Есіктер мен терезелер............................................................................12
Баспалдақтар...........................................................................................13
Шатыр.......................................................................................................15
5.Пайдаланған әдебиеттер................................................................................17
Кіріспе
Бұл жұмыстың негізгі мақсаттарына ғимараттың толықтай жобаланып және максималды типтік конструкцияларды қолданып қай жағынан алғанда да барынша берік және қолдануға ыңғайлы етіп жобалауды үйрену.
Курстық жобаның негізгі мақсаттары:
Осы заманғы тұрғын жобалаудың жолдармен танысу.
Бұл өзіндік жұмыс кезінде барынша мемлекеттік нормативтер, ережелермен және ҚР ҚН танысып техникалық кітаптарды қолданып, жұмыс істеп үйрену.
Негізгі алынған теориялық білімді курстық жобада, яғни практикада қолданып, бар білімді қатайту.
Курстық жобалау кезінде көптеген талаптарды ескеру қажет. Олар: көлемдік-жоспарлау жұмыстары, конструктивті - архитектуралық, өндірістік- технологиялық шешімдерді бір-бірімен келістіріп және оны индустрия талаптарына сай етіп міндетті түрде экономикалық жағын ескеру қажет. Сонымен қатар ғимарат толықтай отқа төзімді, экологиялық таза және санитарлы -гигиеналық жағынан бірыңғай ережелермен сай болып жобалану керек.
Сонымен қатар, ғимарат жоғарыда айтылғанды ескере отырып салынғандықтан, көбінесе типтік ғимараттар сияқты көрінеді, яғни демалатын орындар, баспалдақтар, сыртқы көлемдік көрінісі және инженерлік жүйелері. Бірақ, бұл ғимарат бойынша функционалдық жағынан орналасқан жерінен өзгеше болып келеді және әдеміліктің заңдарымен салынған.
Құрылыс процесі деп құрылыс алаңында өтетін және түпкі мақсаты үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу, қайта құру, жөңдеу, жаңғырту, ажырату және жылжыту өндіріс процестерін айтады. Құрылыс процестерінде заттар мен еңбек құралдары қатысады. Сонымен, жұмысшылар әртүрлі техникалық құралдар көмегімен еңбек заттарына ықпал етіп, материалдық элементтерінен құрылыс өнімін жасайды.
Негізінен ғимарат дегеніміз бұл жер бетіндегі имарат, ішкі қуыс кеңістігі бар, өмір сүруге, қызмет етуге, қоғамның және адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.
Бас жоспар
Бас жоспар салынып жатқан белгіленген жер телімінің негізгі документі болып табылады. Бас жоспарға топографиялық негізінде салынған горизантальдар белгіленеді. Бас жоспарда территорияда салынған және салынатын ғимараттар мен имараттардың қайта құрылатын бөліктері, бұзылатын ғимараттар көрсетіледі. Жаңадан салынатын ғимараттар олардың функционалдық, техникалық және өрт қауіпсіздігіне және санитарлық нормаларына сай салынады.
Бас жоспарда құрылыс салынып жатқан жер телімінің шекаралары, қосалқы құрылыстар, жасыл-желектер, әртүрлі алаңдар, жолдар мен өткелдер суреттеледі.
Курстық жұмыстың сызбасының көрсетіліп отырған 2 қабатты тұрғын үйдің бас жоспарына келетін болсақ, онда тек салынғалы жатқан ғимараттың аймағы ғана көрсетілген. Бұл бас жоспарда ғимараттың өзі ғимаратты қоршай орналасқан тұрғын үй дуалы, тұрғын үй алдында орналасқан демалатын орындар мен жолдар және көк шалғындар көрсетілген. Үйдің сыртқы өлшемдері –14,63*9,6м алып жатыр.
Қарастырылып отырған екі қабатты тұрғын үй ҚР ҚН 3.02-01-2018 бойынша 1 класстағы тұрғын үйлерге жатады. Берілген тұрғын үй ғимараты – Қазақстан Республикасының елордасы Нур-Султан қаласына арналған. Жел бағыты – солтүстік-шығыс. Құрылыс жүргізу алаңы – құрғақ, жер асты сулары деңгейі жер бетінен 6м тереңдікте орналасқан. Жер бедері – жазық. Ғимараттың жағалай жасыл желек, бұта тектес ағаштар отырғызылады, жолды жағалай газон егіледі. Тұрғын үйдің айналасында демалыс орны жоспарланған. Демалыс орнында ағаштар мен көк шөп отырғызылып, орындықтар қойылады.
Тұрғын үйдің бас жоспарында автокөлік жолдарының ені – 6м, жаяу жүргінші жолдарының ені - 0.75м, ал демалыс орындарының жолдары -1.4м.
Нур-Султан қаласының климатологиясы
Климаты – тым континенттік, қысы суық, аязды. Ызғарлы аяз шамамен 245 күнге, ал қыстың ұзақтығы 5-5,5 айға созылады. Қарашаның ортасына қарай түскен қар 130-140 күнге дейін жатады. Қаңтар айының орташа температурасы -17°С (52°С-қа көтерілетін аяз өте сирек болады). Аязды күндердің орташа температурасы -25°С. Мұндай күндердің ұзақтығы жылына 10-14-тен 38-45 күнге дейін ауысып отырады. Қыс айларының шамамен 30 күні боранды, боран оңтүстік-батыстан соғады. Бұлтты күндер көп, жылына шамамен 2200 сағаттай күн бұлтсыз ашық болады. Жазы ыстық, қуаң. Шілде айының температурасы ең жоғарылаған кезде +42°С -ға жетеді. Ең жоғары температура шілденің 11-12 күнін қамтиды. Жылы мезгіл шамамен 213 күнді, аязды мезгіл 120 күнді құрайды. Жазғы найзағалы күн саны шамамен 19-25 күн аралығында, ұзақтығы 2,4 сағат. Жазда 1-2, кейде 4-9 күндей бұршақ жауатын мезгіл байқалады. Жел жиі соғады, орташа жылдамдығы-2м/сек. Желдің қаттырақ соғатын мезгілі наурызға (6 м/сек), баяу соғатын мезгілі тамызға (4 м/сек) келеді. Ал жылына 40 кейде 87 күн қатты жел соғатын (15 м/сек жуық) тұсы болады. Өте күшті дауыл (36 м/сек) 20 жыл мөлшерінде бір рет байқалған.
Жел розасы құру үшін мәліметтер
Достарыңызбен бөлісу: |