Нұр-сұлтан қаласының білім басқармасы



бет1/26
Дата15.01.2023
өлшемі461,32 Kb.
#61374
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Жинақ. Эссе жазудың тиімді әдістері 9 02.2022ж.


  1. қосымша



НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ


«БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ ОРТАЛЫҒЫ» МКҚК НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ

«Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей»КММ


«Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
жинақ

  1. қосымша

Нұр-Сұлтан қаласындағы Білім беруді жаңғырту орталығында педагогтардың авторлық әзірленімдерін қарастыру бойынша қалалық


ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралып бекітілді (Хаттама №2, 29 қаңтар 2020 жыл)


Пікір берушілер:


Л.М.Гумилев атындағы ЕҰУ жалпы тіл білімі кафедрасының доценті, кафедрасының профессоры, ф,ғ,к Байтанасова Қ.М.
Түрікстан облысы, Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, зерттеуші-педагог Ахметова М.С.
Құрастырушы: Хамзина Г.С., Мұса А.С. «Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінен эссе жазудың тиімді әдістері». Жинақ - Нұр-Сұлтан, 2022. – 74 б.


Мазмұны


Кіріспе. 3

  1. Сабақ жоспарларының үлгісі 5

    1. Эссені тиімді жаздыру үлгісі 41

    2. Дебат әдісінің тиімділігі 47

  2. «Оқушылардың эссе үлгілері» берілді 50

    1. Эссені талдау үлгісі 69

Пайдаланған әдебиеттер

  1. қосымша



Кіріспе


Бұл жинақ «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазудың тиімді әдістері» тақырыбындағы курс бағдарламасын іске асыру барысында құрастырылған. Жинақ сабақ жоспарлары жалпы білім беретін мектептердің жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасының талаптарына сәйкес. І тарауда 34 сағатқа құрылған «Сабақ жоспарларының үлгісі», ІІ тарауда эссе құрылымы бойынша жазылған
«Оқушылардың эссе үлгілері» берілді.
Сабақ жоспарларында тиімді әдіс-тәсілдер жинақталып ұсынылды. Эссе жазудағы «ПОПС», «ТАФТТ» формуласы, «Блум таксономиясы»,
«Дебат» әдіс-тәсілдері оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты эссе құрылымын, эссе жазу дағдыларын сатылай меңгертеді. Эссенің тұтас құрылымын білім алушының жас ерекшелігіне байланысты әдістерге негізделген тапсырмалар арқылы бөлшектеп беру жолы ұсынылды. 5- сыныптарда «ПОПС» формуласы, 6-сыныптарда «ТАФТТ» формуласы,7- сыныптарда «Блум таксономиясы» арқылы жаздыра отырып, 8- сыныптарда эссе құрылымын толық меңгерту жолға қойылған. Сатылай қолданылған әдістер 9-11-сыныптарда оқушыларға эссе құрылымын сақтап эссе жазуды меңгертеді. Эссенің құрылымындағы кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін әр сабақта тапсырма ретінде бөліп беру үшін
«Эссені тиімді жаздыру парағы» құрастырылды. Эссе жазу оқушыларға ойларын нақты және сауатты тұжырымдауға, ақпартты құрылымдауға, негізгі ұғымдарды пайдалануға, байланыстардың себеп-салдарларын анықтауға тиісті мысалдармен тәжірибені суреттеуге, өзінің қорытындысын жасауға мүмкіндік береді. Сабақ жоспарларының үлгісі сабақты жоспарлауға, тапсырмаларды құрастыруға және сұрыптауға, оқу мақсатына жетуге кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады. Жинақтың ұсынылған үлгісі білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Жинақ жалпы білім беретін мектептердің жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы негізінде 5- 11-сыныптарына, колледж түлектеріне, қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне әзірленді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет