Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері - Нұр-Сұлтан қ., 2022. – 89 б.
Білім беруді жаңғырту орталығының жаңа үлгідегі тестер жинағында берілген тест тапсырмаларының мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасына негізделген. Тест жинағы таңдау пәндеріне қарай біріктіріліп жаңа форматта жасалған. Жинақ оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, география, биология, химия ағылшын тілі пәндері бойынша жасақталған тест сұрақтарынан құрастырылған.
Тест жинағы оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингін жүргізуге арналған.
Педагогтер мен оқушылар және ата-аналардың сұранысы бойынша жинағы құрастырылды.
Таңдау пәнінде бір дұрыс жауапты және бірнеше дұрыс жауапты сұрақтар енгізілген.
Бұл білім деңгейін толық және терең бағалайтын ой қорытуды, салыстыруды қажет ететін тапсырмалар. Оқу сауаттылығы бойынша ұсынылатын тапсырмалар оқушының функционалдық сауаттылығын, тілдің прагматикалық қызметінің қоғамдық-әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі және шешендік үрдістегі рөлін меңгеруін тексереді, Ал математикалық сауаттылық қарапайым логикалық сұрақтармен математиканың негіздік білімін тексеру сұрақтарынан құралады.
Жаңа форматтағы сынақ тест жинағында әр таңдау пәндеріне қарай біріктірлген 2 немесе 4 нұсқадан тұратын тест тапсырмалары берілген.
Бұл ең алдымен педагогтерге және оқушыларға әдістемелік көмек, жаңа форматтағы тестке дайындалуға бағыт болсын деген ой.
Барлық білім алушыларға сәттілік!!!