«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні»



бет1/3
Дата12.10.2024
өлшемі22,65 Kb.
#147884
  1   2   3
Байланысты:
«Қош келдің, әз Наурыз!» сценарий




«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні»
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт – дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер, шарлар.

Барысы:
1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен студенттер. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп жетті. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!

2 – жүргізуші:


О, жарандар, жарандар!
Бәрің мұнда қараңдар!
Наурыз тойы басталды,
Текке қарап тұрмаңдар!
1 – жүргізуші:
Оятып шың мен асқарды
Ерітіп мұз бен ақ қарды
Нұрландырып даланы
Наурыз- көктем басталды

2 – жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні – ата – баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы – бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.


Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелікк шарамызды ашып беру үшін сөз кезегі ...................................................беріледі.

1 – жүргізуші:


Армысыңдар ауылымның асылдары
Жайнаған көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары, - дей отыра, алдарыңызға колледждің бишілерінің өнерін тамашалауға шақырамыз. (1 номер)

2- жүргізуші:


Қашанда Құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.

1- жүргізуші:


Шашу, шашу көп шашайық шашуды,
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл – көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.

2 – жүргізуші: Алқа – жұртым, той – думан,


Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет