10-тақырып: Мұрагерлік құқық туралы куəлік беру. Фактілерді куəландыру. Мақсаты: Мұрагерлік құқық туралы куəліктер бері мен фактілерді куəландыру бойынша
нотариус жүзеге асыратын іс-əрекеттерді танып-білу
Негізгі сұрақтар:
1. Ашылған мұра жөнінде мұрагерлерге хабарлау. Мұраға қатысты өтініштерді
қабылдау.
2. Мұраға құқық туралы куəлік беру мерзімі мен орны, тəртібі.
3. Азаматтың тірі екендігі фактісін куəландыру. Азаматтың белгілі бір жерде болу
фактісін куəландыру.
4. Құжаттардың көрсетілген уақытын куəландыру.
11-тақырып: Құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын, қойылған қолдардың түпнұсқалығын жəне аударманың дұрыстығын куəландыру. Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін басқаға беру, ақшаны депозитке қабылдау. Мақсаты: Аталған іс-əрекеттер бойынша нотариус қолға алатын шаралармен танысу
Негізгі сұрақтар:
1. Құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын
куəландыру. Азамат берген құжат көшірмесінің дұрыстығын куəландыру.
2. Құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куəландыру.
3. Аударманың дұрыстығын куəландыру.
4. Ақшаны депозитке қабылдау. Ақшаны депозитке салған адамға қайтару.
12-тақырып: Вексель наразылығы. Теңіз наразылықтарын жасау. Мақсаты: Вексель наразылығы мен теңіз наразылығының мақсаты туралы түсіну
Негізгі сұрақтар:
1. Вексель. Төлемге, акцепт еместік жəне акцепттің күні қойылмағаны туралы вексель
наразылығы. Оның құқықтық салдары. Жай жəне аударым векселіне наразылық.
2. Наразылықты беру мерзімі. Наразылықты жүзеге асырудың іс жүргізушілік
тəртібі.
3. Теңіз наразылығы туралы мəлімдеме. Теңіз наразылығы туралы мəлімдеменің
мерзімі. Теңіз наразылығы туралы акт жасау.
13-тақырып: Дəлелдемелерді қамтамасыз ету. Құжаттарды жəне бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау. Мақсаты: Аталған іс-əрекеттердің жай-жапсарымен терең танысу
Негізгі сұрақтар:
1. Сотта немесе басқа құзыретті органда іс туындаған жағдайда дəлелдемелерді
қамтамасыз ету. Нотариустың дəлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі сі-
əрекеттері.
2. Құжаттарды жəне бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау тəртібі. Сақтауға
қабылданған құжаттарды жəне бағалы қағаздарды қайтару