Психологияның ғылым ретінде пайда болуына физиологиялық зерттеулер тәжірибесінің маңызы зор. Яғни 19-шы ғ. басында сезуші және қозғаушы нервтерді ашуға әкелді. Жаратылыс танудың ғылымының, 19 ғ. одан әрі дамуында Ч.Дарвиннің жасаған эвалюциялық ілімі үлес қосты. Г.Спенсер (1820-1903)бұл ойды дамытты.1834 ж Э.Вебердің «сипап сезу туралы» еңбегі шықты.Онда,тері сезгіштігіне зерттеу жүргізіп,түйсіктің заңдылықтарының бірі-ажырату табалдырығын ашты. Ал, Г.Гельмгольцтің зертеулері бойынша нервтік импульстерді өткізудің жылдамдығы психикалық процестердің кеңістікте өтетінін көрсетеді. Жалпы даму тарихы Герофия, Гипократ, Голлен, Гобсс, Сипнозе, Дидро, Вольф т.б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты. Радищев т.б. орыс ойшылдары болды. Когнитивтік психология не бихевиористер зерттеулерінің нәтижесінде пайда болып, белсенді мағлұмат жинау мен ақпарат өңдеуші адам оргазимі жүйелі құрылым деген танымды әрі жалғасытырады, яғни адам әрқилы ақпараттарға ықпалды әсер етуге қабілетті: бөтен таңбалар формасына келтіре алады, одан әрі өңдеу үшін өз қажетіне керек ақпаратты бөліп алады немее керексіз мәліметті жүйеден бүтіндей аластайды. Әсіресе таным процесіндегі ішкі когнитивтік құрылымдар мен ізденуші организм белсенділігіне аса мән беріледі. Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер –ес, тіл мен сөздің психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейін,қиял және танымдық даму. Бұл таным психологиясының әдістері жеке адамның көңіл - күйі мен себеп – түрткілері, сонымен әлеумет психологиясын зерттеуге де қолданылды. Бихевиоризм мен психоанализ теорияларына тікелеі қарсылығымен танылған ірі бағыттардың бірі – гуманистік психология. Гуманистік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты- бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршен психологияны таңдап алу еді. Олардың тадауындағы жеке адам мақсаты- өзін-өзі кемелдендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып, жая білу. Көрнекі өкілінің бірі Абрахам Маслоу. Ол жеке адам психологиясын есі ауысқандарды зерттеумен білу мүмкін еместігін айтты.