Сурет 16 - Р.В.Овчарованың «Идеалды ата-ана жөніндегі түсініктері» семантикалық дифференциация әдістемесі бойынша эксперименттік топ зерттелушілерінің экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелерінің салыстырмалы пайыздық көрсеткіштерінің диаграммасы
ПЖОО-да
студенттердің
отбасы-адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастыруға бағытталған оқу-тәрбие үдерістерінде үлгілердің тиімді
жүзеге асырылуы үшін рефлексияның маңызды екендігін деңгейлерге
диагностика жасау арқылы анықтау қажет. Ал рефлексия нәтижесін мынадай
бағыттарда бағалауға болады: топтағы студенттердің бір-бірімен және
оқытушымен өзара қарым-қатынастары; өзінің және басқалардың мінез-
құлқына қатысты түсіністігі, бітімгершілік, бірін-бірі ұғынуы және бағалауы.
Ол студенттердің тұлғалық сапаларының даму динамикасын қадағалауға
мүмкіндік береді
Келесі кезеңде қолданылған М.Рокичтің «Құндылық бағдарды
анықтау» әдістемесі бойынша қалыптастырушы эксперименттен кейінгі
2017-2018 оқу жылындағы бақылау және эксперименттік топқа енген 3,4-
курс
студенттерінің
терминалды
құндылықтарының
пайыздық
көрсеткіштерін төмендегі 25 - кестеде келтірілген (кесте-25 қараңыз).