Нормативтік сілтемелер


Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту



бет10/24
Дата22.04.2023
өлшемі126,75 Kb.
#85617
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
2.2 Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – оқушылардың қызығушылығын ояту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, зерттеуге ұмтылдыру, тұжырым жасауға үйрету. Сын тұрғысынан ойлау арқылы ойды қозғап, өзгелердің ойына сыни қарап, естігені мен білгенін салыстырады, жүйелейді, сұрыптайды, реттейді. Аталған бағдарлама оқушыны еркіндікке үйретеді. Еркіндіктің нәтижесінде сыныптастарымен күрделі мәселені шешуде пікір таластырып, қиындықты жеңудің жолдарын табады.


Сын тұрғысынан ойлау оқушыны ізденуші қылса, мұғалімді бағыттаушы қызметіне ауыстырады. Бұл бағдарлама бірнеше автордың ой еңбегі. Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл атты ғалымдар Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алып, жобаның негізін дайындаған. Сын тұрғысынан ойлауды оқушы өмірінің бір саласы деп қарастырсақ та болады. Өйткені, тек қажетті деген ақпараттарды ғана алуды, көптеген шешімдер мен таңдаулардың ішінен маңызды әрі пайдалысын алуды және жаңа тақырыпты, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмегін тигізеді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының дәстүрлі оқытудан ең басты ерекшелігі – білім дайын күйінде берілмейді. Оқушы өздігінен іздену арқылы жаңа білімді меңгереді. Сын тұрғысынан ойлау мынандай кезеңдерден тұрады: мағынаны тану, қызығушылықты ояту, ой толғаныс. Бұл кезеңдер барысында «Түртіп алу», «Топтау», «Ойлану», «Болжау», «Жұпта талқылау», «Әлемді шарлау» атты бірнеше әдістер қолданылады. Оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлауды дамытады. Оқушы мұғаліммен болса да, оқушымен болса да пікір алмасып, еркін сөйлесу форматына түседі. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту балаларға терең білім беруді көздейді. Аталған бағдарлама 1998 жылы қазан айынан бастап Қазақстан қоры жанынан іске қосылды. Әрбір ұстаздың алға қойған мақсаттарының бірі – бала бойына түрлі дағдыларды қалыптастырып, одан нәтиже шығара білу болса, бұл бағдарлама осы нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізеді. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы оқушылар мынандай дағдыларға қол жеткізе алады:
1. Оқушылар барлық мәселеге сын көзбен қарауды үйренеді;
2. Маңызды шешім қабылдап, күрделі мәселені шешуде жауапкершілік
танытады;
3. Үйрету мен үйрену дағдысы жетіле түседі;
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мұғалімдер мынаған басты назарды аудару қажет:

  1. Оқушы бойындағы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру

үшін уақыт керек екенін естен шығармаған абзал;

  1. Оқушыларға рұқсат беріп, еркіндікті сезіндіру қажет. Бұл еркіндік,

бұл рұқсат берудің нәтижесінде оқушы ойын ашық айта алады;

  1. Оқушыға әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдауды дағдыға

айналдыру;

  1. Оқушыларды қолдау. Жаңа дағдыны меңгеру барысында оқушыны қанаттандырып, белсенді іс-әрекетіне қолдау білдіру;

Білім сапасын арттыру мақсатында өз сабақтарымда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын қолданамын. Сын тұрғысынан ойлаудың тиімді тұсы оқушы өзі айтқан сөзіне, жауабына ізденудің нәтижесінде жауап береді. Дәстүрлі сабақ барысында оқушылар тек тыңдаушы болса, сын тұрғысынан ойлау технологиясының нәтижесінде ізденуші және өзінің ойын дәлелдеуші ретінде жаңа қырынан көріне бастады. Мұғалім ретінде тек оқушылардың жұмысын ұйымдастырып, бағыт беріп отырамын. Бұл бағдарлама білім деңгейін көтеруге және шығармашыл тұлға қалыптастыруға зор септігін тигізеді. Қай жағынан алып қарасақ та бағдарлама өте тиімді. Сабақ өткізу барысында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлаудың мынандай міндеттері барын анықтадым:
1. Оқушылар бірін-бірі мұқият тыңдап, ортақ қорытындыға келеді;
2. Тақырыптың түсініксіз тұсы болса анықтау процесін жүргізіп, түсіну
деңгейіне дейін жеткізеді;
3. Өз пікірін дәлелдеп, ойын айтады, қорытынды шығара алады;
4. Өз қызығушылығына өзі жауап іздеп, өз қажеттілігін өзі өтеуге
тырысады.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін түрлі әдістермен де жұмыс істеу керек. Солардың бірегейі: «Еркін жазу», «Венн диаграммасы», «РАФТ», «Қосжазба күнделігі», «Миға шабуыл», «ДЖИК СО стратегиясы» екендерін жоғарыда айтып өттік, алдағы уақытта бұл әдіс-тәсілдерге жеке-жеке тоқталатын боламыз. Бұл әдістердің ең тиімді тұсы сабаққа қатыспайтын, қалатын оқушы болмайды. Барлық оқушы сабаққа белсенді қатысады. Оқушылардың көп бөлігі мәтінді түсінеді және түсінікті етіп айтып та бере алады. Тіпті мәтінге қатысты ой-пікірін де білдіреді. Бұл әрекеттердің нәтижесінде оқушы тілі дамып, сауаттылық қалыптасады.
«Еркін жазу» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсері, жаңа ақпараты және не үйрендігі туралы өз пікірін жазады. Жазуға берілген уақыт аяқталған тұста өз жазғандарын оқиды. Бұл әдіс арқылы оқушы алған білімін қорытып, түйіндейді. Әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Келесі, «Венн диаграммасы». Бұл әдіс көпшілікке таныс әдістердің бірі. Шеңбердің екі жағына жеке қасиеттері жазылса, шеңберлер айқасқан жерге ортақ белгілері жазылады. Аталған әдістің нәтижесінде оқушылардың салыстыру дағдысы жетіле түседі. Қызығушылықтарымен қатар ойлау деңгейін арттырады.
Тағы бір айта кететін оңтайлы тәсілдердің бірі – РАФТ. Оқушылардың тілін дамытып, қиялын қозғауға арналған әдістің формасын түрлендіріп орындауға да болады. Мәтінді бірнеше рет оқып, түсіну деңгейіне жетелейді. Осы әдіс арқылы эссе жазуға бейімделіп, ресми іс-қағаздар туралы түсінігі қалыптасады.
Келесі әдістің түрі сөздік қорды молайтады. «Қосжазба күнделігі» деп аталатын әдіс арқылы оқушылар өздерінің пікірін жазып, кейіпкердің жан-дүниесіне үңіледі. Оқулықпен жұмыс істеп, бір-бірімен пікір алмасады. Нәтижесінде сабаққа деген қызығушылықтары артып, еркін сөйлеуді және жүйелі сұрақ қоя білуді меңгереді. Сын тұрғысынан ойлаудың нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жанданып, білім алу прагдимасы қалыптасады. Оқушының тұлғалық деңгейі қалыптасып, білімі арта түседі.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жинaлған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген: Джинни Стил; Куртис Мередит; Чарльз Темпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже Л. Выготский теoрияларын басшылыққа алады. Мақcаты - барлық жастағы оқушыларға кeз келген мазмұнға сыни тұрғыдан - қарап, eкі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын авторлар: белгілі бір идеялaрды қабылдай oтырып, оның неге қатысты екенін зерттеу; жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу; салыстыра алу; сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді. Aталмыш бaғдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйренудің моделі. Білімнің бoлaшақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптаcтырады. Көп ақпарaттты қабылдай жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сыни ойлау дегеніміз не? Дэвид Клустер Біріншіден, cыни ойлау-дербес ойлау. Cабақ сыни ойлау қағидаларына сүйенгенде, әр оқушы өз идеяларын, бағасын, сенімін басқалардан дербес түрде құрастырады.
Сыни ойлау тек жеке (идивидуалды) сипат алғанда ғана сыни болып табылады. Өз басымен ойлау және тіпті ең қиын мәселелерді шешу үшін оқушылар жеткілікті түрде eркін болуы қажет. Сыни ойлаудың ақтық емес, бастапқы нүктесі болып табылады. Білім уәждеме (мотивировка) тудырады, ал онсыз адам сыни ойлай алмайды. Күрдeлі ойды тудыру үшін: фактілерді; идеяларды; мәтіндерді; теорияларды; берілген жәйттерді, тұжырымдарды-қайта өңдеу керек. Cыни ойлау сұрақ қоюдан басталып, шешімді қажет ететін проблемаларды aйқындаудан басталады. Оқушылaрдың танымдық процесі өзінің әр кезеңінде танушының өз мүддесі мен мұқтажына туындайтын проблемаларды шешетін және cұрақтарға жауап беретін ұмтылысымен сипатталады.
Сыни ойлау дәйекті, көңілге қонымды дәлелдемелерге ұмтылады. Сыни ойлайтын aдам проблемaны шешуде өзіндік жолын тауып, бұл шешімді нанымды және дәйекті дәлелдермен негіздейді. Сыни ойлау-әлеуметтік ойлау. Қандай да болмасын ой басқалармен бөліскенде тексеріліп, ұштала түседі. Басқалармен пікір таласып, мәтін оқып, талқылағанда, қарсы уәж aйтып, пікірлерімізбен алмасқанда өз позициямызды айқындаймыз және тереңдетеміз. Сондықтан да, сыни ойлау аясында еңбектенетін педагогтар әрқашанда өз сабaқтарында жұптық және топтық жұмыстың сан алуан түрлерін, олардың ішінде пікірталаспен дау дамайды және де шәкірт жазба жұмыстарының әр түрлі жариялануын қолданады. Бұл технология үш кезеңнен тұрады:
- Қызығушылықты ояту;
- Мағынаны тану (Мағынаны тани білу);
- Oй толғаныс (қорытындылау)кезеңі
Қызығушылықты oяту - жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрету процесі. Бұл өткен сабақ пен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұрады. Үйрену процесі бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұйымдастырудан тұрады. Оқушы: жаңа ұғымдарды; түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырaды, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы: оқушы не біледі; не айта алатындығын анықтаудан басталады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларына шолу. Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз. Оқытуда балалардың «тұжырымдаманы» жаттап алуын негізге аламыз ба немесе осы түсініктермен не істей алатындарын негізге аламыз ба? Екінші ереже оқушылардың мазмұнға күдік келтіріп сұрақ қоюы арқылы оларға жауап іздеумен айналысуын талап етеді. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту – күрделі міндет, сондықтан когнитивті психологияның негізгі түсініктері мен тұжырымдамаларына көңіл аудару қажет. Атап айтсақ, өзімнің тәжірибемде оқу дағдысы арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуда, жас ерекшелігіне сөз таптарын оқыту бойынша оқушыларды суреттер арқылы ауызша сөйлетуге ынталандырамын. Сонымен қатар, сөйлеу арқылы жазу дағдыларын қалыптастырамын. Оқу мен жазу арқылы оқушылардың сұрақ қою арқылы білім деңгейін оңтайлы жолдармен қалыптастыра аламыз. Қазіргі жаңартылған білім мазмұнына сай, сонымен қатар 2021-2022 жылдың әдістемелік нұсқау хатына сәйкес, білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыруға сыни тұрғыдан ойлаудың тигізер ықпалы өте зор.
«Екінші буынның білім беру стандарттарының түбегейлі айырмашылығы-олардың білім беру нәтижелеріне бағдарлануы». Қазіргі уақытта мектеп белгілі бір субъективті тәжірибесі бар, үнемі өзгеріп отыратын әлем жағдайында жүре алатын еркін, дамыған және білімді тұлғаны тәрбиелеуге арналған. «Оқу процесі оқушылардың құзыреттілігінің аспаптық негізін құрайтын білім, білік және дағды жүйесін игеру ретінде ғана емес, сонымен бірге тұлғаны дамыту, рухани-адамгершілік және әлеуметтік тәжірибе алу процесі ретінде де түсініледі». Сонымен, жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың негізгі талаптарының бірі – мұғалімнің жеке тұлғаға бағытталған сабақты жобалауы. Мұндай сабақты құрудың негізгі шарттары-даралықтың, өзгермеліліктің, ашықтықтың басымдығы. Осылайша, педагогикалық қызметінде жаңа әдістер мен заманауи жалпы білім беру технологияларын қолдану қажеттілігі туындады. Ойлау процесі тапсырма немесе проблема туындаған кезде басталады, оны шешудің дайын әдісі жоқ. Егер бір нәрсені түсінуге, бір нәрсені түсінуге деген ұмтылыс болса, онда бұл жерде ойлау туралы да айтылады. «Кейде барлық жауаптарды алдын-ала білуден гөрі сұрақтар қою жақсы».
Дж.Тэрбер Бастауыш сынып оқушыларының ойлау әрекетін қалыптастыруда оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін инновациялық әдістердің бірі-сыни ойлауды дамыту технологиясы. Сыни тұрғыдан ойлау-бұл талқыланатын мәселе бойынша өз ұстанымын қабылдау және оны негіздеу мүмкіндігі, әңгімелесушіні тыңдау, дәлелдерді мұқият қарастыру және олардың логикасын талдау мүмкіндігі. «Сыни ойлауды дамыту» технологиясын ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында американдық мұғалімдер Джинни Стил, Кертис Мередит, Чарльз Темпл және Скотт Уолтер жасаған. Бізде технология 90-шы жылдардың соңынан белгілі. Ол Дж. Пиагеттің баланың ақылой дамуының кезеңдері туралы, Л.С.Выготскийдің проксимальды даму аймағы туралы және баланың оқуы мен жалпы дамуының ажырамас байланысы туралы, К.Поппер мен Р.Полдың сыни ойлауды қалыптастыру және дамыту негіздері туралы идеялары мен ұстанымдарына негізделген және т.б. Бұл технология сабақта үш кезеңнен (кезеңдерден) тұратын негізгі модельді қолдануды қамтиды: шақыру кезеңдері, түсіну кезеңдері және рефлексия кезеңдері. Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту, келесі білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған:
- әр түрлі білім салаларында өсіп келе жатқан және үнемі жаңартылып
отыратын ақпараттық ағынмен жұмыс істей білу;
- ақпаратты біріктірудің әртүрлі тәсілдерін қолдану;
- сұрақ қою, гипотезаны өз бетінше тұжырымдау;
- мәселелерді шешу;
- әр түрлі тәжірибені, идеялар мен идеяларды түсіну негізінде өз
пікіріңізді дамыту;
- өз ойларын (ауызша және жазбаша) басқаларға қатысты анық, сенімді
және дұрыс білдіру;
- өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз және басқалардың көзқарастарын
ескеріңіз;
- өз бетінше оқумен айналысу қабілеті (академиялық ұтқырлық);
- өзіне жауапкершілік алу;
- бірлескен шешім қабылдауға қатысу;
- басқа адамдармен сындарлы қарым-қатынас құру;
- топта жұмыс істей білу және т. б.

Технологияның ерекшелігі оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту:



  • пәннен тыс сипат;

  • технологиялылығы;

  • ақпаратты игеру және рефлексивті және коммуникативті қабілеттерін дамыту;

  • мәтінмен жұмыс істеу және мәтін туралы қарым-қатынас дағдыларының үйлесімі;

  • адамның өзін-өзі тәрбиелеу құралы ретінде мәтінмен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану.

Бірінші кезең-қарсыласу-міндеттері (функциялары) мынадай:
- Мотивациялық (жаңа ақпаратпен жұмыс істеуге шақыру, жаңа тақырыпқа қызығушылықты ынталандыру).
- Ақпараттық (тақырып бойынша бар білімді "бетіне" шақыру.
- Қарым-қатынас (жанжалсыз пікір алмасу).
Екінші кезең – ұғыну-қойылған мәселені шешу стратегиясын іздеу және нақты қызмет жоспарын жасау; әзірленген шешу жолын іске асыру бойынша теориялық және практикалық жұмыс. Кезең функциялары:
 Ақпараттық (тақырып бойынша жаңа ақпарат алу).
 Жүйелендіру (алынған ақпаратты жіктеу).
 Мотивациялық (зерттелетін тақырыпқа қызығушылықты сақтау).
 Үшінші кезең-Рефлексия: (рефлексия) функциялары:
 Коммуникациялық (жаңа ақпарат туралы пікір алмасу).
 Ақпараттық (жаңа білім алу).
 Мотивациялық (ақпараттық өрісті одан әрі кеңейтуге шақыру).
 Бағалау (жаңа ақпарат пен қолда бар білімнің арақатынасы, өз ұстанымын әзірлеу, процесті бағалау). Әр кезеңнің өзіндік әдістемелік әдістері мен әдістері бар, олар кезеңнің міндеттерін орындауға бағытталған. Оларды біріктіре отырып, мұғалім сабақтарды оқушылардың жетілу деңгейіне, сабақтың мақсатына және оқу материалының көлеміне сәйкес жоспарлай алады. Техниканы біріктіру мүмкіндігі мұғалімнің өзі үшін де маңызды емес – ол осы технологияны қолдана отырып, оны өз қалауына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес бейімдей отырып, өзін еркін сезіне алады. Әдістерді біріктіру технологияны қолданудың түпкі мақсатына қол жеткізуге көмектеседі оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту – балаларға тәуелсіз және сауатты ойшылдар бола алатындай және өмір бойы оқуға қуанышты болатындай етіп осы технологияны өз бетінше қолдануға үйрету. Мұғалімнің рөлі-оқушыларды тынымсыз білімге ынталандыратын және оларға өнімді ойлау дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін ойлы көмекші болу.
Сыни ойлау, ең алдымен, пікірталастарда, жазбаша жұмыстарда және мәтіндермен белсенді жұмыста қалыптасады. Оқу және жазу-біз ақпаратты алатын және беретін негізгі процестер, сондықтан мектеп оқушыларына тиімді оқып, жазуды үйрету керек. Бұл ойластырылған, нәтижелі оқу туралы, оның барысында ақпарат талданады және маңыздылығы бойынша бағаланады. Мәтін бөлінеді басым рөлі: оның оқиды, мазмұндайды, талдайды, сайып келгенде, қорытындылайды. Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясы оқушының жеке өсуіне мүмкіндік береді, баланы адамзаттың рухани тәжірибесімен таныстырады, оның ақыл-ойы мен даралығын дамытады. Технология білім беру саласындағы көптеген мәселелерді шешуге ашық. Бұл арнайы әдістер мен стратегиялардың жиынтығы, оларды қолдану студенттердің оқу мақсаттарына жету үшін тәуелсіз және саналы іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін оқу процесін құруға мүмкіндік береді. Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту мұғалімге пассивті тыңдау мен қайталауды оқушылардың білім беру процесіне белсенді қатысуына ауыстыруға және сол арқылы сабақтың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Жас ұрпақтың сыни ойлауын қалыптастыру қажеттілігі неде? Мұның себептері: Сыни тұрғыдан ойлау тәуелсіз. Бұл әр оқушыға өз бағаларын, идеялары мен сенімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне, әр бала оны айналасындағы адамдарға тәуелсіз жасайды. Егер ол жеке сипатта болса, ойлауды сыни деп атауға болады. Оқушы ойлануға Және барлық сұрақтарға, тіпті ең қиын сұрақтарға жауап табуға жеткілікті еркіндікке ие болуы керек. Егер адам сыни тұрғыдан ойласа, бұл оның сұхбаттасушысының көзқарасымен үнемі келіспейтінін білдірмейді. Бұл жағдайда ең бастысы-адамдар ненің жаман, ненің жақсы екенін шешеді. Осылайша, тәуелсіздік ойлаудың сыни түрін сипаттаудың алғашқы және, мүмкін, маңызды ерекшелігі болып табылады. Алынған ақпарат сыни ойлаудың бастапқы нүктесі болып саналады, бірақ түпкілікті емес. Білім мотивацияны құруға мүмкіндік береді. Онсыз адам сыни ойлауды бастай алмайды. Басында күрделі ой пайда болуы үшін адамның миы деректердің, теориялардың, тұжырымдамалардың, мәтіндер мен идеялардың үлкен көлемін өңдеуі керек. Бұл кітап, оқу және жазусыз мүмкін емес. Оларды пайдалану міндетті.
Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясын қолдану оқушыға ең күрделі ұғымдарды қабылдауға, сондай-ақ оның жадында әртүрлі ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді. Сыни түрдегі ойлаудың көмегімен студент мәселені тезірек қоюға және шешуді қажет ететін мәселені түсінуге қабілетті. Адам табиғаты бойынша өте қызықты. Жаңа нәрсені байқай отырып, біз әрқашан оның не екенін білуге тырысамыз. Американдық мұғалімдер әзірлеген технологияны қолдану кезінде студенттер мәтіндерді талдайды, мәліметтер жинайды, қарама-қарсы көзқарастарды салыстырады, ал ұжымда мәселені талқылау мүмкіндіктерін пайдаланады. Балалар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап іздейді және оларды табады. Сыни тұрғыдан ойлау сенімді дәлелдерді білдіреді. Бұл жағдайда адам шешімді негізделген және ақылға қонымды тұжырымдармен нығайта отырып, жағдайдан өз жолын табуға тырысады.
Қорытындылай келе, оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үнемі жазу мүмкіндігі: жақында бір нәрсе жазатын уақыт келетініне сенімді болуымен қатар, білім берушілер және білім алушылардың өзара тығыз байланысы арқылы жүзеге асатыны айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет