Нұр-Сұлтан – 2021 жыл Түсіндірме жазба бөлімінің мазмұны



бет9/11
Дата10.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#25231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Шатыр
Шатыр – ғимараттың жоғарғы қоршаушы құралымы. Ол екі бөліктен оқшаулағыш қабаттан (шатырдан) және осы қабатқа түсетін қардың, желдің және шатыр салмағын қабырғаларға немесе қаңқаға тарататын көтергіш бөліктен (итарқалардан, фермалардан, жүгіртпелерден, қабырғалардан және т.с.с.) тұрады.

Біздің ғимаратымызда екі еңісті сүйемелі итарқасы бар шатыр қолданамыз. Оның бір бөлігін төменде суретте көрсетілген.

1- шатыр аражабыны

2- мауэрлат, оны итарқаның төменгі бөліктеріне сүйеу болатын және ғимараттың шатырынан түсетін жүктемені тарату үшін орналастырамыз. Мауэрлетіміздің өлшемі 140х140мм болады.



3- кобылка, оны шатырдың құламасын түзетуге орналастырамыз.

4- итарқа, еңіс төбе жабындысының көтергіш құрылымы.

5-торлама, ол тақтайша итарқаға тұтас қағылады, сосын торламаға төбе элементтері бекітіледі. Торламаға қолданылатын тақтайшамыздың өлшемі 50х50 мм болады, олардың арақашықтығы 300мм етіп қағылады.



Шатырымызға итарқаларды көтеріп тұру үшін оның астына п тәрізді етіп тірегіштер және көмекші тірегіштер орналастырамыз. Өйткені ғимаратымызға әр түрлі жүктемелер түседі. Шатырға біз металл черепица қолданамыз.


Шатыр жоспары

Шатырдың өлшемдері шатыр жоспарында көрсетілгендей болады. Шатырымыз қабырғадан 600мм сыртқа шығарылады, оның себебі шатырдан түсетін жаңбырдың, қардың сулары қабырға астына түспеуі үшін. Сызбада көрсетілген бағыттаушы сызықтар ол шатырға түскен жүктеменің қай жаққа бағытталуын көрсетеді. Шатырымыздың биіктігі 3 м болады. Шатырымыздың барлық бөліктері ҚР ҚН сай жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет