Нотариус Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сəйкес басқа
мемлекеттердiң құқық нормалары негiзiнде нотариаттық iс-əрекет жасайды. Нотариус
Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сəйкес жасалған
құжаттарды қабылдайды, сондай-ақ егер бұл Қазақстан Республикасы бекiткен
халықаралық шарттарда көзделсе, басқа мемлекеттердiң заңдарында белгiленген нысанда
куəландыру жазбаларын жазады. Шетелдiк азамат өлген соң Қазақстан Республикасының
аумағында қалған мүлiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматы өлген соң
шетелдiк азаматқа тиесiлi мүлiктi қорғауға байланысты iс-əрекеттер, сондай-ақ мұраны
сенiмгерлiк басқарушыны тағайындау жəне осындай мүлiкке қатысты мұраға құқық
туралы куəлiк бepу Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жүзеге асырылады.
Нотариус басқа мемлекеттердiң құзыреттi органдары лауазымды адамдарының
қатысуымен шетелде жасалған немесе солардан шығатын құжаттарды оларды Қазақстан
Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң органы заңдастырған жағдайда
қабылдайды. Заңдастырылмаған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында жəне
халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда ғана қабылданады.
Нотариус басқа мемлекеттер органдарында iс жүргiзуге қажеттi дəлелдемелердi
қамтамасыз етедi.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан
Республикасының заң актiлерiнде көзделген нотариаттық iс-əрекеттерден өзгеше
ережелер белгiленсе, нотариаттық iс-əрекеттер жасау кезiнде халықаралық шарттың
ережелерi қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарт
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген нотариаттық iс-əрекеттер жасауды
нотариаттың құзыретiне жатқызса, нотариус нотариаттық iс-əрекеттi Қазақстан
Республикасының Əдiлет министрлiгi белгiлеген тəртiппен жүргiзедi.
Достарыңызбен бөлісу: