Мырзабаев А.Б., Жанарбек Г.
56
Вестник Карагандинского университета
Сонымен, оқу үрдісіндегі құзырлылық дегеніміз оқушының алған білімі мен дағдыларын
тəжірибеде, күнделікті өмірде теориялық жəне тəжірибелік мəселелерді шешу үшін қолдана алу
мүмкіндігі болып табылады.
Əдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егеменді Қазақстан. — 1999. — № 115, 116.
2. ҚР-да 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы / ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің 2006 жылғы 04
қаңтардағы №1 бұйрығы. — Астана, 2006.
3. Жумадиллаева О.А. Психолого-педагогические особенности развития творческой одаренности у детей дошкольного
возраста: Дис. ... канд. пед. наук. — Алматы, 1998.
4. Жантлеуова Ш.К. Профессиональная компетентность будущего учителя в условиях педагогической практики //
Вестник КазНУ. Сер. Педагогические науки. — 2000. — № 12. — С. 25–29.
5. Кенжебеков Б. Маманның кəсіби құзыреттілігінің теориялық негізі / Бастауыш мектеп. — 2004. — № 7. — 3–7-б.
6. Баскаев Р.М. О тенденциях изменений в образовании и переходе к компетентностному подходу // Инновации в образо-
вании. — 2007. — № 1. — С. 10–15.
7. Володина Ю.А. Компетентностный подход в подготовке школьников к профессиональному самоопределению // Психо-
логическая наука и образование. — 2008. — № 2.
8. Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту əдістемесі. — Қарағанды: «Санат-Полиграфия», ЖШС, 2006. — 344 б.
ƏОЖ 372. 874:76
«Графика жəне жобалау» пəні бойынша оқу жəне шығармашылық графикалық
тапсырмалар жүйесінің ерекшеліктері
Хасенов М.М., Қожиков Ж.А.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
В статье показано, что основным средством в организации графической и проектной деятельности
учащихся по усвоению содержания учебного предмета «Графика и проектирование» в общеобразова-
тельных школах являются системы учебных и творческих заданий. Их выполнение обеспечит усвое-
ние необходимого повышенного уровня графических знаний и умений учащихся, а значит, будет спо-
собствовать достижению цели обучения — развитию интеллектуальных способностей. Авторы рас-
сматривают методику конструирования и применения систем творческих графических задач в школе.
The main device in the organization of graphics and designing activities for students mastering the content of
the subject «Graphics and designing» in schools is a system of educational and creative assignments. Their
implementation is to ensure the assimilation of the necessary high level of graphic knowledge and skills of
students and thus achieve the learning objectives of development of intellectual abilities. The article deals
with methods of design and application systems, creative graphic tasks in school.
«Графика жəне жобалау» пəнінің оқу бағдарламасының негізінде пəннің əрбір тарауы бойынша
шығармашылық жұмыстар енгізіп, графикалық іс-əрекетті оқу шығармашылығымен байытуды іске
асыру идеясы жатыр. Сол мақсат үшін дидактикалық құрал ретінде оқушылардың жобалау іс-
əрекеттеріне жалпы дайындығын дамытатын жəне ойлау амалдарын жоғарырақ деңгейдегі
тапсырмаларды шешуге бағыттауды қамтамасыз ететін арнайы пропедевтикалық тапсырмалар
қызмет етеді. Оларға техника, сəулет өнері жəне дизайн салаларындағы жобалау іс-əрекет
элементтері бар тапсырмалар кіреді.
Бірінші категорияға оқытудың алғашқы кезеңдерінде қолдану ұсынылатын қоршаған өмірден
жəне жобалау-конструкторлық тəжірибеден алынған пропедевтикалық тапсырмалар («қызықты
проекциялар», «вербалдық жұмбақтар», «модель-жұмбақтар», «жұмбақ сымдар», «конструкторлық
жұмбақтар», «комбинаторлық жұмбақтар», «аналогтар жасау», «ойша түрлендіру тапсырмалары»,
«пішінді модельдеуге берілгендері толық емес тапсырмалар», «эвристикалық графикалық
тапсырмалар», «модельдеу жəне конструкциялау элементтері бар тапсырмалар», «тапсырма-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
«Графика жəне жобалау»…
Серия «Педагогика». № 1(65)/2012
57
ойындар» т.с.с.) жатады. Пропедевтикалық тапсырманың əрбір түрі пəннің белгілі тарауына
арналған, сондықтан оларды графикалық білімдерді қалыптастыру, бекіту жəне қолдану үшін таңдап
пайдалануға болады. Оларды шешу барысы өзінде бар тəжірибені зерделеу, аналогтарды талдау,
бастапқы берілгендерді түрлендіру, комбинаторлық мазмұндағы түрлендірулерді орындау,
эвристикалық амалдардың мүмкін қорын (ондай тапсырмалар жүйесі М.М.Хасеновтың
«Оқушылардың графикалық іс-əрекеттерінде кескіндерді түрлендіру» [1], Л.В.Павлованың «Сызуға
оқытуды дəстүрден тыс жүргізу» [2], Г.Ф.Хакимов, Р.Р.Вахитовтың «Эвристикалық графикалық
тапсырмалар» [3] атты оқу құралдарында жəне басқа да авторлардың жұмыстарында берілген)
пайдаланумен байланысты іс-əрекеттерді қарастырады. Пропедевтикалық тапсырмалар ойлау
амалдарын жоғары деңгейдегі тапсырмаларды шешуге бағыттайтын дидактикалық құрал қызметін
атқарады.
Екінші категорияға жаңа пəннің деңгейінде шығармашылық кəсіптер мамандарының
графикалық қызметтерін үлгілейтін жобалау іс-əрекет элементтері бар тапсырмалары енеді. Олардың
ішінде ортаңғы орын техникалық конструкциялаумен байланысты тапсырмаларға беріледі, себебі
олар ғылыми-техникалық прогрестің басым бағыттарынан мысалдарды пайдалануға мүмкіндік
береді. Пəннің мазмұнына ең жақын жəне оқушылардың қолынан келетіні — конструкцияның
жетіспейтін бөлігін толтыру (конструкцияны тəмамдау); прототиптерін талдау негізінде
конструкцияны жетілдіру (қайта конструкциялау); техникалық шарты бойынша (заттық-графикалық
тірекке сүйене) конструкциялау тапсырмалары.
Жоғарыда берілген нұсқауларды ескере отырып, конструкциялауға арналған тапсырмаларды
ғана емес, сонымен қатар сəулет өнері мен дизайн салаларындағы жобалау тапсырмаларын да
дайындауға болады.
Сонымен қоса шығармашылық ең басты компонент ретінде өз құрамына кескіндері бойынша
заттардың пішіні мен кеңістіктік орналасуын ойша өзгертумен байланысты түрлендіру іс-əрекетін
енгізеді, бірақ сонымен ғана шектелмейді. Адамның зияткелік іс-əрекетінің графикалық негізде іске
асырылатын бөлігін психологтар кеңістіктік ойлау деп атайды. Кеңістіктік ойлаудың негізгі
көрсеткіші ретінде оны диагностикалауда образдармен əрекет ету типін алады. Кеңістіктік
образдармен əрекет ету типтері кеңістіктік ойлаудың дамуының соңғы сатысы ретінде
қарастырылады. Кеңістіктік образдар əрекет етудің орнықтылығын анықтау үшін əрекет ету кеңдігі,
образдың толықтығы мен есептеу жүйесінің өзгеру өнімділігі (кеңістікте бағдар алу) көрсеткіштері
ескеріледі. Оқушылардың аталған зерделік қабілеттерінің деңгейін уақытында диагностикалау
графикалық жəне жобалау іс-əрекеттерінің қалыптасуы мен дамуына тиімді педагогикалық ықпал ету
шарттарының бірі болып табылады (ұсынылатын əдебиеттер тізімінен М.М.Хасеновтың
«Оқушылардың заттарды кескіндері бойынша ойша түрлендіру қабілеттерін дамыту» т.б.
жұмыстарын қара.) [4].
Тапсырмалар жүйесін дайындауда, оқушылардың жоғарыланған графикалық дайындықтарын
ұйымдастыруды ойластыруда, көрсетілген мектептегі ұйымдастырылатын оқу үрдісінің талаптарын
ескеру қажет. Мұндай тəсілде əрбір оқушыға өзінің білімінің шамасын айқындауға міндетті талап
төңірегінде, сонымен қатар жоғарылатылған деңгейдегі дайындықтарға мүмкіндік береді. Соған
байланысты тапсырмалар əр сабақтың мақсатына сəйкес жүйеде оқушылардың міндетті (ең төменгі)
жəне сонымен қатар жоғарғы деңгейдегі дайындықтарына жетуге бағытталып іріктеліп алынады.
Жүйеге əр дайындық деңгейіне сəйкес келетін бірнеше тапсырмалар кіргізуге болады. Оқушылар,
өздерінің жеке қабілеттіліктерін жəне тану мүмкіндіктерін ескере отырып, тек қана міндетті (ең
төменгі) деңгейдегі тапсырмаларды орындап қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық
(жоғарылатылған) дайындықтар деңгейіндегі тапсырмаларды орындайды.
Бізге жалпы білім беретін орта мектептердегі (əр түрлі даму кезеңдеріндегі) оқу үрдісіндегі
қолданылатын графикалық тапсырмаларды талдауда, оларды тұрғызуды анықтау барысында
(классификациялау, жүйелілеу жəне топтастыру), оқу-графикалық тапсырмаларын тұрғызу жүйесіне,
сонымен қатар оны қолданудың əдістемесіне маңызды өзгерістер кіргізуге мүмкіндік берді [5].
Тиімді деңгейдегі оқу іс-əрекетіндегі оқу үрдісінің нəтижелілігі жəне оқушылардың іскерлігі мен
дағдыларын, білімдерін қалыптастыру айтарлықтай дəрежеде арнайы дайындалған тапсырмалар
жүйесіне байланысты деп есептейміз. Төменде осы көзқарасқа байланысты оқушылардың
шығармашылық графикалық (жобалау) іс-əрекеттеріне бағытталған оқу бағдарламасындағы орынды
жəне жүйелі түрде орналасқан тапсырмалар жүйесін ұсынып отырмыз.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Хасенов М.М., Қожиков Ж.А.
58
Вестник Карагандинского университета
«Графика жəне жобалау» пəні бойынша оқу жəне шығармашылық
графикалық тапсырмалар жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |