Есіктер мен терезелер
Терезелер конструкциялары өте қажетті және бөлмелердің ішін жарықтандырумен қамтамасыз етеді. Бұдан басқа олар бөлмелердің дыбыс оқшаулаумен және жылу оқшаулаумен қамтамасыз етеді. Терезе блогы қораптан, жақтаулардан және екі ретті терезелендіруден тұрады. Терезе блоктары ағаш тығындарға қондырылады. Ал ағаш тығындар панельдердің шеткі іргелерінде немесе қосалқы бөлшектерінде орналасады. Қосалқы бөлшектер ұстындарға, қабырға панельдеріне немесе сыртқы қабырғалардың элементтеріне бекітіледі. Терезелер ҚР ҚН 2.04.04-2011 бойынша дайындалған. Біз ғимаратымызда 4 түрлі терезелер қолданылады. Олар арнайы тапсырыс бойынша ағаштан жасалады. Терезелеріміздің биіктіктері 2300мм, 2000мм болып келеді. Терезелердің ұзындықтары 1800, 1600, 800, 2000 мм болады. 1800х2000 мм өлшемді терезелер саны бірінші қабатта 4; 800х2300 мм өлшемді терезелер саны бірінші қабатта 3; 2000х2300 мм өлшемді терезелер саны бірінші қабатта 1. 2. Тереземіз нөлдік деңгейден 700мм және кейбіреулері 400мм ден жоғары орналастырылады.
Есіктер – ғимаратқа кіріп шығу және бөлмелерді бір-бірінен оқшаулау үшін қажетті. Екі корпустың ішкі және сыртқы есіктері бітеу. Есіктер қораптан тұрады және қорап рама тәрізді болып келеді. Оны сыртқы қабырғалардағы және аралық қабырғалардағы есіктер аралықтарына қондырылады. Тығындар антисептикамен жағылу керек және төлеммен оралу тиіс. Терезе және есіктерді орнату үшін терезе және есіктерге арналған арнайы ойықтарға ағаш брустан өлшемі 50х150 мм-лік жақтау жасалынады. Жақтаулар ауа-райына байланысты әртүрлі берік материалдардан жасалады. Біздің ғимаратымызда үш түрлі есіктер қолданылады олда арнайы тапсырыс бойынша жасалады. Ғимараттың ішіне қойылатын есіктер өлшемі 800х2000 мм, ғимарат сыртына қойылатын есіктердің өлшемі 1200х2000, жуынатын бөлме есігі 800х2000 мм болады.
Есік терезелердің барлығы ағаштан, арнайы тапсырыс бойынша жасалады. Есік терезелер арнайы сырлағыштармен сырланады.
Есіктер саны бірінші қабатта 5- 800х2000 және 1есік 1200х2000.Ал екінші қабатта есіктер саны 5-800х2000.
Достарыңызбен бөлісу: |