Нормативтік сілтемелер


ІІ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНА СӘЙКЕС ОҚЫТУДА ЖАҢА ӘДІС – ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ



бет10/20
Дата19.04.2023
өлшемі218,39 Kb.
#84376
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Сералиева

ІІ ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНА СӘЙКЕС ОҚЫТУДА ЖАҢА ӘДІС – ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Оқытуда жаңа инновациялық әдістер мен технологияны қолдана отырып оқушының құзыреттілігін қалыптастыру
Латын тіліндегі «компетенс» сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты (құзіреттілікті) білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез - құлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық (құзіреттілік) маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа (құзіреттілікке) бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені, құзырлылыққа (құзіреттілікке) бағытталған үлгіде білім алушылардың өз бетімен жұмысын ұйымдастыру - басты мақсаты » - деп көрсетеді.
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге ұмтылыс бар. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, халықаралық ғалами коммуникациялық байланысқа шығу, білім беруді ақпараттандыру. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың 2 бағыты бар екендігі анықталды.

  • Ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды.

  • Ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін қамтамасыз етеді. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес,сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт беруші болып анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет