Нұр-сұлтан қаласының білім басқармасы



бет17/26
Дата15.01.2023
өлшемі461,32 Kb.
#61374
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
Жинақ. Эссе жазудың тиімді әдістері 9 02.2022ж.

Кадырбеков Кайсар


7. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттің негізгі тірегі
Ұлттық қауіпсіздік ішкі немесе сыртқы себептерге байланысты, қоғам өмірінің түрлі салалары мен салдарынан туындайтын, елдің байырғы ұлттық мемлекеттік мүдделері мен өмір сүруіне төнген қауіптерді жою немесе бейтараптану мақсатында қамтамасыз етілетін жағдай. Бұл қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты зерделеудің маңыздылығына және қазіргі уақытта оны қамтамасыз етудің пәрменді тетіктерін қалыптастыру қажеттілігіне негізделген. Қазіргі кезде адамзат әлемдік тәртіптің бұрынғы жүйесінің түбегейлі өзгеруі және халықаралық қатынастардағы қарама – қарсы үрдістегі өсуі жағдайында ХХІ ғасырға енеді. Менің ойымша, осы қауіпсіздікті қамтамасыз ету әлемнің барлық мемлекеттер үшін, өзекті болып отырған мәселе.
Біздің мемлекетімізде Қазақстан республикасының түңғыш президентінің қазақ халқына жолдауында: «Өз тәуелсіздігімізді қамтамасыз ету үшін біз мықты мемлекетіміде әрі көршілес елдер мен сенімді және достық қарым-қатынас орнатуымыз керек»,- деп бейбітшілік пен тыныштық құруда достықтың маңызды рөл атқаратындығына басты назар аудартады. Демек, елбасының сөзіне назар аударсақ, елдегі татулық пен достықтың нәтижесінде, біз мықты және бейбіт мемлекет бола аламыз.
Екіншіден, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жүйелерінің бірі: елдің егемендігі мен тәуелсіздігін, оның тұрақты әлеуеметтік экономиалық дамуының кепілі бола алады. Егер де осыған көңіл бөлмеген жағдайда қауіпсіздік қамтылмай, еліміздің әрі қарай дамуында қиыншылықтар кездесер еді. Осындай ел тыныштығы үшін жасалған тыңғылықты іс-әрекет ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсерін тигізетіндігі сөзсіз.
Үшіншіден, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұлттық қауіпсіздікке арналған бөлімде Қазақстанның тұңғыш президенті Қазақстанның барлық азаматтарының бойында патриоттық сезімді және өз еліне деген сүйіспеншілікті дамытуымыз керек дейді. Рухани- адамгершілік даму мәселелері мемлекетімізде басты назарда тұр, себебі қоғамдық-экономикалық формация мен идеологияның ауысуы, әлемдік қоғамдастықта өз орнын таба алмауында жатыр. Сондықтан әр адамда патриоттық сезім мен елге деген сүйіспеншілік оның жүрегінің түбінде мәңгі сақталып, ешнәрсемен тең келмейтін, айырбасқа түспейтін баға жетпес байлыққа айналуы тиіс. Сонда ғана біз өз ұлтымыздың қауіпсіздігінің тірегі бола аламыз.
Қорытындылай келе, «Ұлттық қауіпсіздік-мемлекеттің тірегі» деп бекер айтылмаған. Мемлекетіміздегі, ұлт арасындағы бейбітшілік пен татулық қарым-қатынастар күшейе түссе, соғырлым халық бір-біріне сүйіспеншілік көзбен қарай алады.Халықтың татулығы мемлекетке үлкен әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет