Нормaтивті сілтемелер



бет43/78
Дата06.01.2022
өлшемі13,49 Mb.
#13763
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78
Байланысты:
Жұмашев К.

Өсімдіктер анатомиясы (грек. anatom – кесу, бөлу) – өсімдік органдары мен ұлпаларының ішкі құрылысы туралы ғылым саласы. Өсімдіктер анатомиясының дамуы микроскоптың пайда болуымен тығыз байланысты. XVII ғасырда итальян биологы Марчелло Мальпиги (1628-1694) мен ағылшын ботанигі Неемия Грюдің (1641-1712) микроскоппен өсімдіктердің ішкі құрылымын зерттеуінің нәтижесінде өсімдіктер анатомиясының негізі қаланды.

19 ғасырда неміс биологы Теодор Шванн (1810-1882) микроскоп арқылы жануарлар мен өсімдіктер жасушасының құрылымын зерттеп, жасуша теориясын ашты. XX ғасырдың басында өсімдік ұлпасы жасушалары мен органоидтарын зерттеу негізінде өсімдіктер анатомиясынан цитология (жасуша туралы ғылым) бөлініп шықты. Өсімдіктер анатомиясын зерттеуде жаңа әдістер электрондық микроскоп, сол сияқты гистохимиялық зерттеулер, т.б. қолданылады. Анатомиялық зерттеулер көмегімен өсімдіктердің тегі, егістік дақылдарының түрлі сорттары, өсімдіктің сыртқы орта әсеріне төзімділігі анықталады [146]. Өсімдіктер морфорлогиясы (гр. morphe пішін, бейне және гр. logos оқу, ілім) – өсімдіктердің сыртқы пішіні мен ішкі құрылысын жай

көзбен арнаулы оптикалық құралдармен (лупа және микроскоппен) зерттейтін ғылым [147, б. 10]. Өсімдіктер морфорлогиясы – өсімдіктердің және олардың жекелеген органдарының пайда болып қалыптасуының және әртүрлі тіршілік формаларының дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Сонымен бірге морфология өсімдіктердің органдарының түзілуін және дамуын, жекелеген особьтардың тұқымнан пайда болуынан бастап, өмірінің соңына дейін (онтогенезін) және осы особь жататын тұтастай түрдің немесе кез келген систематикалық топтардың тарихи даму барысын (филогенезін) ескере отырып қарастырады [148, б. 7].

«Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» пәні бойынша практикалық сабақтарда студенттер өсімдіктер морфологиясының негізгі заңдылықтарын және гүлді өсімдіктердің мүшелерінің құрылысының алуан түрлілігін зерттейді, олардың негізгі терминдерін меңгереді [149]. Аталған зерттеу жұмыстарының орындалу жолдары мен нәтижелері бойынша материалдарға алдағы бөлімдерінде толық тоқталамыз. Зерттеу нәтижелері алғаш рет біз ұсынып отырған «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» элективті пәнінің мазмұнына ендірілді. Болашақ биолог мұғалімдер өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы пәнін оқытуда соя өсімдігінің тамшылатып суару технологиясымен өсуін ғылыми тәжірибелік жұмыстар жүргізу арқылы зерттеп, жаңа материалдармен ғылыми-теориялық білімін толықтырумен қоса, қорытынды жасап, шешімін тауып, оның себебін анықтауды меңгереді.

Елімізде «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» пәні бойынша бірқатар зерттеулер жүргізген ғалымдар: Ә.Әметов, Е.Агелеуов, К.Агитова, С.Иманкулова, Ж.Т.Игисинова, Н.М. Мухитдинов, А.Б. Бегенов, А.Б. Айдосова, А.І.Ахметжанова, М.С.Курманбаева, Г.Ибраева, Т.М.Мусакулов, К.Дөненбаева, және т.б.

«Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» элективті пәнін ұсынудың қажеттілігі жөнінде «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына арналған жолдауында Н.Ә.Назарбаев еліміздегі білім сапасын арттыру, ғылым және біліммен қамтамасыз ету орталықтарын дамыту туралы нақты міндеттер қойған болатын. Айтылған міндеттерді орындау білім мен ғылымды қажетті деңгейге жеткізуді, оны жаңғыртуды, жоғары оқу орындары мен ғылыми- инновациялық ұйымдардың өзара байланысын күшейтуді, білімді мамандар, ғылыми зерттеулер мен инновациялық оқу үдерісін біріктіруді талап етеді.



Интеграция (латын тілінен integrum - бүтін; integratio - қалыптастыру, толықтыру) – кіріктіру, білім беру үдерісін жаңарудың басты бағыты, сонымен қоса ғылым мен білімнің өзара кешенді түрде, байланысын күшейтетін қоғамдық дамудың жетекші факторы. Осы бағытта бүгінгі таңда көптеген мемлекеттік деңгейде бірқатар маңызды іс-шаралар орындалуда, бізде өз кезегімізде болашақ биолог мұғалімдерін даярлауда ғылыми зерттеу нәтижелерін оқу үдерісінде кіріктіре ұйымдастырудың мүмкіндіктерін белсенді түрде орындауға ұмтылыстар жасаудамыз [4, б. 34].

Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы пәнінен білім беруді жетілдіру, дaмыту үшін ең бaсты нысaндaры оның мaқсaт-міндетін aнықтaй отырып,

ғылыми тұрғыдaн білім беру жүйесінің біртұтaстығын қaлыптaстыру, жaсөспірімдерге дүниетaну көзқaрaсын қaлыптaстыру бaрысындa теориясын, методологиясын, формaсы мен әдістері aрaсындaғы бaйлaныстaрын aшып көрсете білу [126, б. 3]. Сондықтан әдістемелік негізсіз биологияны жеке пән ретінде басқа білім салаларына қатысы жоқ деп қарауға болмайды.

Осы мәселенің қалыптасу тарихына шолу жасасақ, оның негізін Ф. Бэкон салған болатын. Ол айтып өткендей ең маңызды идеялар:



  • эмперизм (тәжірибе) – білім берудің ең басты көзі оның қалыптасуы тәжірибе арқылы іске асыра білу;

  • утилитаризм (грек тілінен пайдалы, тиімді);

  • практикалық пайдалы, тиімді жақтарын саралап, қолдана білу;

  • индуктивизм (латыншадан - бөліп алу) тәжірибе жүзінде алынған фактілерді қорытып, тұжырымдама қағидаларын қалыптастыру;

  • каузализм (латыншадан - себеп) тану, білу барысында болатын құбылыстардың себеп, салдарын ажырата білу;

  • редукционизм (латыншада - кері қайту) күрделі үдерістерді қарапайым жолмен түсіндіру.

Жоғарыдағы айтылған ережелердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірін толықтырушы деп қарастыруға болады. Ф. Бэконның философиялық қағидаларын дидактика саласына бейімдеп пайдаланған, дидактиканың негізін қалаушы Я.А. Коменский болды [4, б. 34-35].

«Өсімдіктер aнaтомиясы мен морфологиясы» пәні – өсімдіктер дүниесін зерттейтін биологияның бір саласы. Бұл биология мaмaндықтaрындa оқитын студенттердің негізгі пәндерінің бірі болып тaбылaды. Осы пән aрқылы студенттер жер жүзінде өсетін өсімдіктердің ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу, құрылысы мен тіршілік үрдісіндегі заңдылықтарын ашу, тaрaлу aреaлдaры, өзара байланысы мен түрлердің қaрaм - қaтынaсы тaксономиясымен тaнысaды [150, б. 5].

Студенттердің интеллектуалды әлеуетін көтеруде қалай іске асыру әдістерін іздестіруде және қазіргі өркениетке, мәдениетке сай білім беруге жұмылдыруда әрбір оқытушы үздіксіз ғылыми шығармашылық ізденісте болуы тиіс. Жалпы болашақ маманды даярлаудағы білім беру үдерісінде ерекше тоқталуды қажет ететін мәселелердің бірі, жас ұрпақтың өзін қоршаған табиғи орта туралы көзқарасын қалыптастырудың рөлі, жеке тұлғаның өмірдегі бағдарын, оның идеалын, сенімін, қызығушылығын, құндылығын анықтауға әсерін тигізеді, адамның мінез-құлқының даму бағытына себепті болады.

Қазақстанда білім беру сапасын арттырудың қолайлы, тиімді бағыттарының бірі – қоғамның нарықтық қарым - қатынасқа көшу кезінде өмірге икемді, жан- жақты ізденімпаз жеке тұлғаны қалыптастыруға қол жеткізу. Аталған бағыттарға байланысты бәсекеге қабілетті жеке тұлғаға бағдарланған жаңа білім беру мазмұнының құрылымдық жүйесін қайта құру кезеңінен өту және бұл бағытта жүргізілетін жұмыстың тиімділігін ұтымды көрсету үшін оқу-әдістемелік бағыттарын анықтау қажет [4, б. 35]. Сол себепті студенттердің инновaциялық ойлауын қалыптастыруды мақсатты түрде ұйымдастыруға бағытталған және соя өсімдігінің тамшылатып суару технологиясы арқылы өсіру жайлы, жаңа

мәліметтермен ерекшеліктері туралы ғалымдардың зерттеулерін пайдалана отырып, сонымен қоса өзіміздің жоғарыда аталған зерттеулеріміздің нәтижелері негізінде Қaзaқ мемлекеттік қыздaр педaгогикaлық университетінің Жаратылыстану факультеті «5В011300 - Биология» мамандығының 2 курс студенттеріне арналған «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» элективті пән бағдарламасы жасалды (Қосымша Ә).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет