мінез-құлық көріністерінің жиынтығының мәнін сипатталады. Сондықтан
отбасы феноменін зерттеуде сондай-ақ, отбасы қазақстандық менталитеттің
басты құндылығы ретінде сабақтастықты үзбей, мәдени дәстүрді сақтап,
тасымалдайды, ұрпақтардың әлеуметтену үрдісін жүзеге асыруына ерекше
мән беріледі.
Қорыта келгенде, диагностика арнайы жасалған ғылыми әдістер
көмегімен игерілетін «педагогикалық» үдерістердің, құбылыстардың сандық
бағасы мен сапалық сараптамасы болып табылады. Осыдан диагностиканың
негізгі мақсаты әртүрлі салалардағы әрекеттер факторларының әлеуметтік
мазмұнын анықтау, адаммен, топпен жүргізілетін әлеуметтік, әлеуметтік-
педагогикалық жұмыстардың әдіснамасы мен әдістемесінің жасаудың
ғылыми негіздерін құру болып табылады. Ол бүгінгі студент үшін өте
маңызды отбасылық (өмірлік құндылықтарға басшылық жасаушы)
құндылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Педагогикалық жоғары оқу
орындары
студенттерінің
отбасы-адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастырудың бастапқы диагностикасы әлеуметтік - кәсіби іс-әрекетке
жүйелі дайындығын қалыптастырудың тиімділігін анықтауға және осы
бағыттағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының келесі кезеңдерін іске
асыруға мүмкіндіктер береді.
Сондықтан
зерттеу нәтижелеріне сүйене
отырып, ПЖОО студенттерімен отбасы-адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыруға бағытталған элективті курс бағдарламасын жасап, түзету
жұмыстарын жасау жұмыстары жүргізу қажеттілігі туындады. Демек
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыруда әдістеме маңызды рөл атқарады, оның
тиімділігі келесі параграфта тәжірибелік тұрғыдан дәлелденеді.
Достарыңызбен бөлісу: