Нормaтивті сілтемелер



бет18/78
Дата06.01.2022
өлшемі13,49 Mb.
#13763
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78
Байланысты:
Жұмашев К.

Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттарын не дамытады? Бұл сұраққа жауап ретінде ең бірінші болып, әрине, қоғамда пайда болатын және Конституция мен «Білім туралы» заңда жарияланған жаңа білім саясатындағы, білім жүйесіндегі әлеуметтік-экономикалық жаңартулардың пайда болуы әсер етеді. Бұл саясаттың түпкі мағынасы білім беру мазмұнын ізгілендіруге, оқу пәндері құрамының, көлемінің өзгеруіне, жаңа оқу сабақтарын енгізуге, мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды қабылдауына қатысын өзгертуінде [88, б. 297].

Ойлау процесін түсіндіру үшін, ең алдымен, бұл тұжырымдамаларды екі топқа бөліп қарастырамыз: бірінші топқа жататын тұжырымдаманың өкілдері адамдарда өмір тәжірибесінің әсерімен өзгермейтін табиғи, өзіндік қабілеттіктердің бары туралы қағидадан туындайды; екінші топтағы тұжырымдаманың негізіне ақыл-ой қабілеттіліктері өмірге келгеннен кейін өмір сүру барысында қалыптасады дами түседі деп түсіндіріледі (сурет 3).



Бірінші тұжырымдар бойынша интеллектуалдық қабілеттіліктер және интеллектінің өзі жаңа білімді алу мақсатында қабылдау мен ақпаратты оңдауда қамтамасыз ететін ішкі құрылымның жиынтығы ретінде анықталады.


Сурет 3 – Ойлау процесін түсіндіретін теориялар
Сәйкес келетін интеллектуалдық құрылымдар даяр күйінде адамда туғаннан беріледі, бірте-бірте организмнің ес процесінде дамиды деп есептеледі. Гештальт теория бойынша құрылымды қалыптастыру және өзгерістер енгізу, оларды реалдік шындықты көру интелектінің негізі болып табылады. Осындай тұжырымдамалар ойлауды сыртқы ықпалдың әсерінен дей келіп, субъектінің өзіндік ішкі дамуы идеясынан немесе екеуінің өзара әрекетінен деп түсіндірді.

XVII ғасыр және содан кейінгі біршама ұзақ кезең психология тарихында ойлауды логика ғылымының құрамыңда, оның бірден-бір түрі ретінде ұғымдық теориялық ойлау қарастырылды.



Ойлауға қабілеттіліктің өзі туғаннан берілген, туа біткен қасиет, ал ойлау дамудан тыс қарастырылды. Интеллектуалдық қабілеттіліктердің қатарына ол кезде байымдау, логикалық ой қорытындысын жасау және рефлексия (өзін-өзі тану) жатқызылды. Ойлау тәсілдеріне (операцияларына) жалпылау, талдау, жинақтау, салыстыру және жіктеу кіреді (сурет 4).




Сурет 4 – Ойлау қабілеттері мен тәсілдері

Бихевиоризм (ағылшын сөзі Behaviorism – қылық, іс-әрекет) бағытында ойлау реакциялар мен стимулдардың арасындағы қарым-қатынастарды орнату үрдісі ретінде міндеттерді шешуге байланысты практикалық икемділіктер мен дағдыларды ұйымдастыруды қарастырады.

Гештальт психология бағытында интуитивтік тұрғыдан түсіндірілді. Психологиядағы соңғы екі бағыт (Бихевиоризм мен Гештальт психология) ойлауды түсіну үшін ештеңе бермеді деп айтуға болмайды (сурет 5).






Сурет 5 – Психологияның негізгі бағыттары Психологиялық зерттеулердің саласына Бихевиоризмнің арқасында

практикалық ойлау енгізіледі. Сондай-ақ Гештальт психологияны арқау ете отырып ойлаудағы шығармашылық пен интуицияға ерекше назар аударған.

Психологтардың сіңірген еңбектері зейінді ойлаудың санасыздық түрлеріне қатыстырумен, сонымен қатар ойлаудың адамдардың талпынулары мен қажеттіліктеріне бағыныштылығын зерттеуге байланысты. Ойлауды таным іс- әрекетінің ерекше түрі ретінде қарастырды. Ойлауды психологияға енгізу арқылы іс-әрекет категориясында теориялық және практикалық интелектіні танымның объектісі мен субъектісін қарама-қарсы қоюды жеңу іске асты.

Жалпы алғанда, оқытудың әртүрлі теориялары қалыптасты, атап айтқанда П.Я.Гальпериннің (ақыл-ой әрекетін кезеңмен қалыптастыру), Л.В.Занковтың (дамыта оқыту), В.В.Давыдовтың (мазмұнды толықтыру) теориялары. Олардың бәрін ойлауды дамыту теориялары деп қарастыруға болады.

Біздің елімізде оқыту процесінде практикалық түрде кеңінен енгізілген теориялардың бірі – П.Я.Гальпериннің «Ақыл-ой әрекетін кезеңмен қалыптастыру» теориясы Л.С.Выготскийдің белгілі қағидаларына және А.Н.Леонтьевтің ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері туралы зерттеулеріне негізделеді. Бұл теориялардың мәні мынада: ішкі материалдық әрекеттер бірте-бірте ішкі ақыл-ой әрекетіне айналады [101, б. 223- 225].

Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі. Атап айтқанда, ойлау дегеніміз – әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және

біріктіру әрекеттері арқылы танылады; Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі; Ойлау – адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі; Ойлау – заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде, сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс [99, б. 1]; Ойлау – білімге, тәжірбиеге т.б. сүйеніп, себеп-салдар байланыстарына негізделіп мимен жұмыс істеу; Ойлау – объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи- әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді [102]. Ойлауды зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады [99, б. 1].

Ал, педагогикалық ойлау – кез келген педагогикалық құбылысты тікелей немесе жанама түрде белгілі бір көзқараспен ой елегінен өткізу бойынша жасалатын әрекет [102, б. 1].

Психология ғылымы өзінің тарихи дамуы барысында философиядан бірте- бірте алшақтай түсті, сондықтан психологтардың назарына, ең алдымен, философтардың назарында болған ойлаудың түрлері түсті. Бұл теориялық пайымдап ойлау. Ірі философтардың бірі Р.Декарт «Мен ойлаймын, демек өмір сүремін» деген формуланы ұсынды. Егер нақтылы-психологиялық тұрғыдан ғана қарастырсақ, онда бұл формула ойлауды адамның тіршілік етуінің белгісі деп есептей отырып, ойлауды адамның психикалық өміріндегі бірінші орынға шығарады. Автордың пікірі бойынша, ойлаудан басқа ештеме де адамның тіршілігін сенімді дәлелдей алмайды. Сонымен пайымдап ойлау сөздік- логикалық ойлаудан бөліп алынды. Бұл ойлау бүгінгі таңда да тіл, тілдік құралдар базасында болатын, қызмет ететін түсініктерді, логикалық конструкцияларды пайдалануымен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің

бірі ретінде бөлінеді. Сонымен қатар психологияда ойлаудың қос классификациясы да танымал. Олар мәселенің түріне байланысты:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет