«Бекітемін»
Мектеп директоры
___________________
«___» ____ 20_____ж
«Нұр Бала-2021» ЖШС негізгі орта білім беру мектебінің 2023-2024 оқу жылына арналған Тәрбие жұмысының жоспары Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Тұрсынбек Ералхан Нұржанұлы
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының негізгі басқару функциясы. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының басқару объектісі: педагог кадрлары, оқушылар және ата-аналар ұжымы. Аталған объектілерді басқару пәрменді болуы үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының өзіндік басқару қызметі алдын ала жоспарлануы қажет. Осыған байланысты «Педагог – Оқушы – Ата-ана» үштігі қызметінің дамуын қамтамасыз етуші басқару қызметінің жоспары мен мазмұнын қарастырайық.
I . Басқару қызметінің мазмұны: Педагог кадрлармен жұмыс. Мақсаты: сыныптар ұжымының қарым-қатынасын ұйымдастыру Сынып жетекшілерімен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар.
Мақсаты: кәсіби білімі мен білік, дағдысының ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру.
Мазмұны:сынып ұжымындағы тәрбие жұмысын басқару, заманауи технологиялар мен әдістерді меңгерту, ұжымдық шығармашылық істер әзірлемелерін дайындау, тәрбие сағаттарын ұйымдастыру, сыныптағы зерттеу жұмысы, оқушы тәрибелік деңгейінің диагностикасы
Негізгі формалар мен әдістер: әдістемелік бірлестіктер жұмысы, семинарлар, педагогикалық оқулар, іскерлік ойындар, дөңгелек үстел отырыстары, психологиялық-педагогикалық консилиумдар, ашық тәрбиелік шаралар.
Күтілетін нәтижелер: сынып ұжымымен атқарылатын жұмыстарда сараланған әдіс-тәсілдерді қолдану
Педагогтармен нұсқаулық әдістемелік жұмыстар:
Мақсаты: мектеп ұжымының қызметіне талдау жасау және бағалау, қойылған мақсатқа жету үшін тәрбиеге қатысушы барлық қызметкерлердің жұмысын үйлестіру
Мазмұны: нормативтік құжаттармен таныстыру, мектепте өтіп жатқан істер туралы ақпарат беру, атқарылған жұмыстар нәтижесін көрсету, талдау жасау.