Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы


Психологияның даму тарихы



бет2/5
Дата05.10.2023
өлшемі56,77 Kb.
#112893
1   2   3   4   5

Психологияның даму тарихы.


Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білуімен бірге, өз денесінің ішкі дүниесінің, ақыл-ойы мен ісәрекетінің тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде, адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына қарай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлект құрылды. Қоғамда адамдардың әр-қилы наным сенімдерге негізделген көз-қарастары пайда болды. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға негізделіп қана қойған жоқ, адамның жан дүниесі жайлы табиғи – ғылыми көз қарастардың тууына себепші болды.
Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды. Адам тіршілігінің негізі – қан айналуына ерекше мән берілді. Тіршіліктің негізі – қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік қалыптасты.
Ертедегі Қытай медицинасында б.з.д. ХІІІ ғасырда денені басқарушы жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметінде реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.
Ежелгі Үндістан дәрігерлері, “адамның психологиялық әрекетінің негізгі органы – жүрек оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады”- деген тұжырым жасады. Темперамент жайындағы ілім іргесінің қалануы , әрбір адам өзінің даралық ерекшеліктерімен сипатталады деген ұғым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсініктерді тудырды. Ертедегі Қытай мен Үндістан дәрігерлері темперамент үш бөлшектен тұрады, олар: бастапқыда ауа тектес нәрселерден--өттен және қан мен шырыннан құралған, осы үш түрлі нәрсенің дене құрамындағы мөлшеріне орай адамдар бірнеше типке ажыратылады деп санаған. Осы негіздерге сүйене отырып, Қытай дәрігерлері адамдарды мынандай типтерге жіктеген: 1) адамның бойында өттің не қан құрамының басым болуы. Мұндай адамдар күшті, батыр келеді. Олардың мінезі жолбарыс тәрізді өжет те шапшаң;

  1. ауа тектес нәрселердің көптігі. Ондай адам ұстамсыз, қозғалғыш болады, маймылдың әрекеттеріндей әрекеттер жасайды;

  2. шырынның басымдылығы – қимыл – қозғалыстың баяулығын, сабырлылықты білдіреді деп санайды. Адам организмі жайындағы мұндй пайымдаулар сол дәуірлерде, бір жағынан, табиғи – ғылыми түсініктерге жол ашқанымен, екінші жағынан, әр түрлі діни наным – сенімдер тарапынан қарсылық тудырған көзқарастарға душар болды. Дегенмен, психологиялық және физиологиялық құбылыстар жайындағы ақылға қонымды көзқарастар өзіне жол тауып, одан әрі дами берді.

Б.з.д.VІ ғасырда Үндістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген Джайнизм мен буддизм бағыттары кеңінен тарады. Бұдан кейінгі кездерде Үндістанға философиялық мектептер жан туралы түсініктерді метофизикалық- әдептік мақсаттарды дәріптеуге пайдаланды. Бұл бағыт келесі дәуірімізде түрлі жолға түсіп, жан дүниесінің сырын адамның даралық ерекшеліктеріне орай түрліше түсіндіреді. Ал иога бығытын ұстанушылар шындықты танып білу үшін адам бойындағы психикалық қасиеттердің жасырын сырларын жеңе білу керек деп уағыздады. Ертедегі Үндістан ғұламаларының пікірінше, адамның, өз ішкі дүниесінің сырын меңгеріп, оның даралық ерекшеліктерін әдептік( этикалық) жағынан іздестіріп білуге ұмтылғаны осыдан айқын байқалады.
Ерте дәуірдегі Қытай елдеріне кеңінен таралған философиялық - діни ой -пікір әйгілі ғұлама Конфуцийдің есімімен байланысты.
Онын іргесін өзі қалаған мектебі Конфуцияндық деп аталады. Конфуцийдің пікірінше “адамның білімі мен психологиялық сапалары – туа берілетін қасиет. Адам жаратылысынан қайрымды болып туады, бірақ оны жолдан тайдырып бұзатын- сыртқы орта. Сондықтан ол, адамның өз бойындағы сырттан әсер еткен зиянды қасиеттерден арылу үшін, адам өзі ішкі жан дүниесіне үңіліп ақыл-ойын дамыта түскені дұрыс” – дейді. Конфуцийдің бұл пікірін шәкірттері әрі қарай дамытып, ел арасына кеңінен жайды. Адамның тәнімен психикалық тіршілігінде қан айналу процесінің ерекше маңызды қызмет атқаратындығы туралы пайымдаулар келесі дәуірлерде Вавилон, Мысыр, Қытай мен Үндістанда, Ежелгі Шығыс елдерінде жалғасты. Мұндай жайттар организм құрылымындағы бөлшектер мен адам психикасының дамуы туралы жалпы заңдылықтардың бір арнаға келіп құятындығын көрсетеді. Осындай тарихи жағдайлар адамның жан дүниесіне қатысты мәселенің өте ерте кездерде – ақ адамзат мәдениетінің дүниетанымы мен білімінің философиялық жүйесін, табиғат жайындағы орынды мағлұматтары мен адам психикасының өзіндік сипаттарын білдіретін ізденіс нәтижесі болғандығын көрсетеді. Міне, осы орайда, психология тарихын зерттеген ғалымдар бұл пәннің практикалық маңызы мен ғылыми білімдер жүйесінде алатын орнын оның философия мен жаратылыстану ғылымдарының түйіскен торабынан өрбіп шыққандығымен түсіндіреді. Бұл – обьективтік шындық және ғылыми тұжырым.


    1. Психология ғылымының дамуы және оның кезеңдері.

ХХ. Ғасырдың 20-30жылдарындағы психология ғылымының дағдарсына тоқталсақ: ХХ ғ. Басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс- экономикалық талаптарына орай сана (интроспекттік) псиъхологиясының дағдарысы қылаң берді. Интроспекттік психология практикалық қолданба енгізулерді қажет еткен капиталистік өндіріс проблемалары алдында өз дәрменсіздігін байқатты. Оның субъектив әдістері қоғамның объектив қажеттіліктеріне сай келетін ұсыныстарға шамасы жетпеді. Осыдан психология зерттеулерін жаңа объектив әдістер тұрғырына орнықтыру жолдары іздестіріле бастады. Сана психологиясының дағдарысы , сонымен бірге, ғасыр аяғында Францияда кең өріс алған невропатология және психиатрия саласындағы зерттеулердің нәтижесімен де байланысты еді. Бұл зерттеулер адам психикасының кейде саналы басқарылмайтын құбылыстармен көрініс беретінін дәлелдеді. Мұндай бейсанаға тәуелді әрекет –қылықтар экспериментальды және клиникалық талдауға алынды. Осының нәтижесінде психология сана жөніндегі ғылым емес деген пікір пайда болды. Бұл дәуірдегі психологияның қарқынды дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық тағылымы да үлкен ықпал жасады. Бұл ілімгеорай барша психологиялық дүние қоршаған орта мен тіршілік иесінің икемдесу әрекетінен ажырауы мүмкін емес деген тұжырым орнықты. Эволюциялық теория ықпалында интроспекция әдісін қолдану мүмкін емес бала мен хайуанат психикасын зертеу етек алды. Осылайша әртүрлі ықпалдар мен жағдайлар ғылымда бірнеше жаңа психологиялық теориялардың туындауына себепші болды. Жаңа теория өкілдері сана психологиясын психика жөніндегі жаңа тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны ауыстыруды мақсат етті. Бұл ғылым өз даму, жетілу барысында бірнеше мектептерді басынан кешірді. Алғашқы жалпы басталуы бихевиоризм болады. Оның алғы шарттары-физиологияда шартты әдісін жасау, зоопсихологияның, психологияның бір тармағы реттінде дамуға көмек береді. Бұлардың пікірінше жалпы сананы оның мазмұнымен қызметін зерттеуден бас тартып,тек мінез-құлықты зерттеуі қажет. Бихевиоризм теориясы негізіндк адам мен хайуанаттардың әрекет-қылығы сыртқы орта әсеріне ( стимул) болған организмнің кері ( сөзі, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсінік жатыр. ХІХ-ХХ ғғ. тоғысында бихевиоризм психологиясы жануарлар психикасын эксперименттік талдауға салу нәтижесінде пайда болды. Мұнда адам психикасын зерттеуде қолданылатын өзін өзі бақылау тәсілін пайдалану мүмкін болмағандықтан, эксперимент жасау әдісі іске қосылды. Бихевиоризмнің жалпы әдіснамалық алғы шарты позитивизимнің философиялық принциптерінен шығады. Осы прициптерге сәйкес ғылым тек бақылау жүргізіп отырған затын баяндауы тиі, ал бақылауға тікелей берілмеген мәліметтермен ішкі механизмдерді талдау алдамшы болады. Осыдан барып, бихевиоризм психологиясы сананы емес. әрекет-қылықты зертеуі керек деген негізгі тезис тұжырымдады. Бихевиористер сана деп адамның тек басынан кешкен субъективті мағұлматтар жиынтығын айтты. Сана сыртқы дүниені бейнелейтін мидың нақты қызметі екенін олар мойындамайды, сөйтеді де психиканың материалдық субстратын құрайтын ми физиологиясына қарсы шығады. Оның негізін қалаушы Э.Торндайк. ал оның бағдарламасын жасап, «бихевиоризм» терминін енгізген Дж.Уотсон. Бихевиоризм тағлиматының кризистік халге жетуі – сана, ойлау,ерік сияқты негізгі ұғымдарды психологиядан шығарып тастап, психиканың әлеуметтік жағын ескермеуінде. Сонымен бірге, Гештальтизм қалыптасты. Бұл бейне, кескін үйлесімі деген сөз. Негізін салғандар В.Келлер (1887-1969), К.Коффка (18961941), К.Левин, М.Вертхаймер. Бұнда, қабылдауға, интеллектігі үлкен мән береді.Гештальт – психология механикалық жаратылыстану ғылымның жалпы дағдарысқа ұшырауна байланысты ассоциативті психологияға қарсылық білдіру рухында туды гештальттылар «элементтер психологиясына» қарсы әрбір психологиялық процестің біртұтастығы мен өзіндік сапасын жақтады. Олар тұтастық (гештальт) элементтерден тіпті өзгеше жаңа, өзінің ішкі заңдылығынан туып, өзгеріп отыратын, түсіндіріп болмайтын, тек баяндауға ғана келетін құбылыс деп пайымдайды. Гештальтпсихологиясының тұтастық идеясы динамикалық ситуация мен оның формальды құрылымының бір бүтіндігі негізінде жүзіне асырылды. «Гештальт» ұғымын алғашқы ендірген Эренфельд. Оның айтуынша, бұл ұғым мынандай мазмұнды қамтиды.айталық, бірнеше дыбыс тітіркендіргіштері іркес-тіркес берілдідейік. Сонда, бұл дыбыстар бірі бірімен байланыссыз әсерлер реттінде қабылдабай, белгілі құрылымы бар, сол дыбыстардың «гештальты» болып табылатын »әуен» ретінде қабылданды.
Гештальтпсихология бағытынығ осал тарапы психологиялық құбылыс бейне мен оны туындататын нақты әрекет арасындағы байланысты жоққа шығарғандығы. Гештальттылар ұғымы бойынша бейне тек өз заңдылықтарына бағынатын ерекше мәнді құбылыс деп саналды, оның нақты заттық дүниемен байланысы сыр күйінде қала берді. Осы екі маңызды категориялардың ( бейне мен нақты дүние) басын қосып, психологиялық болмысты талдаудың ортақ жүйсеін бере алмағандықтан, гештальтпсихология ғылыми мектебі соғыс алды жылдарында тарады. Генетикалық психология. Швейцария ғалымы. Ж.Пиаженнің генетикалық психология теориясы психология ғылымының кеңінен өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негіге ала отырып, Ж.Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық принцип дәрежесіне көтерді. Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл-есінің қалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы зертеулер бала интеллекттсінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге боладыдеп пайымдады. Пиаженнің негізгі міндеті адам интеллектінің құрылымын зерттеу. Осы құрылымды ол қарапайым органикалық тіршіліктің эволюциялық даму барсында жеткен нәтижесі деп білді, яғни интеллекттік күрделі ақыл-естің жай психикалық элементтерден құралатынын дәлелдемекші болды. Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі- баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл-естің өрістеу тұғырын интеллектің өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық-тарихи әрекет болмысна ешқандай орын қалдырмады. Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатының дәлелдеп бақты. Ой қабілеті өзінен -өзі бітбейтінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның адамгершілік қасиет қатысымен шындалған сайын лның санасының жан-жақты дамып, ойлау дәрежесін көтерілетінін тіпті көре білмеді. Генетикалық психология зерттеулеріндегі ең үлкен олқыкемшілік: интеллект даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай, әлеуметтік-қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылды.
Мұнан кейін Фрейдизм пайда болды. Бұл австриялық психологтар атымен аталады. З.Фрейд (1886-1939) Ол, жеке адам құрылымындағы санасыз әрекеттерге назар аударды. Санадан тыс әрекетті зерттеу үшін психиканы талдау әдісін әкелді. Сонымен, жеке адамның жан төркінің, дамуын иррационализм ( саналы дәлел жоқ) мен мистика ( тылсым құпия) сияқты психикалық факторларды саналы әрекетке тікелей қврсы қоюмен дәлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт. Алғашқыда есі ауысу сырқатына тап болғанды емдеу мен олардың сырқатының табиғатын түсіндіруге бағышталған бұл ілім кейін адам жөніндегі жалпы тағлимат дәрежесінде ұсынылды. Фрейдизм ілімінің негізгі сарыны: адам табиғат астар санадағы психикалық күштер ( олардың ішіндегі ең бастысы – либидо ( жыныстық құмарлық) мен сол адамға жау әлеуметтік ортада тіршілік сақтау қажеттігі арасындағы мәңгі өшпес келіспестік пен арпалысты дамиды, қалыптасады. Қоғам өзінің шектеулерімен адамды күйеліске түсіреді, оның санаға бағынбайтын құмарлықтарын басуға тырысады. Сондықтан бұл көңіл шарпулары және сезім көрінстері айналма жолдармен невротикалық белгілер түрінде жарыққа шығады ( түс көру, қате жаңсақ сөйлеу, жазу, қажет, бірақ ұнамсыз болғанды ұмыта қалу, ойланбай айтып салған оспақ әзіл,т.б.). осыдан З.Фрейд адам іс-әрекетінің бәрі объектив болмыс туындатқан сана басқарымында болмай, адамның өзі сезе бермейтін бейсанадағы ықпалдар жетегінде жүреді деген тұжырымды бетке ұстайды. Санада ешқандай күш жоқ,яғни организм мен қоғам адамның саналы күтілмеген көңіл шарпуларының илеміндегі қамыр. Фрейдизм, ақырында адам қылығы қоғамдық даму заңдарына бағынбай, иррационал психикалық күштер ықпалында болуын дәріптеуінен, адам әрекетінің бәрі агрессив, оны тәрбиемен өзгерту мүмкін емес деген реакцион идеяның арқауына айналды.
« Психология»туралы алғашқы трактат 1590ж шықты.
Психология ғылымының дамуына 20-шы ғасырды француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) рационалистік жалпылау негізін салды. (рациолатын сөзі-ақыл). Дүниетану мен ақиқат білім алудың жалғыз ғана дұрыс жолы ақыл-ой деп есептеледі. Оның психология ғылымына сіңірген еңбегіжануар психикасының рефлекстік сипатта болатындығын оның тәнмен байланысты жақтарын көрсеткені болады. Бірақ адамның жандүниесі туыстас пайда болды дейтін қате пікірді уағыздады. Ол, Аристотельдің «жан өмірдің принципі» деген қағидасын бұрмалап жан сананың принципі деген ұғымды таратты. Сондай-ақ психология ғалым ретінде дамуына эмперикалық психология дамыды. Бұл психология Бэконның эмпериялық философиясына негізделді. Ағылшын ғалымы Джон Локк (1632-1704) дамыта түсті. Адам өмірге ешбір идеясыз келеді. Ол оның жалпы тәні қалпымен жазатын «таза»тақтай дейді. Бірақ ол тәжірибені 2-ге бөліп (сырттан және іштен алатын) дуалистік көзқараста болады. Бұдан кейін жалпы негіз заңы ассоциялық идеялар заңдылығы деген пікір күшейе түсті. Яғни жеке идеялар бірі мен бірі байлаулы, күрделі психикалық әрекетті пайда қылады. Ассоциативтік жалпы адамдардың нерв жүйесіне әсер ету арқылы оларда керекті қасиеттерді қарастыруға перспективасы бар теория болып саналады. Бұл көзқарасқа 19-шы ғ. психолог басқа бағытта-қабілеттер жалпы қарама-қарсы болады. (Германияда, Христиан Вольф, Англияда-Томас Рид) Бұлардың пікірінше жанда әуелі бастан ішкі күштер пайда болады. Ең алдымен танып білуге талаптану қабілеттері дейді.


    1. Қазақстандағы психологияның дамуы

Жан дүниесінің сыры жайлы дәйекті пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан. Яғни мақал-мәтелдер, фольклорда жиі кездеседі. Мәселен, жан «бар жерде қаза бар», «Тәні саудың жаны сау» осындай мақалдарда жан мен тәннің ара қатынасын байқау қиын емес. Көшпелі ата-бабаларымыздың жан дүниесінің сырларын Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұхар т.б. жырауларынан көреміз.
С.Торайғыров: «Жан мен тән ылғи да бірлікте байланысты болады»деді. Яғни материалистік қорытынды берді. Қазақстанда жалпы ойпікірлер Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев есімдерімен тығыз байланысты.
Ш.Уалиханов: қазақ жұртының сана-сезімімен дүние танымдық көзқарасты зерделей отырып, осы халықтың рухани дүниесі жайында бағалы еңбектер жазды.
Ал, Ы.Алтынсарин: халықтың тіршілігі мен әралуан әдет-ғұрпы және салт-санасы жайлы этнографиялық еңбектер жазды.
Ш.Құдайбердиев те 1858-1931 ж «жан тәнге, ақыл жанға маталып тұр» деп айтқан.
М.Жұмабаевтың «Педагогтка» еңбегіндегі 2-ші тараудың өзекті мәселесі болып жан тәрбиесі атты еңбегі болды. Онда жан көріністерін топ-топқа бөлу, ішкі сезім яки көңіл көріністерін қарастырды.
Сондай-ақ А.Құнанбаевтың қара сөздерінен, өлеңдерінен адамның мінез-құлықтарын, іс-әрекетін,адамгершілік қасиетін және сана-сезімінің қалыптасуын бейнелеген.
Ал, Ж.Аймауытов 1924-1929ж психолог ғалым болып шашылды. Оның «Тәрбие жетекші», «психология», «жан жүйесі және өнер таңдау»
т.б.еңбектері болды. «психология» атты кітабы 12 тарау,102 параграфтан тұрды. Оның психология ғылымында сөз еткен тақырыбы негізінен жеке адамның даралығы, мінезі, темпераменті.
Қазақстанда жалпы дамудың кезеңдері:

  1. Ауыз әдебиеті

  2. Жазба әдебиеті

  3. Қазіргі кездегі кезеңі болып табылады.



    1. Қазіргі кездегі жалпы ғылымның дамуы

Батыстық психологияның бүгінгі дамуындағы бағыттарына сүйенсек: ашық дағдарыс кезеңдерінде пайда болып, кейін елеулді өзгерістері ұшырады. (необихевиоризм,нефрейдизм,гештальпихология) яғни, 60 жылдардың басында. Әрекет – қылық пен психиканы түсіндірудегі теориялық ішкі қайшылықтар олардың негізгі бастау позицияларын қайта қарастыруды ьалап етті. Бұл дағдарстың аса мәнді бір себебі – экспериментальды зерттеулер мен теориялар саласында жаңа өнімді көзқараас, бағыттардың туындауынан болды: танымдық іс-әрекет зерттеулері аймағында – когнитивтік психология, гуманистік психология, ми жөніндегі ғылымдар шеңберінде адам санасын зерттеуге орай-нейрофизиология, нейроморфология, нейропсихология, сонымен тағы бір бағыт- адам психологиясы еді. Мәселен: Когнитивтік психология – 60жылдардығ аяғында АҚШ-та бұл бағыт бихевиористердің әрекет-қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық дамуды ескермеуіне қарсылық білдірумен ғылым саласына келген еді. Когнитивтік психология не бихевиористер зерттеулерінің нәтижесінде пайда болып, белсенді мағлұмат жинау мен ақпарат өңдеуші адам оргазимі жүйелі құрылым деген танымды әрі жалғасытырады, яғни адам әрқилы ақпараттарға ықпалды әсер етуге қабілетті: бөтен таңбалар формасына келтіре алады, одан әрі өңдеу үшін өз қажетіне керек ақпаратты бөліп алады немее керексіз мәліметті жүйеден бүтіндей аластайды. Когнитивтік психологияның көрнекті өкілдері Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон. Бұл бағытың бұл күнде бірнеше салалары бар. Солардың ең таңымалы –есептеу варианты, мұнда танымдық процестер шектен тыс механистік неізде түсіндіріледі: психика сигналдарды өзгеріске келтіруші тұрақты қабілетке ие тетік күйнде қарастырылады. Әсіресе таным процесіндегі ішкі когнитивтік құрылымдар мен ізденуші организм белсенділігіне аса мән беріледі. Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер –ес, тіл мен сөздің психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейін,қиял және танымдық даму. Бұл таным психологиясының әдістері жеке адамның көңіл - күйі мен себеп – түрткілері, сонымен әлеумет психологиясын зерттеуге де қолданылды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет