Сурет 12 - Анықтау эксперименті бойынша студенттердің
құндылық бағдар иерархиясы көрсеткіштерінің диаграммасы
Жоғарыдағы қолданылған әдістемелер (Ш.Шварцтың «Құндылық
сауалнамасы»,
Р
.В.Овчарованың «Идеалды ата-ана жөніндегі түсініктері»
М.Рокичтің «Құндылық бағдарды анықтау») педагогикалық жоғары оқу
орындары
студенттерінің
отбасы
-
адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері жиынтығына
сай жоғары, орташа және төмен деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді:
- дүниетанымдық (адамгершілік санасының қалыптасуы, отбасын
құндылық ретінде жете түсінуі; отбасының ұлттық және мәдени дәстүрлерін
сақтауы және нығайтуы; отбасымен, туыстарымен (тегімен) араласуы);
- іс-әрекеттік (отбасының шаруашылық-тұрмыстық, эмоционалдық
және бос уақытты ұйымдастыру функцияларына негізделеді, отбасылық
қатынастарды, отбасындағы кикілжіңді жағдаяттарды реттеу қабілеті,
отбасылық
мәселелерді
шешуге
белсенді
қатысуы;
отбасылық
қызығушылықтарының ортақтығы);
- тәрбиелік-білімділік (отбасы-неке қатынастары мәселесі жөніндегі
білімді меңгеруі және толықтыруы; ерлі-зайыптылық және ата-аналық
әлеуметтік рөлдерінің және жауапты ата-аналық гендерлік ұстанымының
0
5
10
15
20
25
Отбасы, неке, махаббат
Жұмыс, бизнес, карьера
Достық
Өзін-өзі таныту, өзін-өзі дамыту
Ақша, материалдық жағдай
Адамгершілік сапа, мораль
Мақсатына жету, табыс
Денсаулық
Білім беру, оқыту
Патриотизм, мұрагерлік
Бостандық, тәуелсіздік
Мәдениет, өнер, шығармашылық
Әлеуметтік статус, бедел, билік, лидерлік
Көңіл көтеру, рахаттану
ЭТ
БТ
қалыптасуы; педагогикалық сауаттылығы, тәрбиенің озық тәжірибесі мен
жаңа технологияларын меңгеруі, оларды іске асыруға дайындығы).
Анықтау
эксперименті
бойынша
отбасы-адамгершілік
құндылықтарының дүниетанымдық өлшемдері деңгейі бойынша бақылау
тобында 55 студенттің ішінен 13 зерттелушілер қатысып, жоғары деңгейде,
яғни 23,6% пайызын құрады. Отбасы-адамгершілік құндылықтарының
дүниетанымдық өлшемдерінің орташа деңгейі бойынша зерттелушілер саны
25 адам, яғни 45,4% пайызын құрады. Бұл өлшемнің төмен деңгейінде 17
зерттелуші адам қатысып, 31% пайызын қамтыды. Ал анықтау
экспериментінде отбасы-адамгершілік құндылықтарының дүниетанымдық
өлшемдері бойынша эксперимент тобында 65 студенттер қатысып, соның
ішінде 17 зерттелушілернің, яғни 26% пайызы жоғары деңгейді көрсетті.
Аталмыш топтың дүниетанымдық деңгейі бойынша орташа көрсеткішке 27
зерттелуші қатысып, 41% пайызын құрады, ал 21 респондент, яғни 32%
пайызы отбасы-адамгершілік құндылықтарының дүниетанымдық өлшемдері
бойынша төмен деңгейдегі көрсеткішін құрайды.
Анықтау экспериментінде отбасы-адамгершілік құндылықтарының іс-
әрекеттік деңгейі бойынша бақылау тобы студенттерінің 12 зерттелуші, яғни
22% пайызы жоғары көрсеткіш көрсетті, орта деңгей бойынша зерттелуші
саны 26, яғни 47% пайызын құрады, отбасы-адамгершілік құндылықтарының
іс-әрекеттік деңгейінің төмен көрсеткіші бойынша зерттелуші саны 17, яғни
31% пайызын қамтыды. Ал эксперимент тобында студенттердің отбасы-
адамгершілік құндылықтарының іс-әрекеттік деңгейі бойынша зерттелушілер
саны 15адам болса, оның 22% пайызы жоғары көрсеткішті танытты, 51% -
орта деңгейде, яғни 33 зерттелуші болды, іс-әрекеттік деңгейінің төмен
көрсеткіші бойынша респодент саны 17, яғни 28% пайызын көрсетеді.
Анықтау экспериментінде отбасы-адамгершілік құндылықтарының
тәрбиелік-білімділік деңгейі бойынша бақылау тобы студенттерінің 12
зерттелуші, яғни 22% пайызы жоғары көрсеткіш көрсетті, орта деңгей
бойынша зерттелуші саны 25, яғни 45% пайызын құрады, тәрбиелік-
білімділік деңгейінің төмен көрсеткіші бойынша зерттелуші саны 18, яғни
33% пайызын қамтыды. Ал эксперимент тобында студенттердің отбасы-
адамгершілік құндылықтарының тәрбиелік-білімділік деңгейі бойынша
зерттелушілер саны 15 адам болса, оның 23% пайызы жоғары көрсеткішті
танытты, 49% - орта деңгейде, яғни 32 зерттелуші болды, тәрбиелік-
білімділік деңгейінің төмен көрсеткіші бойынша респондент саны 18, яғни
27% пайызын көрсетеді.
Сонымен педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарының қалыптасуын анықтайтын дүниетанымдық,
іс-әрекеттік, тәрбиелік-білімділік деңгейлеріндегі көрсеткіштеріне сүйене
отырып, орташа пайыздық көрсеткіштері анықталды, ол бақылау тобында
23% - жоғары, 46% - орта, 31% - төмен деңгейде болса, ал эксперименттік
топта 24% - жоғары, 47% - орта, 29% - төмен деңгейді көрсетеді (17, 18 -
кестелер).
|