Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы


ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ



бет3/5
Дата05.10.2023
өлшемі56,77 Kb.
#112893
1   2   3   4   5

ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ



Когнитивтік психологияда танымдық процестерді жете түсіндіре алған тұтас бір теория қалыптаса қоймады. Субъект проблемасынан алшақ тұрумен, когнитивтік психология психикалық әрекеттің иесі деп әсерленген бір дерексіз бастаушыны (гомункулюс) мойындауына мәжбүр болды. Бихевиоризм мен психоанализ теорияларына тікелеі қарсылығымен танылған ірі бағыттардың бірі – гуманистік психология. Гуманистік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты- бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршен психологияны таңдап алу еді. Олардың тадауындағы жеке адам мақсаты- өзін-өзі кемелдендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып, жая білу. Көрнекі өкілінің бірі Абрахам Маслоу. Ол жеке адам психологиясын есі ауысқандарды зерттеумен білу мүмкін еместігін айтты. Маслоу адам іс-әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының негізі сол адамның өзін-өзі таныту мен өз мүмкіншіліктерін ашуға деген ынта-ықласында деп есептеген. өз мүмкіншіліктерін ашуға қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты. Біріншіден, мұндай гуманистік қажеттілік адамдарға, қоғамға тек жақсылық келтіруге ұмтылу ( адам табиғатынан қайырымды ). Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни адам өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен пайдаланып, өзіне жүктелген жоғары адамгершілік борыштарды атқаруға міндетті. Ал мұндай міндетті атқару қажеттілігі, Маслоуше, тек дені сау, салауатты адамдарға тән. Есі кеткендер мен жүйе сырқатына шалдық-қандар өз алдына мұндай талап қоя алмайды. Маслоу бірінен біріне күрделене ауысып отыратын адам қажеттіліктерін жіктеп көрсеті: физиологиялық қажеттіліктері, қорғаныс қажеттіліктері,қоректағамдық қажеттіліктері, адамгершіл қажетсінулер, шындық, қарапайымдылық,әділдікті керек ету. Әрине, ол қажеттіктердің әлеуметтік қорына мән бермеді. Маслоу теориясының кемшілігі: оның биологизаторлық пікірден аса алмағандығында. Адамгершілік, этикалық қасиеттерді тума құбылыс деп тану – биологизациялық дағдарысқа тірелудің басы. Қазақстанда психология ғылымының қалыптасу және даму тарихын қарастырғанда әдіснамалық тұрғыдан ғылыми-зерттеу жұмыстарыңда профессор Қ.Б.Жарықбаев ұсынғаң кезеңдерді негізінен басшылыққа аламыз. Алғашқы психологиялық ой-пікір қазақ топырағында дүниеге келген шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби ғылыми еңбектері мен философиялық трактаттарынан бастау алады. Әл-Фараби ілкі ортағасырлық білім-ғылымның барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды. Сондай ғылым салаларының бірі — исихология. Әл-Фараби психология ғылымының әртүрлі мәселелеріне «Ақыл-ой туралы», «Темперамент туралы», «Түс көру туралы сөз», «Жанның мәні туралы», «Ақыл-ой және ұғым», «Жас өспірімнің ақыл ойы туралы кітап», «Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап» және т.б. еңбектерін арнады. Ол өзінің осы психологиялық еңбектерінде таным үрдістері оның психологаялық және физиологиялық табиғатына мән бере келіп, түйсіну туралы, оның түрлері, көру, есту, дәм түйсіктері, сезімнің пайда болуы, ойлау, қиял сияқты жан үрдістеріне сипаттама береді.
Моралдік-психологиялық сипаттағы ой-пікірлер ортағасырлық ғұламаойшылдар Махмұд Қашқари, Ахмет Жүгінеки, Ахмет Яссауи, Саиф Сараи, Мұхаммет Хайдар Дулати, Қ.Жалаири еңбектерінде жан-жақты баяндалады. Сонымен қатар қазақтың ақын-жыраулары Асанқайғы, қазтуған, Шалкиіз жырау, Доспанбет жырау, Жиембет жырау, Бұқар жырау, Ақтамберді жырау, Шал ақын, Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы еңбектерінде адамгершілік-ұлтжандылық қасиеттерді насихаттайтын психологаялық ойлар басым келеді. Тәлімдік тұрғыдан ақын-жыраулардың еңбектерінде қолбасының біртуар тұлғасы, батыл, ержүрек, батыр адамдардың психологиясы, ішкі жан дүниесі суреттеледі. Ақын-жыраулардың толғаулары жастарды ерлікке, батылдыққа, өз отанын сүюге шақырады. Мәселен, Махамбет Өтемісұлы өзінің ұлттық насихаттық мазмұнға толы өлеңдерінде дауылпаз ақын жастардың тәні мен жаны бірдей шынығуына, олардың күшін ерік-жігері мен қайсар мінез-құлқын тәрбиелеу ісіне зор маңыз берді. Махамбет өлеңі жастарды ерлікке, батылдыққа шақырды. Махамбет ерлік пен елдіктің үлгісін көрсете отырып, елжандылық сезім мәселесін халықтың абройы жолындағы күреспен ұштастыруға, өскелең ұрпақтың мұрат-мүддесінің әлеуметтік мәнін ашуға тырысты.
Жауынгерлік рухтағы өршіл жырлардың інжу маржанын ұрпағына мұра еткен Махамбет - ерлік пен намыстың ақыны. Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Ақтамберді жыраулардың жалғасы Махамбет - сан ғасырлар бойғы тәуелсіздікке ұмтылған бабалар рухының нақты көрінісі. Махамбеттің жырлары - ерліктің гимні, қайсарлықтың символы. Адамның жан дүниесі жөніндегі пайымдаулар мен ой-пікірлер Қазақстанда өте ерте кезден бастау альп ХV-ХІХ ғ.ғ. Қазақ халқы ғұламаларының ағартушы демократтардың туындыларында айтарлықтай көрініс берді. Ал одан бұрынғы дәуірлерде ақын жыраулардың өлең толғауларында, билердің шешендік сөздерімен халықтық нықылдары ел намысын найзаның ұшымен білектің күшімен қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан дүниесіне жұмбақтарына терең үңіліп болашақ ұрпаққа тағлым берерлік мол рухани қазына жатқандығы қазіргі кезде зерттеліп бір жүйеге келтірілді.
Аса көрнекті ғалым Ш. Уалихановтың шығармаларында халықтың рухы оның таным түсініктерімен тығыз ұштастырылады. И. Алтынсарин еңбектері этникалық және балалар психологиясының қыр-сырына толы деуге болады. Сонымен қатар А. Құнанбаев, С. Торайғыров, Ш.Құдайбердиев еңбектерінде, шығармаларында психологиялық ой- толғаулар менен пайымдаулар көптеп кездеседі.Ж. Аймауытовтың “Психология” оқулығы мен” Жан жүйесі және өнер таңдауы” – деген туындысы психология пәні бойынша таза ана тілінде жазылған бірден-бір алғашқы еңбек. 1920-1930 жылдары А.Байтұрсынов , Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, А. Темірбеков, Ә.Сытдықов т.б. психолог мамандардың ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері белгілі.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ағартушылық қозғалыстың туын биік ұстаған ағартушы-демократтар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың рухани мұрасының психологиялық ой-пікірдің даму тарихында алатын орны өз алдына бір төбе. Қазақ ағартушыларының психологиялық көзқарасын қазақ психологтарының ішінен бірінші болып зерделеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, психолог-ғалым, академик Төлегеи Тәжібаев болды. Ол Қазақстанда психология ғылымы саласында тұңғыш рет 1939 жылы Ленинград қаласында "К.Д.Ушинский - Рееейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы" тақырыбыңда кандидаттық диссертация қорғады. Төлеген Тәжібаев көп жылдар қазақ ағартушылары Шоқан Уөлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариннің психологаялық және педагогакалық көзқарастарын зерттеуге арналған бірнеше монографиялық еңбектер жазды. Ол 1962 жылы тұңғыш рет Қазақстанда педагогика тарихынан докторлық диссертация қорғады. Академик Т.Тәжібаевтан кейін бұл бағытта ғылыми-зерттеу жұмысын ілгері дамытқан, Қазақстаңда психологиялық және педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен даму тарихын зерделеген, "Қазақстанда төңкеріске дейінгі педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы және дамуы".

2.1 ҚАЗАҚСТАНДА ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ



Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы" және т.б. бірнеше моңографиялық еңбектердің авторы, көрнекті психолог-ғалым, педагогика және психология , ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Жарықбаевтың алатың орны ерекше.
Ол қазақ психологаясының тарихын зерделеуде сонау орта ғасырлық ғұлама ойшылдар - Әбу Насыр әл-Фарабиден, Жүсіп Баласағұнидан, Махмұд Қашғари, Ахмет Жүгінеки, Ахмет Иассауи, Мұхаммет Дулати, Қадырғали Жалаири еңбектерінен бастау алады.
Қ.Б.Жарықбаев XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ағартушылары Шоқаңңың, Абайдың, Ыбырайдың, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Ғұмар Қараштың, Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың,
Халел Досмұхамедовтың, Міржақып Дулатовтың, Нәзипа Құлжанованың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық көзқарастарына жан-жақты талдау жасады.
Кеңестік дәуірде республикада психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуын архив құжаттарына сүйене отырып, зерттеді. Профессор Қ.Б.Жарықбаевтың қазақ психодогиялық терминологаясының мәселелері туралы тұжырымдары және зерттеу еңбектері өз алдына бір төбе.
Қазақстанда психология ғылымы дамуы басқа қоғамдық ғылымдар сияқты кеңестік дәуірде жан-жақты дами бастады. Оның кең құлаш жайып дамуына белгілі алғышшарттар жасалынды. Атап айтқанда, сонау орта ғасырдан бастау алатын, қазақ топырағында дүниеге келген ғұлама-ойшылдар әл-Фарайи, Жүсіп Баласағұнидің және т.б, психологиялық мұраларында, төңкеріске дейінгі кезеңдегі қазақ ағартушылары Абай, Шоқан, ЬІбырай, Шәкәрімнің психологиялық ілімдерінде, 20-ғасырдың бас кезіндегі Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов еңбектерінде негізі қалаңды. Сонымен, кеңестік дәуірде қазақ психология ғылымы бос орынға келген жоқ, оған дейін Республикада кеңестік психологияның дамуына белгілі алғышарттар жасалып, ғылыми негіз қаланған болатын.
Кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған, жеке адамға табынудың, заңсыздықтың құрбаны болған, біртуар қазақ зиялыларының бірі - Жүсіпбек Аймауытов (1989-1931) қазақ топырағында тұңғыш рет "Психология" (Қызылорда — Ташкент) оқулығын 1926 жылы жазды. Оқулықтың кезінде жіберілген кейбір әдіснамалық кемшіліктеріне қарамастан, бұл еңбек қазақ тілінде жазылған біршама уақыт өтсе де, өзінің құндылығын жоймаған тұңғыш оқулық екендігіне ешқандай күмән келтіруге болмайды. Бұл оқулық — мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналған оқу құралы. Еңбекте Жүсіпбек Аймауытов қарапайым адамға жұмбақ сияқты көрінетін психикалық құбылыстардың себептерімен, сырларымен таныстыра отырып, соған қарапайым тілмен жауап беруге ұмтылады. Еңбекте психология ғылымы, оның тарихынан хабардар етеді.
Жүсіпбек Аймауытовтың "Психология" оқулығының екінші, үшінші тараулары жеке тұлғаның психикалық ерекшеліктері мен мінез-құлқын зерттеу әдістері туралы, жүйке жүйесінің құрылымы, оның заңдылықтарына сипаттама береді. Сол сияқты шартты рефлекстер, организмнің тітіркенгіштік, сезгіштік қасиеттері туралы айтылады.
"Денедегі кейбір мүшелер, оның қызметтері" және "Эмоция және сезім" атты төртінші және бесінші тарауларында психикалық үрдістердің анатомиялықфизиологиялық ерекшеліктері мен эмоция, сезім, көңіл-күйге талдау жасалады. Сонымен қатар оқулықта таным үрдістеріне сипаттама беріледі, олардың зандылықтары мен қасиеттеріне тоқталады.
Психология және педагогика ғылымдары саласында психолог және педагог ғалым ретінде Василий Яковлевич Струминскийдің (1880-1963) Республикада психология ғылымын дамытуда сіңірген еңбегі ерекше. Ол Орынбор практикалық институтында педагогика, жалпы және педагогикалық психология пәндерінен студенттерге дәріс берді.
1923 жылы В.Я.Струминскийдің Орынбор қаласыңда "Психология" оқулығы орыс тілінде жарық көрді. Еңбегіңде диалектикалық материализм тұрғысынан ғылыми психологияның негізгі мәселелерін бір жүйелі баяндау тәжірибесіне тоқталады.
Кейбір әдіснамалық кемшіліктеріне қарамастан, бұл еңбектің мәні орасан зор болды.
1935 жылдан бастап, өмірінің соңғы кезіне дейін психология ғылымьшың көрнекті қайраткері, профессор Александр Петрович Нечаев (1870-1948) Семей қаласында тұрды. Психология ғьшымы саласында 50 жылдан астам уақыт жемісті еңбек еткен, есімі әлемге белгілі психолог-ғалым. Ол психология ғылымының әртүрлі саласында, әсіресе, психологияның жас, педагогикалық, медициналық және т.б. салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірді. Өмірінің соңғы жылдары Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында студенттерге педагогикадан және психологиядан дәріс оқыды. А.П.Нечаев көп жылдар "Психофизиологиялық синхромдар жүйесі" тақырыбында Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, Жоғары аттестацйялық комиссия 1944 жылы диссертация қорғамай-ақ, психология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін берді.
Сонымен, қазақстанда психология ғылымының дамуында А.П.Нечаевтың сіңірген еңбегін ерекше бағалауға болады.
30-жылдары педагогикалық институттарға арналған психология бағдарламасы профессорлар СЛ.Рубинштейн мен К.Н.Корниловтың жетекшілігімен жасалды. Республика жоғары оқу орындарында профессор С.Л.Рубинштейннің "Жалпы психология негіздері" оқулығы мен профессор К.Н.Корниловтың "Психология" оқулығы қолданылған болатын.
"Психологияның қазақ бөлімдері педагогикалық институттардың жанынан кейінірек ашылды, білімді маман кадрлардың, ана тілінде психология оқулықтарының болмауы, ғылыми терминологияның әлі де жеткіліксіз жасалуы көп уақытқа дейін бұл маңызды шараны іске асыруды тежеген болатын", — деп жазды белгілі психолог-ғалым, профессор Қ.Б.Жарықбаев.
1938-1939 оқу жылынан бастап, жалпы психология курсы студенттерге ана тілінде оқытыла бастады. Педагогикалық жоғары оқу орындарыңда психология курсын оқытуды дұрыс жолға қоюда қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасы, меңгерушісі Төлеген Тәжібаевтың еңбегінің мәні зор болды. 1947 жылы 13 мамырда КСРО Жоғары білім министрінің жоғары және арнаулы орта оқу орындары үшін логика және психология оқытушыларын даярлау туралы бұйрығы жарияланды. Жоғары және арнаулы оқу орындары үшін логика және психология оқытушыларын даярлау мақсатыңда 1947-1948 оқу жылында Одақтағы басқа да 16 мемлекеттік университеттердің бірі болып, Қазақтың С.М.Киров атындағы университетінің филологая факультетінің жанынан логика және психология бөлімі ашылды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет