Нотариат (пəннің атауы) ПƏннің ОҚУ-Əдістемелік кешені


Дəріс №22. Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін басқаға беру, ақшаны



Pdf көрінісі
бет31/44
Дата13.02.2023
өлшемі448,1 Kb.
#67504
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44
Байланысты:
Нотариат-

 
Дəріс №22. Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін басқаға беру, ақшаны 
депозитке қабылдау.
Қабылданған өтініштерді беру. Ақшына депозитке қабылдау. Ақшаны депозитке 
салған адамға оларды қайтару. 
Нотариус жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке жəне заңды 
тұлғаларға берудi жеке қолхатпен немесе керi хабарламалы почта арқылы жүзеге 
асырады. Өтiнiштер телефаксты, компьютерлiк желiлердi жəне өзге де техникалық 
құралдарды пайдалана отырып та берiлуi мүмкiн. Өтiнiштердi беру үшiн техникалық 
құралдарды пайдалануға байланысты шығыстарды нотариаттық iс-əрекеттер жасауды 
өтiнген адам төлейдi. Өтiнiш берушi адамның сұрауы бойынша, оған өтiнiштiң берiлгенi 
туралы куəлiк берiледi. 
Нотариус заңдарда көзделген жағдайларда борышкерден несие берушiге беру үшiн 
ақшаны депозитке қабылдайды. Нотариус ақшаның түскендiгi туралы несие берушiге 
хабарлайды жəне оның талап етуi бойынша оған тиесiлi ақшаны бередi. Ақшаны 
депозитке қабылдауды нотариус мiндеттемелер орындалатын жерде жүргiзедi. 
Ақшаны депозитке салған адамға оларды қайтарып беруге жарна пайдасына 
салынған адамның жазбаша келiсiмiмен немесе сот шешiмiмен ғана жол берiледi. 
 
Дəріс №23. Вексель наразылығы.
Вексель. Төлемге, акцепт еместік жəне акцепттің күні қойылмағаны туралы вексель 
наразылығы. Оның құқықтық салдары. Жай жəне аударым векселіне наразылық.
Наразылықты беру мерзімі. Наразылықты жүзеге асырудың іс жүргізушілік тəртібі. 
Төлемеу, акцепт еместiк жəне акцептiң күнi қойылмағаны жөнiнде вексель наразылығын 
нотариус Қазақстан Республикасының аударым жəне жай вексель туралы заңдарына 
сəйкес жүргiзедi. 
 
Дəріс №24. Теңіз наразылықтарын жасау 
Теңіз наразылығы туралы мəлімдеме. Теңіз наразылығы туралы мəлімдеменің 
мерзімі. Теңіз наразылығы туралы акт жасау. 
Нотариус кеменiң жүзу немесе тоқтау кезеңiнде орын алған оқиғалар туралы кеме 
капитанының мəлiмдемесiн кеме иесiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн 
дəлелдемелердi қамтамасыз ету мақсатында қабылдайды, бұл мəлiмдеме кеме иесiне 
мүлiктiк талап қоюға негiз болуы мүмкiн. Теңiз наразылығы туралы мəлiмдемеде 
оқиғаның мəн-жайы мен өзiне сенiп тапсырылған мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету 
үшiн капитанның қолданған шаралары көрiнiс табуға тиiс. Теңiз наразылығы туралы 
мəлiмдемеде баяндалған мəн-жайды растап, теңiз саудасын реттейтiн заңдарға сəйкес, 
кеме капитаны нотариусқа қарап шығу үшiн кеме журналын жəне кеме журналынан 
капитан куəландырған үзiндiнi мəлiмдемемен бiрге не портқа кiрген немесе, егер оқиға 
портта орын алса, ол болған кезден бастап жетi күннен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi. 
Теңiз саудасын реттейтiн заңдарға сəйкес теңiз наразылығы туралы мəлiмдеме кеме 
портқа 
кiрген 
кезден 
бастап 
жиырма 
төрт 
сағаттың 
iшiнде 
берiледi.
Егер теңiз наразылығын мəлiмдеудiң қажеттiгiн туғызған оқиға портта болса, 
наразылық оқиға болған сəттен бастап жиырма төрт сағаттың iшiнде мəлiмделуге тиiс.


Белгiленген мерзiм iшiнде наразылықты мəлiмдеу мүмкiн болмаған жағдайда, оның 
себептерi теңiз наразылығы туралы мəлiмдемеде көрсетiлуге тиiс. 
Нотариус капитан мəлiмдемесiнiң, кеме журналы деректерiнiң, сондай-ақ 
капитанның өзiн жəне мүмкiндiгiнше кеменiң командалық құрамынан ең кемi екi куəнi 
жəне кеме командасынан екi куəнi сұрау негiзiнде теңiз наразылығы туралы акт жасайды, 
оған өзiнiң қолын қойып, мөрмен куəландырады. Теңiз наразылығы туралы актiнiң бiр 
данасы капитанға немесе уəкiлеттi адамға берiледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет