Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке – бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
2- жүргізуші:
Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап, би билейтін қауым болып,
Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп.
1-жүргізуші: Алдарыңызға Яхия Айгерімнің орындауында «Ауылым» әнін тамашалаңыздар. (4 номер) 2- жүргізуші:
Салт-дәстүрмен байытылып санамыз,
Мұра қылып қалдырған-ды бабамыз.
Ізгі дәстүр ата жолға жалғанып,
Әрбір қазақ жүрегінде қалар із.
Салт сақталып, дәріптелсе дәстүрім,
Тарихта да өшпей мәңгі қалармыз.
Құт береке ертіп келдің жаныңа,
Тойлана бер, ұмытылма Әз-Наурыз.
Бақыт қонып, құт дарысын халқыма,
Жаңарып әлем, келіп Жаңа Жыл-Наурыз.
1-жүргізуші:
Мейірленіп, қол берісіп адамдар
Шырқалсын тек, ән мен жыр Наурыз.
Мерекенің шаттығынан шыға алмай,
Әз Наурызда жүздесейік дәйім біз, - дей отыра, бүгінгі «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты мерекелік шарамызды аяқтаймыз.