. Каптерев [50], А.С.Макаренко [51],
В.А.Сухомлинский
[52],
Н.Е.Щуркова
[53],
аксиологиялық
тұғыр
(М.С.Мацковский
[54], Е.В.Горбунова [55]), қазақстандық ғалымдар
Қ.Б.Жарықбаев [56], К.М.Төлеубаева [57], Қ.Т.Әтемова [58], Қ.Ғ. Жүнісова-
Елшібаева [59], С.С.Қоңырбаева [60], А.Е. Манкеш [61] зерттесе, ал
отбасындағы тәрбиенi ұйымдастыруда қазақтың халықтық педагогикасының
материалдарын пайдалану (С.Ғаббасов [62], Г.И.Сейлхан [63], Е.С.Коянгалиев
[64],
Т.С.Сламбекова [65], А.А.Таутенбаева [66], рухани-адамгершілік
құндылықтар (Р.К.Төлеубекова [67]), құндылық бағдар (Г.Қ. Нұрғалиева [68])
мәселелерiн қарастырады.
Жоғарыдағы ғылыми зерттеу жұмыстары мен әдебиеттерді талдау бүгінгі
таңда жаһандық деңгейде қоғамдағы және ұлттық деңгейде мемлекетіміздегі
әлеуметтік-экономикалық тенденцияларға байланысты отбасының әлеуметтік-
педагогикалық қызметтерінің өзгергендігін көрсетеді. Жаңа әлеуметтік-
экономикалық жағдайлар мен көпұлтты Қазақстандағы демографиялық
дағдарыстар отбасылық қатынастар мен құндылықтар, отбасы тәрбиесі
саласында өскелең ұрпақты өз отбасын құруға, ата-ана болуға дайындау
мәселелерінің өзектілігін айқындай түсуде. Біздің зерделеуімізде теориялық-
қолданбалы мазмұндағы зерттеу жұмыстары, ондағы теориялық қағидалардың,
қорытындылар мен тұжырымдардың студенттердің отбасы-адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыру мәселесін ашып көрсетуде маңызы зор екенін
және айтарлықтай тәжірибе жинақталғандығын көрсетеді.
Дегенмен ғалымдардың еңбектерін саралау барысында педагогикалық
жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы – адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыру мәселелері өз деңгейінде зерттелмегендігі айқындалды.
Осы тұрғыдан алғанда қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени өзгерістер
жағдайында педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда:
- қоғам мен мемлекеттің өскелең ұрпақта отбасы құндылықтарын
қалыптастырудың объективті әлеуметтік сұранысы мен қазіргі қоғамдағы
отбасы мәртебесінің нақты алатын орны, қоғамдағы әлеуметтік институттың,
отбасындағы ата-ананың рөлінің төмендеуі мен білім беру мекемелерінде
оларды қалыптастыру үрдісінде жаңа әлеуметтік-экономикалық шарттардың
ескерілмеуі арасында;
-
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың қажеттігі және бұл үрдісті
ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік және технологиялық негіздерінің
жеткілікті зерттелмеуі арасында;
-
отбасы-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы студенттің
субъективті белсенділігі мен зерттелінетін үрдісті ұйымдастыру бойынша
бірлескен іс-әрекетке кәсіби дайындығы арасында қарама-қайшылықтар
туындап отыр.
Зерттеу мәселесінің өзектілігі мен жоғарыда аталған қарама-
қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру зерттеу жұмысының тақырыбын
Достарыңызбен бөлісу: |