Кластың негізгі элементтерін жəне олардың қызметтерін қарастырайық:
–класс өрістері (класс айнымалыларының типтері мен атаулары);
– класс əдістері, класс деректерімен жұмыс жасауға арналған, белгілі бір
атауы бар бағдарлама кодының үзіндісі;
– класс қасиеттері дегеніміз - кластарға өз өрістерінің мəндерін бірбірімен
алмасуға (оқуға немесе жазуға) мүмкіндік беретін əдістердің жиыны;
– класс конструкторы дегеніміз – класс объекттерін құруға жəне класс
өрістеріне мəндерді меншіктеуге арналған кластың арнайы əдістері.
Əдетте класс деректері «бағдарлама үшін жабық болады» - private
спецификаторы
қолданылады.
Егер
деректердің
алдына
public
спецификатор жазылса, онда олар «бағдарламада» қолжетімді болады. Еш
əрекетсіз деректер мен əдістер үшін private спецификаторы қолданылады.
Объект дегеніміз – класс типіндегі айнымалы, оны құрған кезде
компьютер жадында класс элементтерінің мəндері сақталатын жеке аймақ
бөлінеді.Алайда, класта барлық объекттеріне ортақ, бір данадағы
статикалық элементтер болуы мүмкін. статикалық деректерді класс
деректері деп жиі атайды, ал қалғандарын - класс данасының деректері,
яғни объекттер.
Кластың кейбір элементтеріне (əдістеріне) жəне өрістеріне қол жеткізуге
объект құрылғаннан кейін ғана мүмкін болады. Егер рұқсат берілген болса,
оларды қолдану үшін нүкте қолданылады, мысалы, stud объектісіндегі
name
өрісіне
қол
жеткізу
үшін былай жазамыз: stud.name =
“Иванов”;.Объект үшін кластың əдісін шақыруға болады, мысалы,
stud.poisk(a);, мұнда poisk(int a) – класс əдісі, stud – құрылған объект.
Достарыңызбен бөлісу: