Нұр-Сұлтан қаласы, №71 мектеп-лицейі



Дата15.04.2023
өлшемі170,96 Kb.
#83039
Байланысты:
32-33 сабақ Судың иондық көбейтіндісі

Нұр-Сұлтан қаласы, №71 мектеп-лицейі


www.astana-modern.kz
Тақырыбы: Судың иондық көбейтіндісі
11- сынып
ЖМБ
Химия пәні мұғалімі: Бурыш Меруерт
  • 11.3.4.2- судың иондық көбейтіндісін білу;
  • судың иондық көбейтіндісін біледі;

Оқу мақсаты
Бағалау критерийлері
Ксу – судың иондық көбейтіндісі
Су әлсіз электролит, электр тоғын нашар өткізеді, тек аздап қана диссоциацияға түседі:
2Н2О ↔ H3О+ + OH- немесе Н2О ↔ H+ + OH- деп жазады.
Судың электр өткізгіштігін өлшеу арқылы сутек- және гидроксид- иондарының концентрациясы 10-7моль/л екендігі анықталған.
Сутек иондары мен гидроксид иондарының концентрациясының көбейтіндісі судың иондық көбейтіндісі деп аталады:
Ксу = [H+]× [OH-]
250 С-та Ксу тұрақты шама:
Ксу= 10-7∙10-7 = 10-14
https://bilimland.com/upload/content/platform_lessons/L_11477/33.mp4


Ксу – судың иондық көбейтіндісі


Электролиттердің судағы сұйылтылған ерітінділерінде судағыдай сутек H+ иондары мен гидроксид иондарының концентрацияларының көрсеткіші осы температурада тұрақты мәнге ие.
К = [H+]× [OH-]/[H2O] = 1,8×10-16 екендігі 22°С температурада анықталған.
[H+]× [OH-] = [H2O]×1,8×10-16
осыдан [H+]×[OH-] = Ксу – судың иондық көбейтіндісі.
Температура өзгермесе бұл шама Ксу = [H+]×[OH-] = 10-7 × 10-7, яғни 10-14 болады немесе 1литр суда 1000:18 = 55,56моль болғандықтан:
[H+]×[OH-] = [H2O]×К = 55,56×1,8×10-16 = 10-14
https://bilimland.com/upload/content/platform_lessons/L_11477/35.mp4
Kсу температураға қатысты өзгеруі
Температура артқан сайын судың диссоциациясы артады, сәйкесінше, Kсу артады, температура азайғанда керісінше болады.
Кесте. Судың иондық көбейтіндісінің температураға қатысты өзгеруі
Сутек және гидроксид иондарының концентрациялары
Сутек және гидроксид иондарының концентрациялары бірдей, әрқайсысы 10-7г-ион/л тең.
Егер, мысалы, таза суға қышқыл қосып сутек иондарының концентрациясын 10-3моль/л дейін көтерсе, гидроксид иондарының концентрациясы кемиді, өйткені [H+][OH-] көбейтіндісі 10-14 өзгермейді. Демек, бұл ерітіндіде гидроксид иондарының концентрациясы
[OH-] = 10-14/10-3 = 10-11моль/л болады.
Керісінше, ерітіндіге сілті қосып гидроксид иондарының концентрациясын 10-5 дейін көтерсе, онда сутек иондарының концентрациясы
[H+] = 10-14/10-5 = 10-9 моль/л болады.
Сутектік, гидроксидтік көрсеткіш
рН = − lg [H+]; рОН = − lg [ОH-]
Мысалы,
егер [H+] = 10-3моль/л болса, рН= 3; егер [H+] = 10-10моль/л болса, онда рН = 10 т.с.с., осылай болғандықтан нейтрал (бейтарап) ерітіндіде рН = 7 болады,
қышқыл ерітіндіде рН < 7,
ал сілтілі ерітіндіде рН > 7.
Сонда рН + рОН = 14 болады.
Есептердің шығарылу жолы
1-мысал. Егер сутегі иондарының концентрациясы 4×10-3 моль/л болса, ерітінді рН қанша?
Шешуі: pH = − lg[H+] = −lg (4×10-3)= ‾3,60 = − (−3 + 0,60) = 2,40.
2-мысал. Егер ерітіндінің рН-ы 4,60 болса, ерітіндідегі сутегі иондарының концентрациясы қанша болады?
Шешуі: Мына формула бойынша pH = − lg[H+] = 4,60. Олай болса, lg[H+] = − 4,60 = ‾5,40, одан [H+] = 2,5×10-5моль/л.
Бекіту тапсырмасы
1-тапсырма
Егер ерітіндінің рН-ы 10,80 болса, гидроксид-иондарының концентрациясы қанша болады?
Дескриптор:
  • гидроксид-иондарының концентрациясын есептейді;

Дұрыс жауап
1-тапсырма
Егер ерітіндінің рН-ы 10,80 болса, гидроксид-иондарының концентрациясы қанша болады?
Шешуі: Мына қатынастан рН + рОН = 14; pH = 14 – 10,80 = 3,20.
Одан − lg[ОH-] = 3,20 немесе lg[ОH-] = − 3,20 =‾4,80,
сонда [ОH-] = 6,31×10-4 моль/л.
Дескриптор:
  • гидроксид-иондарының концентрациясын есептейді;

Бекіту тапсырмасы


2- тапсырма

18°C температурада Mg(OH)2 ерігіштігі 1,7×10-4моль/л, осы гидроксидтің ерігіштік көбейтіндісін есептеу керек.


Дескриптор:
- гидроксидтің ерігіштік көбейтіндісін есептейді;

Дұрыс жауап


2-тапсырма
18°C температурада Mg(OH)2 ерігіштігі 1,7×10-4моль/л, осы гидроксидтің ерігіштік көбейтіндісін есептеу керек.
Шешуі: Mg(OH)2 ерігенде оның әр молінен ерітіндіге 1 моль магний ионы және екі есе көп ОH- өтеді, олай болса, Mg(OH)2 қанық ерітіндісінде [ОH-] = 3,4×10-4 моль/л, [Mg2+] = 1,7×10-4 моль/л болады.
Одан, ЕК Mg(OH)2 = [Mg2+]∙[ОH-]2 = 1,7×10-4 × (3,4×10-4)2 = 1,96× 10-11
Дескриптор:
  • гидроксидтің ерігіштік көбейтіндісін есептейді;

Қорытынды


Бүгінгі сабақта:
  • судың иондық көбейтіндісін білдім;

Оқу тапсырмасы

  • Дені сау адам қанының сутектік көрсеткіші 7,35. Қатты безгек кезінде ол көрсеткіш 5,9-ға дейін төмендейді. Бұл кезде қандағы сутегі иондардың концентрациясы нешеге есе жоғарылайды?

Сабаққа қажетті ресурстар


М.Қ. Оспанова Қ.С. Аухадиева Т.Г. Белоусова
Химия 11 сынып 2-бөлім ЖМБ
https://bilimland.com/upload/content/platform_lessons/L_11477/35.mp4

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет