Нормативтік сілтемелер



бет5/7
Дата12.03.2023
өлшемі222,93 Kb.
#73491
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Íîðìàòèâò³ê ñ³ëòåìåëåð

Жүргізілген диагностикалық әдістемелер:

  1. «Зейін функцияларының даму деңгейін анықтау» әдістемесі (эксперименттік топ)

  2. Зейіннің нәтижелілігі мен тұрақтылығын анықтау әдістемесі ( бақылау тобы)

  3. Зейіннің шоғырлануын зерттеу әдістемесі ( эксперименттік топ)

  4. Зейіннің бөлінуі мен ауысуын анықтау әдістемесі ( бақылу тобы)

  5. Корректуралық сынақ әдісімен зейіннің таңдамалық сипатын зерттеу ( эксперименттік топ)

6. Зейіннің аумағын анықтау әдістемесі (бақылау тобы)
7. Зейінді дамытуға арналған бағдарлама (эксперименттік топ)

Анықтаушы кезең





  1. «Зейін функцияларының даму деңгейін анықтау» әдістемесі

Әдістеменің мақсаты: зейіннің қызмет кезінде қандай деңгейде жұмыс атқаратынын анықтау.
Нұсқау: сіз 2 минут ішінде төменгі бланк (1 қосымша) квадратының бос клеткаларына өсу реті бойынша сандарды қойып шығуыңыз қажет. Бұл сандар жоғары квадрат бланкісінде 25 торшада шашыраңқы орналасқан. Бағалау дұрыс жазылған сандар көлеміне байланысты орташа норма 22 сан. Жоғарғы 25. Әдістемені топтық зерттеуде қолдану ыңғайлы.


  1. Зейіннің нәтижелілігі мен тұрақтылығын анықтау әдістемесі

Оқушы зейінінің нәтижелігі мен тұрақтылығын анықтау үшін Ландольт сақиналары алынды, себебі бұл - әр түрлі жастағы балалардың зейінінің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін әмбебап құрал.


Ұсынылатын Ландольт сақиналарының көлемі жазу жолының биіктігіндей болуы ескерілген жөн. Ол үшін Ландольт сақиналары стандартты қағазға толық сыйғызылады. Парақтың оң жағында баланың аты – жөні, жасы, сыныбы жазылады.
Оқушыға Ландольт сақиналары салынған парақ беріліп, төмендегідей нұсқау айтылады: «Мұқият бол және тез жұмыс жаса» деген ойын ойнаймыз. Бұл ойында сен басқа балалармен жарысқа түсесің. Біз соңынан жарыста сенің қандай нәтижеге жеткеніңді анықтаймыз.
Бұдан соң оқушыларға Ландольт сақиналары көрсетіліп, оларды мұқият қарап, белгілі бір бағытта орналасқандарын тауып, сызу керектігі түсіндіріледі.
Жұмыс уақыты 5 минутқа созылады. Эксперимент жүргізуші әр минут сайын «тік сызық» деген сөзді айтады, өзі жұмыс жасап жатқан жерге тік сызық сызып, жұмысын одан әрі жалғастырады. 5 минут уақыт өткен соң, эксперимент жұргізуші «тоқта» деген сөз айтады. Бұл бұйрықтан соң балалар жұмыстарын тоқтатып, сақиналар салынған парақтағы келген жеріне екі тік сызық қояды. Нәтижені қорытындылау үшін эксперимент жүргізуші баланың әр минутта және барлық 5 минутта сызған сақиналарының санын анықтайды. Сол сияқты әр минутта және 5 минут уақытта жүргізілген қателер санын шығарады.
Зейіннің нәтижелілігі мен тұрақтылығы төмендегі формула бойынша есептеледі:
S=0‚5N – 2,8n /t

Формуладағы S – зейіннің нәтижелілігі мен тұрақтылығының көрсеткіші, N – баланың жалпы сызған сақиналарының саны, n – қателер саны, бөлімнің асты жұмсалған уақыт (секундпен өлшенеді).


Зейіннің нәтижелілігі мен тұрақтылығының 1 минуттағы көрсеткішін төмендегі формула бойынша есептеледі:
S1=0‚5N1 – 2,8n1 /t1

Формуладағы S1– 1 минуттағы зейіннің нәтижелігі мен тұрақтылығының көрсеткіші, N1– 1 минуттағы сызған сақиналарының саны, n1– 1 минутта жіберген қателер саны, t1– 1 минутта жұмсалған уақыт (секундпен өлшенеді).


Зейіннің нәтижелілігі мен тұрақтылығының 2 минуттағы көрсеткішін төмендегі формула бойынша есептеледі:
S2=0‚5N2 – 2,8n2 /t2
Формуладағы S2– 1 минуттағы зейіннің нәтижелігі мен тұрақтылығының көрсеткіші, N2– 1 минуттағы сызған сақиналарының саны, n2– 1 минутта жіберген қателер саны, t2– 1 минутта жұмсалған уақыт (секундпен өлшенеді).
Зейіннің нәтижелілігі мен тұрақтылығының 3 минуттағы көрсеткішін төмендегі формула бойынша есептеледі:

S3=0‚5N3 – 2,8n3 /t3


Формуладағы S3– 1 минуттағы зейіннің нәтижелігі мен тұрақтылығының көрсеткіші, N3 – 1 минуттағы сызған сақиналарының саны, n3– 1 минутта жіберген қателер саны, t3– 1 минутта жұмсалған уақыт (секундпен өлшенеді).


Зейіннің нәтижелілігі мен тұрақтылығының 4 минуттағы көрсеткішін төмендегі формула бойынша есептеледі:

S4=0‚5N4 – 2,8n4 /t4


Формуладағы S4– 1 минуттағы зейіннің нәтижелігі мен тұрақтылығының көрсеткіші, N4– 1 минуттағы сызған сақиналарының саны, n4– 1 минутта жіберген қателер саны, t4– 1 минутта жұмсалған уақыт (секундпен өлшенеді).


Зейіннің нәтижелілігі мен тұрақтылығының 5 минуттағы көрсеткішін төмендегі формула бойынша есептеледі:

S5=0‚5N5 – 2,8n5 /t5


Формуладағы S5– 1 минуттағы зейіннің нәтижелігі мен тұрақтылығының көрсеткіші, N5– 1 минуттағы сызған сақиналарының саны, n5 – 1 минутта жіберген қателер саны, t5– 1 минутта жұмсалған уақыт (секундпен өлшенеді).


Алынған нәтижелер бойынша оқушының тапсырманы орындау графигі сызылады.
График сызылу үшін зейіннің нәтижелілігі мен тұрақтылығының көрсеткіштері (әр қайсысы әр бөлек) 10 ұпайлық жүйеге келтіріледі:
S – тің мәні 1,25 ұпайдан жоғары болса – 10 ұпай;
S – тің мәні 1 ұпайдан 1,25 ұпай аралығында болса, 8-9 ұпай;
S – тің мәні 0,75 ұпайдан 1 ұпай аралығында болса, 6-7 ұпай;
S – тің мәні 0,5 ұпайдан 0,75 ұпай аралығында болса, 5-4 ұпай;
S – тің мәні 0,25 ұпайдан 0,5 ұпай аралығында болса, 2-3 ұпай;
S – тің мәні 0 ұпайдан 0,25 ұпай аралығында болса, 0-1 ұпай.
Зейіннің тұрақтылығының ұпайлық көрсеткіші төмендегідей болады:
10 ұпай – суреттегі 1 – қисық сызықпен көрсетілгендей, яғни сызбаның барлық нүктелері бір аймақта орналасады.
8 – 9 ұпай – 2 – қисық сызық түрінде, яғни сызбадағы барлық нүктелер екі аймақты қамтиды.
6 – 7 ұпай – 3 – қисық сызықпен көрсетілгендей, яғни сызбаның барлық нүктелері үш аймаққа орналасады.
4 – 5 ұпай – 4 – қисық сызық үлгісіндей сызбаның нүктелері 4 аймаққа орналасады.
3 ұпай – 5 – қисық сызықпен белгіленгендей сызбаның түрлері 5 аймақты қамтиды.
Бұл сызбада зейіннің нәтижелілігі және бала зейінін психологиялық тұрғыдан зерттеу барысында алынған қисық сызықтар берілген. Қисық сызықтардың мәні төмендегідей:
1.-.-.-.-.-.-. – үлгісінде қисық сызық зейіннің өте жоғары нәтижелілігімен тұрақтылығын бейнелейді.
2.............. – үлгісіндегі қисық сызық нәтижелілігі төмен, бірақ тұрақтылығы жоғары зейінді бейнелейді.
3. – - – - – - – - – - үлгісіндегі қисық сызық зейіннің нәтижелілігі мен тұрақтылығының орта деңгейін көрсетеді.
4.– – үлгісіндегі қисық сызық нәтижелілігі орта, бірақ тұрақтылығы төмен зейінді бейнелейді.
5.-/-/-/-/-/-/-/ - – үлгісіндегі қисық сызық нәтижелілігі орта, бірақ тұрақтылығы өте төмен деңгейді білдіреді.

Зейіннің нәтижелілігі және тұрақтылығы туралы қорытынды:


10 ұпай – зейіннің нәтижелілігі де, тұрақтылығы да өте жоғары;


8 – 9 ұпай – зейіннің нәтижелілігі де, тұрақтылығы да жоғары;
4 – 7 ұпай – зейіннің нәтижелілігі де, тұрақтылығы да орта;
2 – 3 ұпай – зейіннің нәтижелілігі де, тұрақтылығы да төмен;
0 – 1 ұпай – зейіннің нәтижелілігі де, тұрақтылығы да өте төмен.

Зейіннің нәтижелілігі мен тұрақтылығын анықтау әдістемесінің нәтижесі


Бақылау сыныбында балалардың зейінінің даму деңгейін анықтау барысында бірінші әдістеменің нәтижесі эксперимент сыныбында өте жоғары – 9 оқушы (43 %), жоғары –7 оқушы (33,3 %) көрсеткіш берсе, орташа – 1 оқушы (4,7 %) құрады, төмен – 2 оқушы (9,5 %), өте төмен 2 оқушы (9,5%) көрсетті.

  1. Зейіннің шоғырлануын зерттеу әдістемесі

Зерттеу мақсаты: Зейіннің шоғырлану деңгейін анықтау.
Құрал жабдықтар: Пьерон-Рузер тестінің бланкісі, қалам және секундомер.
Зерттеу процедурасы
Нұсқау: «Сізге шаршы, үш бұрыш, шеңбер және ромб бейнеленген тест ұсынылады. «Баста» - деген сигнал бойынша геометриялық фигураларға қатесіз сәйкес белгілерді қойып шық: шаршыға +, үшбұрышқа -, шеңберді ешқандай белгімен белгілемейсің және ромбқа нүкте қойып шық. Белгілер қатарымен қойылады. Жұмысты орындауға 60 секунд беріледі.
«Тоқта» деген сигнал бойынша белгілеуді тоқтатыңыз»
Нәтижесі:

Белгіленген фигуралар саны

Бағалау

Деңгейі

100

1

Өте жоғары

91-99

2

Жоғары

80-90,65-79

3-4

Орташа

64

5

Төмен

Нәтижесі:


Өте жоғары: 3 бала(15%)
Жоғары: 2 бала (10%)
Орташа: 13 бала (65%)
Төмен: 2 бала (10%)



4. Зейіннің бөлінуі мен ауысуын анықтау әдістемесі


Зейіннің бөлінуі мен ауысуын анықтау үшін білім алушыларға 2 – сурет көрсетіліп, қалай жұмыс жасау керектігі түсіндіріледі. Бұл жұмыс суреттегі геометриялық пішіндерге, яғни шаршы, үшбұрыш, дөңгелек, ромбтардың әрқайсысына суреттің жоғарғы жағында үлгіде көрсетілген тиісті белгілерді қойып шығу керек.


Бала бұл жұмысты үзіліссіз 2 минут аралығында орындайды. Зейіннің бөлінуі мен ауысуын төмендегі формула бойынша анықтайды:
S=0,5N-2,8n/120
Формуладағы S – зейіннің зейіннің бөлінуі мен ауысуының көрсеткіші,
N – 2 минутта тиісті белгілермен белгіленген гоеметриялық пішіндер саны, n – тапсырманы орындау барысында жіберген қателер саны.
S – тің мәні 1,00 ұпайдан жоғары болса – 10 ұпай;
S – тің мәні 0,75 ұпайдан 1,00 ұпай аралығында болса, 8 – 9 ұпай;
S – тің мәні 0,50 ұпайдан 0,75 ұпай аралығында болса, 6 – 7 ұпай;
S – тің мәні 0,25 ұпайдан 0,50 ұпай аралығында болса, 4 – 5 ұпай;
S – тің мәні 0 ұпайдан 0,25 ұпай аралығында болса, 0 – 3 ұпай;

Зейіннің бөлінуі мен ауысуы туралы қорытынды:


10 ұпай – зейіннің бөлінуі мен ауысуы өте жоғары;
8 – 9 ұпай – зейіннің бөлінуі мен ауысуы жоғары;
4 – 7 ұпай – зейіннің бөлінуі мен ауысуы орта;
2 – 3 ұпай – зейіннің бөлінуі мен ауысуы төмен;
0 – 1 ұпай – зейіннің бөлінуі мен ауысуы өте төмен.
Бақылау сыныбында келесі нәтижеге қол жеткіздік: өте жоғары – 5 оқушы (23,8%), жоғары – 6 оқушы (28,6%) көрсеткіш берсе, орташа – 6 оқушы (28,6%) құрады, төмен – 4 оқушы (19%), өте төмен – 0 оқушы (0 %) болды.



  1. Корректуралық сынақ әдісімен зейіннің таңдамалық сипатын зерттеу

Кіріспе ескерту. Зейінді лабораториялық зерттеуде кең тараған әдістердің бірі жалпы «корректуралық сынақ» деп аталумен біріктірілген бланкілік әдістер. Корректуралық сынақ әр түрлі стимулдардан: әріптерден, сандардан, геометриялық фигуралардан, байланысты немесе байланыссыз мәтіндерден т.с.с. құрастырылған. Сыналушының міндеті берілген стимулды басқа стимулдардың арасынан тауып бланкіде бір немесе бірнеше жолмен белгілеу.
Зейін таңдамалығының нақты көрсеткіші ретінде тапсырманы орындаудың дәлдік коэффициенті есептеледі. Тапсырманы орындаудың дәлдік коэффициенті (А) Уипплдің формуласымен есептеледі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет