1
Нұра ОКЖ
Нұралықтар Ұлы Отан
соғысы жылдарында
Киевка 2015 жыл
2
Біз бүгін Жеңіс жолында қаза тапқан миллиондаған адамдарға, оның
ішінде бүгінгі тәуелсіздігіміз үшін құрбан болган қазақстандықтарга басымызды
иеміз. Біз арамызда жүрген ардагерлерге қазіргі тіршілігіміз және ертеңгі
болашагымыз үшін қарыздармыз. Біз Жеңіс туын желбіреткен ұрпақтың
балалары болғанымыз үшін бақыттымыз. Және оны барлық кезде есте сақтауға
тиістіміз.
Н.Ә. Назарбаев
Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды
жер жастандырған соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен
бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толып
отыр. Екінші дүниежүзілік соғыс өртін тұтатушы фашистік Германияны
жеңуде басты күш халық бірлігінде еді. Бас көтерер ел ұландары арын
жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанды.
Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғысы 1941 жылы 22
маусымда таңғы сағат 4 басталды. Соғыс 1418 күнге созылды. Соғысқа
дейінгі Қазақстанда тұрған 6,2 млн. адамның 1,2 млн.-ы майданға аттанды.
Сонымен қатар 700 мың адам еңбек армияларында қызмет етті.
Осы соғыс
кезінде 410 мың қазақ қаза тапты.
Нұра ауданынан 3600 астам адам Кеңес Әскерлерінің қатарына
шақырылды. Майданға кеткен 3600 нұралықтардан 1620 шайқастарда
қайтыс болып, 973 - і хабарсыз кетті, ал еліне оралғандар небары 1007
жауынгер.
¥лы Отан соғысында қаза тапқан нұралықтар саны 2593 адам.
Жеңіспен оралған 1007 жауынгерлерден, бүгін ортамызда қалғаны
жалғыс ардагер ол Искаков Ахметбек
¥лы Отан соғысы жылдары бүкіл кеңестер халқы жаппай ерлік
үлгілерін көрсетті, 11 мыңнан астам офицерлер мен солдаттар Кеңестер
Одағының Батыр
Кеңес Одағының Батыр атағын алғандардың ішінде біздің де
жерлестеріміз бар. Олар Иван Михайлович Колодий, Семен Андрианович
Лебедев.
Соғыс ардагерлері ! Тыл ардагерлері! Олар біздің ортамызда. Олар
бізге көп күткен жеңісті әкелді. Біреулері майдан жерінде жүрсе, екіншілері
- әйелдер, қариялар мен балалар станок пен егін даласында болд ы. Біздің
жеңімпаз халқымыздың ұлылығы сөзсіз.
3
Колодий Иван Михайлович
Колодий Иван Михайлович – Орталық
майданның 65-інші атқыштар дивизиясы 69-ыншы
Қызылтулы Сев 118-інші артиллериялық полкінің
радиотелеграфисі,
ефрейтор.
1912 жылы 1 мамырда қазіргі Қарағанды облысы
Нұра ауданы Киевка елді мекенінде шаруа
отбасында туған. Украиндық. Сауатты жою
мектебінде оқыған, қазіргі Өзбекістан Сурхандария
облысы Денау қаласында мемлекеттік жемісті
көшендік бақта ұста болып жұмыс істеген. Қызыл
әскер қатарына 1941 жылы Өзбекістан КСР
Сурхандария облысы Денау қалалық әскери комитеті арқылы шақырылған. Ұлы
Отан соғысына 1942 жылдан бастап қатысқан. 1943 жылдан бастап ВКП/б/КПСС
мүшесі. 118-інші артиллериялық полкінің радиотелеграфы ефрейтор Иван
Колодий
Днепр
өзенінде
болған
майданда
ерекшеленді.
1943 жылдың 15 қазанының түнінде лейтенант Бутылкин, аға сержант
Тимонов және Колодий алдыңғы атқыштар бөлімшелерімен артиллерия миномет
отымен Днепр өзенінде Украинаның Чернигов облысы Репкин ауданында
Радуль
қала
типтес
ауылында
қарсылыстарын
ығыстырды.
Ефрейтор Колодий отырған қайық, Днепрдің оң жағасында снарядтың
жарылуынан су түбіне кетті. Ауыр жарақат алған байланысшы, жағадағы
радиостанцияға жүзіп барып артиллериялық қуат көзімен байланыс орнатып,
атыс
жайлы
мәліметтер
жеткізіп
отырды.
Осы шайқас үшін ефрейтор Колодий Иван Михайлович Кеңес Одағының
Батыры атағына ұсынылды. Жоғары Кеңестік төрелер Алқасының жарлығымен
1943 жыл 30 қазаннан бастап жауынгерлік тапсырмаларды және майдандағы
қолбасшылық тапсырмаларды жақсы орындағаны үшін, сонымен қатар неміс-
фашист басқыншыларымен күресте ерлік және батырлық танытқаны үшін
Колодий Иван Михйлович Кеңес Одағының Батыры Ленин орденімен және
«Алтын
Жұлдыз»
/№1593/
медалымен
марапатталды.
Соғыстан кейін Колодий Молотов қаласында соғыс-теңіз техникалық-
авиациялық училищесін бітірді/1957 жылдан бастап қазіргі Пермь қаласы/.
Кировта ДОСААФ аудандық комитетінде төрағалық қызметін атқарды. 1954
жылы 18 қарашада майданда алған жаралар салдарынан қайтыс болды.
Марапаттаулары:
Ленин орденімен марапатталған /30.10.43/, медальдармен, соның ішінде –
«Ерлік үшін» /07.10.43/ және «Жауынгерлік еңбегі үшін» /30.08.43/. Батырдың
аты Өзбекістан Сурхандария облысы сариасин оқушылар үйіне берілген.
Батырдың автоматы және радиостанциясы Мәскеу қаласының Орталықтағы
Қарулы
күштер
мұражайында
көрмеге
қойылған.
Даңқты жауынгердің атын жерлестері ардақтап еске түсіреді. Қазіргі
уақытта Киевка кенті көшесінің бірі оның атымен аталады.
4
Лебедев Семен Андрианович
Кеңес Одағының Батыры Лебедев Семен
Андрианович - полковник, 3-Белорусс майданы
1-ші әуе армиясы, 278-истребитель дивизиясы
43-әуе истребитель полкі әуе эскадрилиясының
командирі, Совет Одағының Батыры атағын
1945
жылы
алған.
Семен Андрианович Лебедев 1919 жылы Нұра
ауданындағы Захар ауылында дүниеге келді.
Қиырдағы қазақ ауылынан шыққан бала кейінде
неміс фашистеріне қарсы күресте сан мәрте
ерлік көрсеткен көрнекті ұшқыш қолбасшысы
дәрежесіне
дейін
өсті.
Алған бетінен қайтпайтын, жасынан
пысық болып ержеткен жігіт 1938 жылы Качино
әскери училишесін бітіріп, Қиыр Шығыста әскери ұшқыш болып қызмет етті. Ол
1943 жылдың көкек айынан бастап неміс басқыншыларына қарсы ұрыстарға
тікелей қатысты. Қырымды, балтық бойын, Белоруссияны азат ету ұрыстарында
жаумен
шайқасты.
Соғыс аспанында Лебедев басқарған 12 самолет жауға сан мәрте қатер төндіріп,
талай шығынға батырды. Батыр жерлесіміз Семен Лебедев әрбір жолы өзін
нағыз ерлерше көрсетті. Соғыстағы шеберлігі және бет қайтпас ерлігі үшін
майор Лебедевке Ленин, 1-Дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз», үш бірдей
«Қызыл Ту» ордендері, «Александр Невский» ордені, көптеген медальдар
беріледі.
Ұлы Отан соғысы жылдары аспанға 200 рет көтеріліп жаумен соғысқан
Семен Андрианович 34 мәрте әуе шайқасына қатысты, жаудың 22 сомолетін жер
қаптырады.
Талантты ұшқыш, білгір басшы, өнегелі тәлімгер Лебедев 1945 жылғы
ақпанның 23-де СССР Жоғары Советті Президиумның Указымен Кеңес
Одағының Батыры атағын алады. Алтын Жұлдыздың иегері коммунист
жерлесіміз
кейінде
Берлинді
талқандауға
қатысады.
Соғыстан кейін полковник Лебедев соғыс ғылымымен айналысып,
Мәскеудегі Н.Е. Жуковский атыңдағы Әскери Әуе академиясында дәріс
берді.1998 жылы дүниеден озды.
5
Сүлейменов Мүташ Сүлейменұлы
Сүлейменов
Мүташ
Сүлейменұлы
Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі. Ол кісі 1921
жылы 10 қыркүйекте Казгородок селосында
дүниеге
келген.
М. Сүлейменовтың жастық шағы соғыстың
басталуымен қатар келеді. Ол 1941 жылы 9-шы
сыныпты аяқтап Чкалов атындағы колхозға
есепші болып жұмысқа алынады. Жоғары сынып
оқушыларының қатарында жүріп, ол тың жерлерді
игеруге белсене араласады. Сол еңбегі үшін ол
кейін мемлекеттік сыйлыққа ие болады. Бірақ
басталған
соғыс
бәріне
кедергі
болады.
Майданға 1942 жылдың қаңтар айында алынады. Алдымен 3-4 айлық
зеңбірекшілер курсынан өтеді. Оның майдандық өмірі 114-ші атқыштар
бригадасында басталады. Алғаш рет Калинин облысына қарасты Ржев
қаласының маңындағы Зубцево деген жердегі қанды қырғынға қатысады.
Осыдан кейін де талай ұрыстарға қатысқан Мүташ Сүлейменов сол жылдың
қазан айында ауыр жараланып, госпитальге түскен. Қарашада сауығып
шыққанда өз бөлімінен көз жазып қалып, 139-шы Қызыл Тулы Ярославль
гвардиялық атқыштар дивизиясына қарасты 364-ші атқыштар полкінің
құрамында танкіге қарсы ататын 45 миллиметрлік зеңбіректің көздеушісі болып
қайта сапқа тұрады. Осы кезге дейін ол бірнеше ерлік істерімен көзге түсіп,
өңіріне «Ерлік үшін» медалін және «Қызыл Жұлдыз» орденін қадап үлгереді.
1944 жылдың маусымында зеңбірек расчетінің командирі болып жүрген аға
сержант Мүтәш Сүлейменов Белоруссияның Погоран деген жерін азат ету
кезінде көрсеткен ерлігі үшін үшінші дәрежелі Даңқ орденіне ие болады. Осовец
қамалын азат ету кезінде көрсеткен тапқырлығы мен ерлігі үшін екінші дәрежелі
Даңқ ордені беріледі. Осы шайқас жайында ол өз күнделігіне жазады.,
17 қаңтарда Варшава азат етіледі. Бұдан кейін наурызда бүкіл Польша азат
етіледі. 30 наурызда Польша мемлекетінің ұлттық туы Данциг үстіне тігіледі.
Бұл ерліктері үшін Мүтәш ағаның қарамағындағы жауынгерлер тегіс медаль,
ордендерге ие болады. М. Сүлейменовтың өзіне бірінші дәрежелі Даңқ ордені
беріледі.
Мүкең соғысты немістердің Аргшемонд қаласында аяқтайды. 1945 жылы
24 маусымда Мәскеу қаласында болған Жеңіс парадына қатысады.
Соғыстан туған ауылына қайта оралып, ауылдағы мектепте ұстаздық етеді.
Қарағанды қаласындағы университеттің тарих факультетін бітіреді. 40 жылдан
астам мектеп шәкірттеріне алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ береді. Көп
жылғы талмас еңбегі үшін «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі», «СССР халық
ағарту ісінің үздігі», «Еңбек ардагері» медалімен және көптеген құрмет
грамоталарымен
мараппатталған.
1993 жылдан Кертінді ауылдық мектебі Мүтәш Сүлейменов атымен
аталады.
7
Искаков Ахметбек
Искаков Ахметбек 1923 жылы Нұра
ауданы Казгородок ауылында туды.
1942 жылы Нұра әскери комиссариатымен
майданға шақырылды.
183 шекара отрядында атқыш ретінде, 67
шекара отрядында, 1945- 1946 жылдары шекара
күзетінде әскери борышын атқарды.
Соғыстан кейін Чкалов ауылында ветеринарлық
санитар, мал шаруашылыгынын бригадирі
ретінде зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек
етті.
«За победу над Германией», және басқа да
медальдарымен марапатталған.
Қалиақпар Амиров
Қалиақпар Амиров 1924 жылы Ақмола облысы
Целиноград ауданы, Романовка ауылында туған.
Қатардағы жауынгер.
1942 жылы 853 Ақмола әскери комиссариатымен
майданға шақырылып 853 атқыш полкында, одан
кейін 9-шы батыс-атқыштар, 226 атқыш
бригадаларында, 15 теңіз бригадасында, 205
атқыш батальоны құрамында Жапонияға қарсы
соғысқа қатысады.
1946 жылы еліне оралып, 1948 жылы Балқаш
қаласында ветеринар мектебін бітіріп, көп жылдар
веттехник, күзетші ретінде еңбек етеді. 1985
жылы зейнеткерлікке шығады.
«Жапониядағы жеңіс үшін», «Германиядағы жеңіс
үшін» және басқа да мерейтой медальдарымен
марапатталған.
8
Жанәбіл Баймағамбетов.
Ұлы Отан соғысы және ІІМ ардагері,
милицияның отставкадағы полковнигі, Нұра
ауданының Құрметті азаматы Жанәбіл
Баймағамбетовтың балалық шағы ауыр 30
жылдарға келді. Бұл елімізді аштық пен қуғын-
сүргін жайлаған жылдар еді. Соғыс басталғанда
18 жастан жаңа ғана асқан жасөспірім болатын.
Жанәбіл Баймағамбетов 1922 жылы Нұра
ауданының Изенді ауылында дүниеге келген.
Өте ерте жетім қалғандықтан, балалық шағын
Казгородок ауылының жетім балалар үйінің
қабырғасында өткізеді.
Мектеп бітірген жылы соғыс басталады. 1941
жылдың тамыз айында Қызыл Әскер қатарына
шақырылады. Көптеген шайқастарға қатысады, оның ішінде атақты Корсунь-
Шевченко операциясы да бар. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін ІІІ дәрежелі
Даңқ ордені, «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Германиядағы Жеңіс үшін»,
«Кенигсбергті алу», Кеңес Одағының маршалы атымен аталған «Жуков»
медальдерімен марапатталады. Еңбек жолын аудандық партия комитетінде
насихаттаушы лауазымынан бастайды. 1947 жылы оны құқық қорғау орындары
қызметке шақырады.
Құқық қорғау саласында ол өз қызметін Щербаков пен Изенді ауылында
учаскелік инспектор қызметінен бастайды, кейін паспорт столының бастығы,
қылмысты іздеу қызметінің төтенше өкілі болып жұмыс істейді. Соңғы он жыл
қызметін ведомоствадан тысқары күзет бастығы болып жұмыс істейді. Оның
қызметі ҚР "IIM мінсіз қызметі үшін" медальмен және басқа көптеген
марапаттаулармен аталып өтілген. 2005 жылдың 7 сәуірінде Нұра ауданының
Құрметті азаматы атағын иеленді. 2007 жылы қайтыс болды.
Михаил Степанович Безбородько
Михаил Степанович Безбородько 1925 жылдың
10 тамызында Украинаның Виница облысының
Шарогород ауданында Лопотищино селосында
туған. Жетіжылдық білім алғаннан кейін,
Днепропетровск қаласындағы темір жол
техникумына оқуға түскен. Әскери атағы – сержант.
1943 жылы 18 жасында, техникумды аяқтамай жатып
Шарогород аудандық әскери комиссариатымен әскер
қатарына шақырылады. 1-ші Украин майданына
түсіп, 81116 әскери бөлімшенің құрамында
соғысады. Польшада ауыр жарақат алады.
«Германиядағы Жеңіс үшін», «1941 - 1945жж. Ұлы
9
Отан соғысына қатысқаны үшін» медальдарымен, «Отан соғысы» орденімен
марапатталған.
1960 жылы отбасымен Қазақстанға тың жерлерді игеру үшін көшіп келеді.
«Донской» (қазіргі Құланөтпес) шаруашылығына тракторшы болып жұмысқа
тұрады. 1964 жылдан 1968 жылы бригадир болып жұмыс істейді.
1985 жылы зейеткерлік демалысқа шығады.
2010 жылы Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.
Дмитрий Ефимович Глушко
Дмитрий Ефимович Глушко 1924 жылдың 12
қаңтарында Гомель облысы Петровский ауданында
туған.
Майданға 1943 жылы Гомель әскери
комиссариатымен шақырылды. 130-і Петровский
бриагадасының құрамында 1943 жылдың қазан
айына дейін соғысқа қатысты жараланған.
Соғыс аяқталғаннан кейін Нұра ауданының
Пржевальский ауылында механизатор, жүргізуші
болып еңбек етті.
1985 жылы зейнеткерлікке шықты.
«Германиядағы Жеңіс үшін», «Жуков» және басқа
медальдармен марапатталған.
Николай Федорович Дудкин
Николай Федорович Дудкин 1923 жылы
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Черниговка
(қазіргі Көбетей) ауылында туған. Әскери атағы –
сержант.
1942 жылы Нұра әскери комиссариатынан майданға
шақырылады. Осы жылдың қаңтарынан маусымына
дейін жеке миномет батальонының командирі
ретінде Сталинградты азат ету үшін жүріп жатқан
шайқасқа қатысқан. 1942 жылдың мауысым айынан
желтоқсанға
дейін
114
танк
батальонында
жүргізуші-механик ретінде жүреді. Желтоқсаннан
1943 жылдың шілдесіне дейін 464 атқыштар
полкінің
зеңбірек
командирі
болды.
1943 жылдың шілдесінен 1944 жылдың ақпанына
дейін госпитальде емделген. Одан кейін 77 жол
отрядында бөлімше командирі ретінде 1945 жылға дейін әскери борышын
10
атқарды.
1948 жылы Черниговка ауылында механизатор, одан кейін Киевка кентінде
жүргізуші болып еңбек етті. 1985 жылы зейнеткерлікке шықты. «Германиядағы
Жеңіс үшін», «Сталинградты азат ету» және де басқа медальдармен
марапатталды.
2010 жылы Николай Федорович Дудкинге Нұра ауданының Құрметті азаматы
атағы берілді.
Иващенко Николай Корнеевич
Николай Корнеевич Иващенко 1921
жылы Қарағанды облысы Нұра ауданы,
Черниговка ауылында туған. Аға сержант.
1942 жылы Нұра әскери комиссариатымен
майданға шақырылады. 1942-1943 жылдары 1007
миномет полкінде болады.
1943-1945 жылдары осы полктің взвод командирі
болады. 1945 жылдың тамыз айынан қыркүйек
айына дейін Жапонияға қарсы соғысқа қатысты.
Майданда жарақат алған.
Соғыстан кейін Черниговка ауылында орта
мектепте дене шынықтыру және алғашқы әскери
дайындық мұғалімі болып еңбек етті.
Аудан және облыс көлеміндегі спорт
сайыстарында Николай Корнеевич дайындаған оқушылар жүлделі орындарға ие
болып жүрді.
«Қызыл жұлдыз» орденімен және «Жапониядағы Жеңіс үшін», «Германиядағы
Жеңіс үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Белоруссияны азат ету үшін»
медальдарымен марапатталған.
2010 жылы Нұра ауданының Құрметті азаматы атағына ие болды.
Борис Семенович Ишимов
Борис Семенович Ишимов 1925 жылы
Челябинск облысы Ногай ауданы Россыпянск
селосында туған. Майданға 1943 жылы Челябинск
әскери комиссариатымен шақырылды.
2-ші Белорус майданының құрамындағы 37
дивизияда атқыш полкінде бөлім командирінің
көмекшісі ретінде соғысқа қатысты. Соғысты
Жапонияны талқандаумен аяқтады.
«Отан соғысы» орденімен және «Жапониядағы
Жеңіс үшін», «Германиядағы Жеңіс үшін» және
басқа де мерейтой медальдарымен марапатталған.
11
1950 жылдан 1959 жылға дейін Свердловск қаласында геолог – барлау
экспедициясында жүргізуші ретінде еңбек етті.
1959 жылы Қазақстанға көшіп келіп, зейнеткерлікке шыққанға дейін
«Энтузисат» кеңшарында еңбек етті.
Павел Сергеевич Коньков
Павел Сергеевич Коньков 1925 жылы Нұра
ауданы Завьяловка ауылында туған. Әскери атағы
– ефрейтор.
1943 жылы Ұра әскери комиссариатымен майданға
шақырылады. Екінші Украин, Шығыс
майдандарында соғысқа қатысты.
Соғысты 1943 жылдың қаңтарынан маусым айына
дейін 103 атқыш полкінде бастайды. Әскерде 1946
жылға дейін 1007 атқыш полкінде болды. Әскерде
1948 жылға дейін болды.
Соғыстан кейін Завьяловка ауылында
басқарма, нефтебаза меңгерушісі болып 1985
жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті.
«Отан соғысы» орденімен, «Жапониядағы Жеңіс
үшін», «Германиядағы Жеңіс үшін»
медальдарымен марапатталды.
2010 жылдан Нұра ауданының Құрметті азаматы.
Макажанов Нурсапа
Мақажанов Нұрсапа
Мақажанов Нұрсапа 1924 жылы Өркендеу
ауылында туған. Ұлы Отан соғысының ардагері.
Нұра комсомолының бірінші хатшысы. Шахтер нан
қабылдау пунктінің директоры болған.
Марапаттаулары: ІІ Ұлы Отан соғысы
ордені, мерейгерлік медальдар. 2006 жылдың 6
қаңтарынан Нұра ауданының Құрметті азаматы.
12
Макаров Николай Васильевич.
1920 жылы Целиноград облысының Шучинск
қаласында дүниеге келген.
1940 жылы әскерге шақырылады. Атақты Қызыл
Тулы Алыс Шығыстағы құрылысшылар
батальонында әскери борышын өтейді.
Соғыс басталғаннан 87 гаубица артиллериялық
полкінде, 95-ші гвардияның Сталинградтық
артиллериялық бригадасында барлаушылар
бөлімшесінің командирі болады.
Жауынгерлік ерліктері үшін екі Қызыл Жұлдыз
орденімен, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, І
дәрежелі Даңқ орденімен, «Ерлігі үшін»,
«Кенигсбергті алғаны үшін», «Германиядағы Жеңіс үшін», медальдарымен
марапатталған. 1944 жылы Витебск үшін шайқаста бастан ауыр жараланған.
Соғысты Кенигсбергте аяқтаған.
Николай Васильевич елге оралғаннан кейін Осакаровкадағы «Прогресс»
промартелінің төрағасы болады, «Болышевик» Пиа атындағы, «Тракторист»
совхозында жұмыс істейді. Киевка кентінде 1013 ЖМК бастығы болған. 5-ші
ЖҚБ прораб болып жұмыс істеп жүріп зейнеткерлік демалысқа шықты.
2006 жылы Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілген 4 адамның бірі.
Иван Егорович Меша
1923 жылы туған, сержант. Туған жері
Украинаның Сума облысы Лебединск ауданының
Михайловка селосында туған.
Иван Егорович Меша алғашқы күннен-ақ 17
жасқа толсымен Лебединск әскери
комиссариаты арқылы майданға аттанады. Бұл
1940 жылдың тамыз айы еді.
Севастопольде 747 атқыштар полкінің құрамында
минометші, 759 минометшілер батальонында
минометші болып шайқасады. Соғысты 1945
жылы Венгрияда аяқтайды.
І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен,
«Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германиядағы Жеңіс
үшін», «Украинаны азат ету үшін», «Жуков»,
мерейтой медальдарымн марапатталған. Аяғына жарықшақ тиіп жаралы болған.
50 жылдардың ортасына дейін ІІМ органында құпия құжаттар тасымалдау
жұмысын атқарған. Содан кейін Тың игеру жылдарында Нұра ауданына қоныс
аударып, Заречное ауылында көрікші болып жұмыс істейді. 1980 жылы
13
зейнеткерлік демалысқа шығады.
2010 жылы Нұра ауданының Құрметті атағы берілді
Петр Михаилович Свиденко
Петр Михаилович Свиденко 1926 жылы
Нұра ауданының Киевка кентінде туған, әскери
атағы – ефрейтор.
1944 жылы Нұра әскери комиссариатының
шақыруымен майданға аттанады. Майданда
118 полк құрамында ұрыстарға қатысады.
Елге қайтып оралғаннан кейін Черниговка
ауылында механизатор болып жұмыс істейді.
1986 жылы зейнеткерлікке шыққан.
«Отан соғысы» орденімен, «Кенигсбергті алу»,
«Германиядағы Жеңіс үшін», «Ерлігі үшін»,
«Украинаны азат ету» және де басқа
медальдармен марапатталған. 2010 жылы Нұра
ауданының Құрметті азаматы атағын алған
соғыс ардагерлерінің бірі
Иван Иванович Старчевой
1924 жылы Қарағанды облысының Нұра
ауданының Ивановка (қазіргі К. Мыңбаев
атындағы) ауылында дүниеге келген.
Нұау аудандық әскери комиссариатынан 1942
жылы соғысқа аттанған. Батыс майдан мен
Белоруссияда 7504, 7507, 7446 әскери
бөлімдерінде шайқасқан. 1945 жылдан 1950
жылға дейін Белоруссияда атқыш болып әскери
қызмет атқарады.
Иван Иванович Старчевойды Ұлы Отан
соғысының жалыны 9 жылдай шарпыған.
Белоруссияның азат етілген қалаларының
бірінде Жеңісті қарсы алған ол, өзінің әскери
қызметін одан әрі жалғастырады, қиратылған
қалаларды көтеріп жатқан фашист
тұтқындарды күзетеді. Орманды сағалаған
қашқындар мен сатқындарды ұстауға қатысады.
ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Германиядағы Жеңіс үшін», «Минскіні азат
ету», «Жуков» және т.б. мерейтой медальдарымен марапатталған.
Соғыстан оралғаннан кейін Иван Иванович Нұра ауданының Киевка кентінде
жүргізуші болып жұмыс істейді. Зейнеткерлік демалысқа 1984 жылы кетеді.
Ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне
14
қатысады.
2010 жылдан Нұра ауданының Құрметті азаматы.
Василий Пантелеевич Скорик
Василий Пантелеевич Скорик 1925 жылы
Нұра ауданы Киевка кентінде дүниеге келген.
1942 жылы Нұра әскери комиссариатымен
майданға алынды.
1942-1944 жылдары минометші ретінде 1007
атқыш полкінде, 1944 жылдан 1945 жылға
дейін 64 атқыш полкінде, одан кейін
Жапониямен соғысқа қатысты. 1945-1948
жылдары 504 атқыш полкінде әскери борышын
атқарды.
Соғыстан кейін Черниговка ауылында
механизатор болып зейнеткерлікке шыққанға
дейін еңбек етті.
«Жапониядағы Жеңіс үшін», «Германиядағы
Жеңіс үшін», «Ерлігі үшін» және де басқа
мерейтойлық медальдармен марапатталған.
2010 жылы Нұра ауданының Құрметті азаматы атағын алған 17 майдангердің
бірі болды.
Михаил Пантелеевич Скорик
Михаил Пантелевич Скорик 1926
жылы Қарағанды облысы Нұра ауданы
Черниговка ауылында туған.
1942 жылы Нұра әскери комиссариатымен
майданға шақырылды. 1942 жылдан 1945
жылға дейін 3673 атқыш полкінің
құрамында соғысқа қатысты. 1945-1948
жылдары ішкі істер министрлігінің 382
атқыш полкінде әскери борышын
жалғастырды.
1988 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін
Черниговка ауылында еңбек етті.
«Жапониядағы Жеңіс үшін», «Германиядағы
Жеңіс үшін» және де басқа мерейтой
медальдарымен марапатталған.
2010 жылы оған Нұра ауданының Құрметті
азаматы деген атақ берілді.
15
Өмен Тұрмағанбетов
Өмен Тұрмағанбетов 1926 жылы
Қарағанды облысы Нұра ауданы Алғабас
колхозында дүниеге келген.
1944 жылы әскери Нұра әскери
комиссариатымен майданға шақырылды, Соғыс
уақытында ауыр жараланған. 1944 жылдан 1945
жылға дейін 885, 290 атқыш полктері құрамында
шайқастарға қатысты. 1945 жылы туып өскен
ауылына оралады.
1949-52 жылдарда дайындау инспекторы, ал
1952 жылдан 1985 жылға дейін мал зауытында
жұмыс істеп, аса шеберлік жұмысымен
ауылдастарының сый құрметіне бөленіп,
зейнеткерлікке шықты.
«Отан соғысы» орденімен және «Германиядағы
Жеңісі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Белоруссияны азат еткені үшін»,
«Ерлігі үшін» және де басқа медальдармен марапатталған.
2010 жылы Нұра ауданының Құрметті азаматы атағын алды.
Ақан Шәкенов
Ақан Шәкенов 1912 жылы Ақмола уезінде
туған. Ефрейтор.
1942 жылы Нұра әскери комиссариаты майданға
шақырды. Сталинградты қорғау шайқасына
қатысқан, жараланып Ржев қаласында емделуде
болған. Соғысты 1943 жылы 90 атқыш
дивизиясында аяқтады.
Соғыстан кейін Казгородок ауалында мал
шаруашылық бригадирі болып еңбек етті. 1980
жылы зейнеткерлікке шықты.
«Отан соғысы» орденімен және «Германиядағы
Жеңіс үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» және
басқа да медальдармен марапатталған.
2010 Өмен Тұрмағамбетовке Нұра ауданының
Құрметті азаматы атағы берілді.
16
Павел Дмитриевич Фоменко
Павел Дмитриевич Фоменко 1925 жылы
Қарағанды облысы Нұра ауданы Байтуған
ауылында туған. Әскери атағы – сержант.
1943 жылы Нұра әскери комиссариатының
шақыруымен майданға аттанады. Забайкальский
әскери округының 833 артиллерия полкінде
байланыс бөлімшесінің командирі ретінде
соғысқа қатысты. Әскери борышын 1945 жылы
Забайкальский әскери округінде аяқтады.
Соғыстан кейін 1985 жылға дейін Черниговка
ауылында кәсіпкерлік училищеде, Cаран
қаласында еңбек етті.
«Отан соғысы» орденімен және «Жапониядағы
Жеңіс үшін», «Германиядағы Жеңіс үшін»
медальдарымен марапатталған.
2010 жылдан Нұра ауданының Құрметті
азаматы.
Рухибаян Юсупов
Юсупов Рухибаян 1924 жылы Башқұрт
АКСР – дің Чакмагар ауданы Гумерово
ауылында туған. Ефрейтор.
1942 жылы Чакмагар әскери комиссариатымен
майданға шақырылды.
1942 жылдан 1943 жылға дейін 32 атқыш
полкінде, одан кейін 38 атқыш полкінде 1945
жылға дейін соғысты.
Соғыстан кейін Алғабас ауылында механизатор
болып 1990 жылға дейін еңбек етті.
«Германиядғы Жеңіс үшін», «Украинаны азат
ету үшін» және басқа да медальдармен
мараптталды.
2010 жылы Р. Юсупов Нұра ауданының
Құрметті азаматы мәртебесіне ие болды.
17
¥лы Отан соғысындағы Кеңес одағы халықтарынын ерлік көрсеткен
жылдары уақыт озған сайын алыстап барады.
Бірақ, адамзат жадынан әлемді фашистік езгіден қутқарған халық ерлігі еш
уақытта өшпес. Бүкіл ел басқа түскен қайғы бүлтын татулықпен, бірлікпен
серпи білді. Көпүлтты Қазақстаннын жауынгерлері соғыста жанқиярлық
ерлік көрсетсе, тылдағы еңбеккерлер жанкештілікпен еңбек етті.
Жерлестеріміздің өшпес ерліктері халықтың мәңгі жадында қалып, әр
буынныц күнделікті есінде. «Жеңіс үшін, майдан үшін» деген үранмен
аянбай ецбек еткен ана - әкелеріміз. Біз үшін өмірін қиган, ортамызда болып
бүгінге жетпегендер мәңгі есімізде.
Халық қашанда өз батырларын сыйлап, қүрметтейді. Тарихқа аттарын
алтын әріппен жазады. Ел басына күн туғанда қолына қару алып, отан
қорғауға аттанған әрбір азаматтьщ қадамы нагыз батырлық. Қаншама
боздақтың аты аталмай белгісіз солдат атымен сүйегі жат жерде қалды.
Қаншама көз қаралы қағазға сенбестен солдат жолына қараумен болды.
Қаншама азамат ессіз ерлік істеп, естен шығып кетті. Қаншама балғын
балалық шақты аттап, үлкендермен бірге тылда тәңертеңнен кешке дейін бел
көтермей еңбек етті.
Осы азаматтардыц арқасында Жеңіс туы желбіреді.
Халқымыздыц зердесінде бүл күн: 1945 жылдыц 9 - мамыры мәңгі есте
сақталады. Өйткені, бүл күн - әлем фашистік қүлдықтан қүтылған күн.
18
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Досжанов,Қ. Абзал аға./ Қ.Жосжанов.//Нұра. – 2001. – 25тамыз
Колодий Иван Михайлович (1912-1954) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков //
Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – С. 203.
Колодий Иван Михайлович // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары:
энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. - 120 б.
Колодий Иван Михайлович // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-
карагандинцы / гл. ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 65-66 б.
Колодий Иван Михайлович // Қарағандылық Совет Одағының батырлары =
Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 23-24 б.
Колодий Иван Михайлович // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары: 2
томдық. / құраст. П.С.Белан, Н.П.Калита. - Алматы, 1969. – 1-т. – 395-396 б.
Лебедев Семен Андрианович (1919) / К. Т. Темірғалиева, Т. Т. Аршабеков //
Ерлік даңқы мәңгі өшпейді. – Қарағанды, 2010. – 89 б.
Лебедев Семен Андрианович // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары:
энциклопедиялық жинақ. - Алматы: Өнер, 2010. – 143-144 б.
Лебедев Семен Андрианович // Қарағандылық Совет Одағының батырлары =
Герои Советского Союза - Карагандинцы. – Қарағанды, 1990. – 36 б.
Мамыраев М. Ғажайып ерлік // Орталық Қазақстан. - 1975. - 8 май (№ 108). - 2 б.
Мустафина С.А.Олардың атымен Киевка көшелері аталады [Мәтін]: ұсынылатын
әдебиеттер көрсеткіші/С.А.Мұстафина. – Киевка – 2008. – 40 бет,
Семен Андрианович Лебедев // Қаhарман қарағандылықтар = Герои-
карагандинцы / бас ред. Г.Ж. Бабулова. – Қарағанды, 2000.- 76-77 б.
Халиолла, М. Жалындап жану./ Халиолла.//Нұра. – 2001. – 5 мамыр.
***
Лебедев Семен Андрианович [электронды ресурс].// - қол жетімді нүктесі:
http://www.karlib.kz/index.php/kz/a-arman-ara-andyly-tar/1571-semen-lebedev
19
Колодий Иван Михайлович [электронды ресурс].// - қол жетімді нүктесі:
http://www.karlib.kz/index.php/kz/a-arman-ara-andyly-tar/1568-ivan-kolodii
Қаһарман қарағандылықтар [электронды ресурс].// - қол жетімді нүктесі:
http://www.karlib.kz/index.php/kz/a-arman-ara-andyly-tar?limitstart=0
ҰОС
батырлары
[электронды
ресурс].//
-
қол
жетімді
нүктесі:
http://www.nuralib.kz/kk/hero_vov
Ауданның Құрметті азаматтары [электронды ресурс].// - қол жетімді нүктесі:
http://www.nuralib.kz/kk/2010
20
Құрастырушы
:
Ақпараттық –
библиографиялық секторының библиографы
Жапарова А.Ғ.
Қарағанды
обл., Нұра ауданы,
Киевка кенті, Абай көшесі 37
Телефон/факс: 8 (721
-44) 21-2-07, 22-2-10, 22-7-20
htpp://nuralib.kz
E-mail: nura70@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |