Нұр-сұлтан қаласы әкімідігінің



бет3/32
Дата16.10.2023
өлшемі217,39 Kb.
#116137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Нұр-сұлтан қаласы әкімідігінің-emirsaba.org

І нұсқа



Оқу сауаттылығы
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
Әкесі көзі шоқтай жайнаған тарғыл күшікті үйге жетектеп келген кезде, Қуаныштың қуанышында шек болған жоқ.
Бос уақытын қайда жұмсарын білмей, әр нәрсеге ұрынып жүретін Қуанышқа ермек табылды... Негізгі міндеті - Таймастың итаяғына күніне екі мәрте тамақ құйып тұру. Бұл жұмысты алғашында ықыластана атқарды. Таймас - долылығы жоқ, заты жуас күшік. Көзін бір ашып, бір жұмып, үйшігінің алдында жатады да қояды. Күшігін бағып-қағуға алғашында құлшына кіріскен бала шамалы күннен соң ептеп салақси бастады.
Бір күні ойыны әбден қанған бала үйге кештетіп келгенде, сұлық жатқан Таймас орынан қыңсылай көтерілді. Қараса, алдындағы итаяғы жылан жалағандай тап-таза, иттің де іші қабысып тұр. Оның өзіне үміттене, дәмете көз тастағанын көріп, Қуаныштың екі беті ду ете түсті. Өзіне барлай қараған Таймастың көзқарасы кәдімгі адамдікі сияқты. «Мені аш қалдырғаның не, Қуаныш-ау? Міне, ішім шұрылдап тұр» дейтіндей. Үйге жүгіріп кірген бала тоңазытқышты жұлқа тартты. Бұдан кейін ол итаяққа дер кезінде ас құйып тұруды құнттап-ақ жүрді. Ана жолғы қолайсыз оқиғаның ойда-жоқта тағы қайталанғаны...
Ойыннан қайтқан бала үйдің қақпасына таяй бергенде, шынжырын салдырлатқан Таймастың қыңсылағаны естілді. Есіне сол кезде барып бір-ақ сарт ете түскені емес пе? Өткен жолғыдай үйге қарай түра жүгірген. Асығып қалтасын қараса, есіктің кілті жоқ. Таңертең іште ұмытып кетіпті. Үйдің бұрышынан сығалай қарап еді, құлағын тікірейтіп алған ит бар назарын салып, селт етпестен осы жақты бағып тұр екен. Енді не істеу керек? Қалтасындағы қара бақырға дүкеннен жарты күлше сатып әкелгеннен басқа амалы қайсы?
Бірақ қақпадан шыға алмайды. Екі көзін салып бұны шыдамсыздана тосып тұрған Таймас бар ол жақта. Құр қол беттеуге қайтіп дәті барсын. Көшеге шығу үшін басқадай жол да жоқ. Біраз дағдарып тұрғаннан кейін Қуаныш сыртқа көрші үйдің ауласы арқылы шығып кеткенді жөн көрді. Биік шарбаққа асылып, тәуекелмен қарғып кеткен баланың балағын шарбақтың сорайған ағашы іліп-ақ түскені. Ауланың түп жағынан сыпырғышын сүйреткен Ыдырыс атай келе жатыр екен.
  • Шырағым, бұның не? — дейді ол таңырқап. Әншейінде тәртіпті баланың мына тосын қылығы атайға өрескелдеу көрінгені анық. Қуаныш жасырмай шынын айтты.


  • Қақпадан шығуға... — деді міңгірлеп. Мырс ете түскен атай да тақылдап қояр емес:


  • Иә, иә, неге қақпадан шықпайсың?


  • Ұялдым... — деп жауап қатты бала сәлден кейін тағы да күмілжіп.


  • Кімнен ұялдың?.. Ұялдым дейді. Әкем-ау, ұялатындай кім бар еді ол жақта?


Нұрдәулет Ақыш (385 c)


  1. Мәтінге лайықты тақырыпты белгілеңіз.


А) Кешкі ойын В) Әке сыйлығы


С) Иттен ұялған бала Д) Ойынның әлегі
Е) Көрші ақылы

  1. Мәтіннің стилін анықтаңыз.


А) ауызекі стиль В) көркем әдебиет С) ғылыми стиль


Д) публицистикалық Е) ресми стиль
  1. Мәтіннің жанрын анықтаңыз.


А) естелік В) мақала С) фельотон Д) әңгіме


Е) очерк
  1. Қуаныш – қандай бала? А) тәртіпті бала


В) бұзық бала С) ерке бала Д) момын бала


Е) оқымысты бала

  1. Қуаныштың өз ісіне қынжылуына себепші болған


А) долылығы


В) көрсеқызарлығы С) еркелігі
Д) ұмытшақтығы Е) бұзықтығы

  1. Берілген сабақтас құрмалас сөйлемнің түрі


Бір күні ойыны әбден қанған бала үйге кештетіп келгенде, сұлық жатқан Таймас орынан қыңсылай көтерілді.


А) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем В) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем С) Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Д) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем Е) Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

  1. Берілген сөйлемнің түрі


Оның өзіне үміттене, дәмете көз тастағанын көріп, Қуаныштың екі беті ду ете түсті.


А) Қимыл-сын сабақтас құрмалас сөйлем В) Аралас құрмалас сөйлем
С) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
Д) Себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлем Е) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
  1. Қуаныштың сыртқа көрші үйдің ауласы арқылы шығу себебі А) есікті аша алмады


В) иттен қорықты С) көршісі шақырды Д) иттен ұялды


Е) әдеті болатын
  1. Мәтінде жауабы бар сұрақ


А) Қуаныш Таймасты немен тамақтандырды? В) Қуаныштың анасы қандай сыйлық сыйлады? С) Көршісі Таймасты қалай тамақтандырды?


Д) Қуаныш неге қақпадан шыға алмайтын болды? Е) Қуаныштың бүгін үйіне ерте келуінің себебі не?

  1. Берілген сөйлемнің түрі


Таймас - долылығы жоқ, заты жуас күшік.


А) Жай, жақты, жайылма. толымды сөйлем В) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
С) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем Д) Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем Е) Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет