Нұр-Сұлтан қаласы №64 мектеп-лицей Муканова Салтанат



Дата07.08.2022
өлшемі396,23 Kb.
#38073

Нұр-Сұлтан қаласы
№64 мектеп-лицей

Муканова Салтанат
10-сынып
Әдебиет
Абай өлеңдеріндегі мәңгілік құндылықтар сипаты
Бағыты: Әдебиеттану
Жетекшісі: Шотпаева Алтынгүл Бахреденқызы,
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Ғылыми жетекшісі: Байтанасова Қарлығаш Медетовна,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры
Нұр - Сұлтан- 2022
Зерттеу мақсаты: ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық қасиеттерімізді тереңнен зерттеп білу. Ұлы Абайдың шығармаларын оқу арқылы мәңгілік құндылықтардың мәнін терең түсініп, өмірлік азық алу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Абай мұрасындағы ұлттық құндылықтардың негізгі мазмұны мен маңыздылығын анықтау.
2. Жас ұрпаққа Абай шығармаларының маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіру 
Зерттеудің тәжірибелік маңызы:
Ұлттық құндылығымызды қастерлеу, рухани нәр алу, сыныптастарыма насихаттау
Ұлы Абай шығармаларындағы
ұлттық құндылықтарымыздың сипаты
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» – елге деген махаббат
Салт-дәстүріміз
Ұлттық мәдениет
Рухани-имандылық тәрбиесі
Спорт өнері
Саятшылық
Білім, өнер, ғылым
Ұлттық құндылықтарды ұлт санасына, ұрпақ санасына сіңіруде Абай арнасының атап айтсақ, Абайдың ақындық айналасының, соның ішінде поэзиясының алатын орны ерекше. Қазақ халқындағы ұлттық құндылықтардың көпшілігі дерлік Абай поэзиясында орын алады. Ұлттық құндылықтар дегеніміз, ең бірінші адамды тәрбиелеуден басталады. Ұлы Абайды оқыған әр ұрпақ, ұлттық құндылықтардың мәнін терең түсініп, өмірлік азық алады деп ойлаймын. Ұлы хакім Абай – қазақ үшін рухани құндылықтардың символы. Абай өлеңдерін талдай келе, онда тәрбиелік арналардың қайнар көзі жатқандығына көз жеткіземіз. Ұлы ақынның әрбір айтқан сөзі – есті адам үшін өсиет-өнегенің таптырмас үлгісі. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!» демекші, өмірге азық боларлық асыл ойлардың Абай жырларында тұнып тұрғаны баршаға мәлім.
Адам бол!
Адам болу – шын мәнісінде азамат болу, қара бастың қамы емес, елінің қамын, халқының қамын ойлайтын нағыз азамат болу.
«Егіннің ебін,
Сауданың тегін үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол – бай тап,
Адам бол – мал тап,
Қуансаң, қуан сол кезде...» деп, байды да, кедейді де адамдыққа, адамгершілікке шақырады.
Ұлттық құндылықтардың бірі – дініміз
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп сен тәхқиқ бол» - деген шумағында дін-иманның, тағат-ғибадаттың негізгі қағидасын анықтайды»
Ұлттық құндылықтарымыздың бірі, қазақ салт-дәстүрінің көнеден қалған көзі, қазіргі тілмен айтқанда спорттық өнердің бір түрі – саятшылық. Саятшылық – жыртқыш құстарды аңға салу, қазақ халқындағы өте ерте замандардан келе жатқан спорттық өнер.
Қорытынды
Абай – қазақ халқының шамшырағы!
Пайдаланылған әдебиеттер:
 
  • Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Поэмалар.

  • Қара сөздер. – Алматы, 1995.
    2. Абай энциклопедиясы. – Алматы; Атамұра, 1995.
    3. Абай қара сөздері. – Алматы: Көшпенділер, 2007.
    4. Әуезов М.Абайды білмек парыз ойлы жасқа.
    -Алматы: Санат, 199, 416 б.
    5. М. Әуезов. Абай Құнанбаев. - Алматы: Санат 1995.
    6. Қ. Бітібаева. Абай шығармашыларын оқыту. - Алматы: Атамұра, 2003.
    7. Бітібаева Қ. Мектепте Абай шығармаларын оқыту. - Өскемен: Б.ж., 1994.- 180 б.
    8. Рухани жаңғыру жобасының ақпараттық порталы.
    9. Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі. - Алматы: Қазақстан, 1993.- 128 б.

Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет