атқару нотариустарға жүктелген. Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен
фактiлердi куəландыруға, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге
асыруға бағытталған нотариаттық iс-əрекеттердi жасау арқылы жеке жəне заңды
тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заң жүзiнде бекiтiлген жүйесi.
Нотариат өз бастауын VIII ғасырдың ортасында Италиядан алды. Ол кезде
нотариаттық органдар ретінде табеллиондар институты түсінілді.
Табеллиондар дегеніміз–
мемлекеттік биліктің бақылауымен заң актілерін құрастырушы тұлғалар.
VIII ғасырдың аяғында Ұлы Карл Францияда магистратурамен тығыз байланысты
нотариатты бекітті. Бұл нотариустар шарттарды құрастырып, судьяға қол қоюға берген.
Кейінірек нотариус шарттарды куəландыруға құзырлы Мемлекеттік мөрді ұстаушыға
жəне мемлекеттік биліктің тікелей өкіліне айналды. Нотариаттық кеңседе кемінде алты
жыл қызмет еткен жəне арнайы біліктілік емтихан тапсырған тұлға ғана нотариус бола
алатын еді.
Сот билігі сот əділдігін жүзеге асырушы орган ретінде құрылғанға дейін
нотариаттың орны соттармен бір қатарда болды. Азаматтық іс жүргізу құқығының пəнін
айқындау барысында оған тек соттардың ғана емес, азаматтық құқықтарды қорғауды
жүзеге асыратын басқа да органдардың қызметін қосуға болады.
Қазіргі таңда нотариат – жариялық билікке ие болағн жəне азаматтық өкілеттіктер
жүйесіне енгізілген орган.
Достарыңызбен бөлісу: