Нұр-Сұлтан қаласы М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия 2019 жылдың шілде айынан бастап «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы»


Бағдарламаны жүргізудегі қиындықтар мен кедергілер



бет3/4
Дата11.03.2023
өлшемі38,26 Kb.
#73379
1   2   3   4
Бағдарламаны жүргізудегі қиындықтар мен кедергілер:
Биылғы оқу жылында бағдарламаны жүргізуде басты қиындық жобаға қатысушылардың жүктемесі көптігі және уақыт тапшылығы. Екі жылдық қашықтықтан оқытудан кейін дәстүрлі оқытуға көшкенде оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынаста да қиындықтар болды. Оқушылардың білімдегі олқылықтары да жоба жұмысын бірден бастап кетуге әсерін тигізді.
Кедерлілері:

Бағдарламаның келешекте мектебімізге бере алатын мүмкіндіктері:
Жобаға қатысушы мұғалімдер бастамашыл болуды және түрлі өзгерістерді қолдауды үйренді. Дәлірек айтқанда, бұл көшбасшы ұстаз бастамасы ұстаздардың шығармашылығын, үздіксіз кәсіби дамуын қолдады. Жұмыс барысында туындаған қиындықтарды шешу үшін басшылардан нұсқаулық, тапсырма күтпей, ұстаздар өз кәсіби мәселелерін өздерінің әріптестерімен бірлесе отырып, үнемі ізденіс арқылы шешуді игерді.
  Кәсіби мәселені таңдап сол мәселені шешу үшін жасалған жоспарды жүзеге асыруда әріптестермен ынтымақтаса жұмыс жасау арқылы өз жұмыстарының нәтижесін көре алды. Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін арттыруға да үлесі баршылық. Сонымен қатар, мектебімізде әр мұғалім өз мүмкіндігін шектемей, көшбасшы бола алады деген жаңаша көзқарас туды. Осы жоба арқылы ұстаздардың зерттеушілік қабілеті біршама шыңдалды. Ұстаздардың кәсіби мәселесі негізінде туындаған жобалар жұмысы бүгінгі күнде тек мектеп аясында ғана жұмысын жүргізген жоқ, қала және республика көлеміне де іс-тәжіриблерін таратып, жеңімпаз атануда.
Келесі оқу жылына жоспарымыз:
Биылғы оқу жылында жоба жұмысы сәтті өтті деген ойдамыз. Әр қатысушы өз кәсіби мәселесі төңірегінде айтулы жетістіктерге жете білді. Алдағы оқу жылында жоба жұмысы жалғасын табады деген ойдамыз.
«Қазақстан ұстаздары көшбасшылығы» жобасы алғаш мектепке енгізілген жылы қатысушы ретінде мен, Толеубаева Самал Жақсылыққызы жүзеге асырған кәсіби мәселемді, осы оқу жылында «Ашық аспан аясында кітап оқу» жобасы ретінде барлық мектепке қолданып, нәтижелі жұмыс жасадым. Осы іс-әрекетті басшылыққа ала отыра, жобаға қатысқан мұғалімдердің кәсіби мәселесінің жақсы жетістікке жеткенін саралай келе, келесі оқу жылында төмендегідей жоба жұмыстарын жүзеге асырса дегіміз келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет