Нотариат (пəннің атауы) ПƏннің ОҚУ-Əдістемелік кешені


Дəріс №3. Нотариат туралы заңнама



Pdf көрінісі
бет19/44
Дата13.02.2023
өлшемі448,1 Kb.
#67504
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Байланысты:
Нотариат-

Дəріс №3. Нотариат туралы заңнама 
 
Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, «Нотариат туралы» ҚР
Заңынан жəне Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметтi реттейтiн өзге де 
заңдарынан тұрады.
ҚР Əділет министрінің 1997 ж. 28 шілдеде шыққан № 539 Бұйрығымен бекітілген 
«Қазақстан Республикасының Нотариустарының нотариалдық əрекеттерді жүзеге асыру 
тəртібі туралы» Нұсқаулық. 1998 ж. 16 шілдеде шыққан ҚР Əділет министрінің №83 
бұйрығымен бекітілген «ҚР нотариалдық іс жүргізу туралы Нұсқаулық. 
Дəріс №4. 1997 жылғы 14-шілдедегі «Нотариат туралы» ҚР Заңы 
Заңға жалпы сипаттама. Нотариаттық қызметті реттеуде заңның алатын орны. 
Заңның құрылымы. 
 
Ноатриаттық қызметті реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық акт – ҚР 1997 ж. 14-
шілдедегі «Нотариат туралы» Заңы. Бұл заң Қазақстан Республикасында жүзеге 
асырылатын барлық нотариаттық іс-əрекеттердің жүргізілу тəртібін, нотариустардың 
қызметін тікелей реттейді. 
Заң 2 бөлімнен («Нотариат қызметінің ұйымдық жəне құқықтық негіздері», 
«Нотариаттық іс-əрекеттер жəне оларды жасау ережелері»), 18 тараудан жəне 105 баптан 
тұрады.
«Нотариат қызметінің ұйымдық жəне құқықтық негіздері» деп аталатын 1-бөлім 5 
тараудан тұрады. Бұл бөлімде нотариат туралы жалпы ережелер, нотариустың құқықтық 
жағдайы, нотариаттық палата, нотариаттық қызметке ақы төлеу, нотариустардың қызметін 
бақылау жəне əділет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыреті мəселелері 
реттелген.
«Нотариаттық іс-əрекеттер жəне оларды жасау ережелері» деген 2-бөлім жекелеген 
нотариаттық əрекеттердің сипаты мен оларды жүзеге асырудың тəртібі туралы ережелерді
қамтиды. 
Дəріс №5. Нотариаттық қызмет 
Нотариаттық қызмет түсінігі. Нотариаттық қызметтің пəні мен əдісі. Оның 
мақсаттары мен міндеттері. Нотариаттық қызметтің негізгі белгілері. Нотариаттық іс 
жүргізудің сатылары.


Нотариаттық қызмет - нотариустың жəне өзге де уəкiлеттi адамдардың осы Заңмен 
көзделген нотариаттық iс-əрекеттердi жасауы. Нотариустар мен нотариаттық iс-əрекеттер 
жасауға уəкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-əрекеттер жасағанда тəуелсiз болады 
жəне тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды жəне басқа нормативтiк 
құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi 
реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады. Жеке жəне заңды тұлғаларға 
олардың жасаған нотариаттық iс-əрекеттерiнің құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi.
Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-əрекеттердiң құпиясын 
сақтауға мiндеттi.Нотариаттық iс-əрекеттер туралы мəлiметтер, нотариус берген 
құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-
əрекеттер жүргiзiлген заңды жəне жеке тұлғаларға, не олардың уəкiлеттi адамдарына ғана 
берiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет