Баспалдақтар
Баспалдақтар – ғимараттың қабаттарын қосатын құрылымдық элемент. Баспалдақтар нұсқалары бойынша тура, ауыспалы, қисық сызықты, айналмалы болып бөлінеді. Баспалдақ маршы – екі баспалдақ алаңшасынан тұрады. Ғимаратымызда жоспарланған баспалдағымыздың жоспары:
Ғимаратымыздың баспалдақтары екі марштан тұрады. Екі маршты етіп алумыздың себебі, егер біз бір маршты етіп алатын болсақ баспалдағымыз өте жоғары болып кетеді сол себепті екі маршты етіп аламыз. Баспалдақты арнайы сниптерге сай саламыз. Баспалдақ дұрыс жоспарланбайтын болса, адам баспалдақты пайдаланған кезде ол тез шаршайды. Егерде дұрыс жоспарланатын болса, адамдар баспалдақты пайдаланған кезде олар тез шаршамайды және ыңғайлы болады. Жасалатын материалына келетін болсақ баспалдақ темірбетоннан жасалады. Жасалуына байланысты тұтас құймалы болады. Әрбір баспалдақ марштан және алаңнан тұрады. Марш негізінен сатылардан жиналған құралымды құрайды. Сатылар арқалыққа – көлбеу арқалыққа асылады. Баспалдақтардың ұзындығы 925 мм болады. Маршта сатының саны 10, сатының биіктігі 150 мм, ал ені 300 мм болады.
Ғимаратқа кіретін баспалдақтар жайлы айтайық. Біздің сыртқы жақтан ғимаратқа кіретін екі баспалдақ бар. Олардың биіктіктері 150 мм болатын үш сатыдан тұрады, ал сатылардың ені 3090 мм және 1440 мм болады. Ол темірбетоннан жасалады. Оның жасалу тәсіліне байланысты тұтас құймалы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |