Бәрін орындап болған соң, ақырында ең соңғы нәтиженің 8х+9 екенін ойда ұстайсың.
Ен ол «49» шықты дейді.
Ал сенің ойыңда теңдеу дайын тұр. 8х+9=49.
Мұны шешу саған оп-оңай, сен бірден оның 5 санын ойлағанын айтасың.
Ойлаған санды табу бірнеше жолмен табуға болады.
2. Мысал
Туған күнді табудың түрі .
Сіз әкеңіздің туған жылының соңғы 2 цифрын 20000-ға, туған айының нөмірін 200-ге, ал туған күнін 2-ге көбейтіп, осы үшеуін қосуды ұсынасыз.Ол сізге қосындыны айтады.
Мысалы: Сіздің әкеңіз 1977 жылы 19 қаңтарда туған болса, ол мынандай есептеулерді орындайды.