Нұр-сұлтан қаласы әкімідігінің «білім беруді жаңҒырту орталығЫ» мкқк білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі



Pdf көрінісі
бет2/37
Дата16.01.2023
өлшемі1,56 Mb.
#61537
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Кіріспе 
Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының 
парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың 
талабына сәйкес дамуы тиіс. Білім алушылардың білім жетістіктерінің 
мониторингін жүргізу жаңа өзгерістерді қажет етеді.
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі Қазақстан 
Республикасының 2007 жылғы 24 шілдедегі (2021 жылғы 8 қаңтардағы 
өзгерістер және толықтырулармен) «Білім туралы» Заңының 55-бабының 4-
тармағына сәйкес. Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау 
Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың 
білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) болып өзгертілді. 
Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ білім беру 
ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі бақылау, бастауыш және 
негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына 
сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады. 
ББЖМ әдістемелік көмек көрсету және білім беру сапасын қамтамасыз 
ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, дайындық пен өткізуді, тестілеу 
нәтижелерін өңдеу мен жүйелі талдауды қамтиды. 
ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, 
оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы, 
математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 
жүргізіледі. 
4-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:
Оқу сауаттылығы – 10 тест тапсырмасы; Математикалық сауаттылық – 
12 тест тапсырмасы; Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 8 тест 
тапсырмасы. 
Тест тапсырмаларының форматы: бір дұрыс жауапты таңдауға 
арналған.
Тестті орындау уақыты – 75 минут (1 сағат 15 минут). Максималды 
балл – 30. 
ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана 
отырып, функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: математикалық 
сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, 
қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізіледі. 
9-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:
Оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі), әр тіл бойынша 
10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы; Математикалық 
сауаттылық – 13 тест тапсырмасы; 
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, 
география), әр пән бойынша 2 контекст негізінде 8 тест тапсырмасы, барлығы 
32 тест тапсырмасы. Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты 
таңдауға арналған. Тестті орындау уақыты – 150 минут (2 сағат 30 минут).
Максималды балл – 75. 


 Педагогтер мен оқушылар және ата-аналардың сұранысы бойынша
жинағы құрастырдық. 
Таңдау пәнінде бір дұрыс жауапты және бірнеше дұрыс жауапты 
сұрақтар енгізілген. 
Бұл білім деңгейін толық және терең бағалайтын ой қорытуды, 
салыстыруды қажет ететін тапсырмалар. Оқу сауаттылығы бойынша 
ұсынылатын тапсырмалар оқушының функционалдық сауаттылығын, тілдің 
прагматикалық қызметінің қоғамдық-әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі
және шешендік үрдістегі рөлін меңгеруін тексереді, Ал математикалық 
сауаттылық қарапайым логикалық сұрақтармен математиканың негіздік 
білімін тексеру сұрақтарынан құралады. 
Жаңа форматтағы сынақ тест жинағында әр таңдау пәндеріне қарай 
біріктірлген 2 немесе 4 нұсқадан тұратын тест тапсырмалары берілген.
Бұл ең алдымен педагогтерге және оқушыларға әдістемелік көмек, 
жаңа форматтағы тестке дайындалуға бағыт болсын деген ой.
Барлық білім алушыларға сәттілік!!! 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет