1. Нүктенің қозғалыс теңдеуі x = 20 + 5 t болса, бұл нүктенің қозғалысы
A) үдемелі
B) бірқалыпты
C) бірқалыпты үдемелі
D) бірқалыпты кемімелі
[1]
2. Қозғалыстағы дененің жылдамдық уақытқа тәуелділігі 𝑣 = 2 + 3𝑡.
Осы дененің координатасының теңдеуі
A) 𝑥 = 2𝑡 + 3𝑡2
B) 𝑥 = 1,5𝑡2
C) 𝑥 = 2𝑡 + 1,5𝑡2
D) 𝑥 = 3𝑡 + 𝑡2
[1]
3. Екі дененің қозғалыс теңдеулері 𝑥1 = 10𝑡 + 0,4𝑡2 және 𝑥2 = −6𝑡 + 2𝑡2. Олардың кездесетін орны мен уақытын анықтаңыз.
[1]
4. Берілген мәтін бойынша орын ауыстыру мен жылдамдықтың уақытқа тәуелді графиктерін тұрғызыңыз.
a) Қызыл телпек бірқалыпты жүріспен әжесінің саяжайына аттанды.
b) Ол қасқырмен сөйлесу үшін біраз уақыт тоқтады.
c) Одан кейін баяу қозғалып, біраз уақыт жүрді.
d) Ол гүл теріп алу үшін біраз уақыт тоқтады.
e) Қызыл телпек кешігіп қалғанын түсінді де, қалған жолды жүгіріп өтті.
5. Жылдамдықтың уақытқа тәуелді графигінде трактордың қозалысы берілген.
a) Графикті пайдаланып трактордың қозғалысын сипаттаңыз.
OP ______________________________________________________________________
PQ ______________________________________________________________________
QR ______________________________________________________________________
RS ______________________________________________________________________
b) Трактордың тыныштықта тұрғанын қай екі нүкте көрсетеді?
c) Трактордың ең үлкен жылдамдығы _____________________________________
d) 200 с ішінде трактор қандай жол жүрді?
[7]
Достарыңызбен бөлісу: |