Round тегі негізінен жоғарыда аталған қасиеттерге сүйене отырып, Rect
ұрпағын құруға болады. Яғни бұл ұрпақты тіктөртбұрыш салу барысында
қолдануға болады. Демек, бұл сурет бейнелеу шеңберлерді бейнелеуден
əлдеқайда бөлектеніп тұруы тиіс. Сонымен, Rect Draw əдісін өзіне тəн етуі
тиіс, ата – анасынан бөлектенуі тиіс. Өзге жағдайларда Rect əдісіне
жататын Draw программасын шақыртқан уақытта экранда тіктөртбұрыш
емес, шеңбер бейнеленіп тұрады. Мұндай оқиға болмау үшін, Rect əдісіне
Draw əдісінің қасиеттерін сипаттау қажет. Сонда Round əдісіне жататын
объектілер үшін Draw мəні шеңбер болады да, Rect əдісі үшін, Draw мəні
тіктөртбұрышты бейнелейді. Draw атымен аталған əдістер əртүрлі
қимылдар үшін жауап береді.
Проектте өзіндік класс құру үшін, менюде Project - Add Class Module
(Класс модульін қосу) командасын таңдау қажет. Нəтижесінде диалогтық
терезе бейнеленеді. Бұл терезеде Class Module пунктін таңдауға болады.
Құрылып жатқан класс үшін берілгендер мəнін осы терезеде енгізуге
болады. Бірақ, Visual Basic класы арқылы VB Class Builder (VB класс
құрғыш) пунктін таңдау арқылы салған жөн болады.
Өзіндік класстар құру үшін Visual Basic- те, Class Builder (VB класс
құрғыш) əдейі құру амалы қарастырылған. жоғарыда аталған Round
класын осы амал арқылы құру əдісін қарастырайық.
VB Class Builder пунктін таңдағаннан кейін, класс құрғыш терезесі
пайда болады. Бұл терезенің сол жақ шетінде аталған проектінің өзінің
проектілері бейнеленеді. Егер класстар құрылмаған болса, онда Project 1
пункті ғана бейнеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: