мен жерiн, мұраға құқық туралы куəлiктiң берiлуi жөнiнде өтiнiш берушi адамдарды заң
бойынша мұраны иелену үшiн негiз болып
табылатын қатынастардың болуын, мұралық
мүлiктiң құрамы мен тұрған орнын тексередi. Егер заң бойынша бiр немесе бiрнеше
мұрагердiң мұраны иеленуге тарту үшiн негiз болып табылатын
айғақтарды табыс етуге
мүмкiндiгi болмаған жағдайда, олар мұраны қабылдаған жəне мұндай айғақтарды табыс
еткен басқа мұрагерлердiң бəрiнiң келiсiмiмен мұраға құқық туралы куəлiкке
енгiзiлуi
мүмкiн.
Нотариус өсиет бойынша мұраға құқық туралы куəлiк берген кезде тиiстi
айғақтарды талап ету арқылы мұра қалдырушының қайтыс болу фактiсiн,
өсиеттiң бар-
жоғын, мұраның ашылған уақыты мен орнын, мұралық мүлiктiң құрамын жəне тұрған
орнын тексередi. Нотариус сонымен бiрге мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы бар адамдар
тобын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: