НҰргелді уәлиев сөз мәдениеті


Қазақ ССР Ғылым академиясының хабарлары. «Тіл әдебиет сериясы», 1980, № 3, 5-бет



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата03.01.2017
өлшемі450,47 Kb.
#1067
1   2   3   4   5   6

Қазақ ССР Ғылым академиясының хабарлары. «Тіл әдебиет сериясы», 1980, № 3, 5-бет.

өзгеше мағына телу қай тілде болмасын кездесіп отырады. Мысалы,

әуелде фауна «орман мен дала жаратушысы», флора «гүл мен көктем

тәңірі» деген мифтік сипаттағы латын сөзінің тілде өзгеше терминдік

ұғымда жұмсалатындығы аян.



Ғарыш  сөзінің   қазақ   топырағындағы   мағынасы   «алыс   аспан,

шырқау биік».

Дариядан артық ақылың, 

Төбең биік ғарыштан. 

Қартайғанда бір көріп. 

Зират етіп қайтуға 

Жамбыл келді алыстан

(Жамбыл).

Ғарыш  сөзінің   осындай   қолданысына   қарағанда,   оның   діни

мазмұнға   байланысты   ұғымы   бұл   атаудың   жаңаша,   «қосмос»

мағынасында   жаңғыруына   бөгесін   бола   қоймайды.   Ал  ғарыш  пен

космос сөзінің, екі сөздің, бір ұғымда жұмсалуы ше?

Тілімізде белгілі бір ұғымның бірнеше сөзбен аталатын орайлары

бар: жазушы – қаламгер, суреткер, егінші – диқан; мұғалім, оқытушы –

ұстаз т. б. Бұл – әдеби тілдің стильдік айырым жігін даралай түсетін

белгілер.   Олай   дейтініміз   сөздердің   қолдану   аясы,   жұмсалу   орны

осындай   мәндес   сөздер   арқылы   саралана   түседі.  Жазушы,   мұғалім,

оқытушы  сөздері   әдеби   тілдің   барлық   тармақтарына   (стильдеріне)

тән   бейтарап   сөздер   болса,  қаламгер, суреткер, ұстаз  публицистика,

көркем   әдебиет   стиліне   тән   мазмұны   көтеріңкі   қолданыстар.

Мысалы,   ресми   стильде  СССР   Жазушылар   одағының   мүшесі  деп

айтуға болатыны белгілі де, осы ұғымды СССР Қаламгерлер одағының

мүшесі деп қолдану лайықсыз болар еді. Тіліміздегі космос пен ғарыш,

космонавт  пен  әуегер  сөздері   де   осы   тәрізді.  Космос,   космонавт

сөздері   әдеби   тілдің   барлық   тармақтарына   тән   қолданыс   болса,



ғарыш,   әуегер  сөзінің   публицистика,   көркем   әдебиет   тілінде

жұмсалуы   орынды.   Бұл   сөздерді   ғылыми   әдебиетте,   ресми   тілде

қолдану – стильдік нормадан ауытқу.

Елімізде ғылым, өндіріс, шаруашылықтың әр алуан салаларының

қарқынды   дамуы  тіліміздің  сөздік  құрамына  да   әсер  етті.  Тілімізде

терминдер   мен   терминдік   ыңғайдағы   сөздер   де   көбейді.   Тіпті

баспасөз бетінде олардың тым жиі жұмсалуы, әсіресе публицистика

(газет-журнал,   радио,   телевизия   саласындағы   тіл)   стилінде

терминдерге   экспрессиялық   балама   іздеу   тенденциясын   күшейте

түсті. Сондықтан болар, астықты алтын дән, көмір мен мұнайды қара



алтын,  малды  аяқты   қазына,  телевизорды  көгілдір   экран,   теледидар

т.б.   деп   атау  дағдылы,   қажетті   қолданысқа   айналып   отыр.   Бұларды

термин   сөздердің   «қосарында»   жүретін   ерекше   экспрессиялы


сыңары   деуге   болады.   Егер   қазақ   тілі   тек   қана   ғылымның   немесе

ресми   қарым-қатынастың   ғана   тілі   болса,   онда   экспрессиялы

қолданысқа   зәру   де   болмас   едік.   Бірақ,   жоғарыда   аталғандай,

экспрессиялы сөз қатарларын қызметіне сай жұмсамау әдеби тілдің

стильдік нормасына нұқсан келтіреді, кей жағдайда тіпті өрескел әрі

түсініксіз   көрінеді   (мысалы,   ешбір   адамның  «5   тонна   қара   алтын

түсіріп алдым, бір қап алтын дән алдым» деп сөйлемейтіндігі белгілі).

Сөз мәдениеті алдымен тіл амал-тәсілдерін дұрыс қолданудан, сөз

жатықтығынан   басталады.   Ал   жатық   сөздің   негізгі   арқауы   –   әдеби

тілдің нормасы. Бірақ жоғарыда айтылған бірлі-жарым мысалдардың

өзінен-ақ   әдеби   тіл   нормасының   табиғаты   күрделі   кұбылыс

екендігін, оның әр түрлі ерекшеліктері болатындығын да байқадық.

Әсіресе   қатаң   норма   мен   босаң   норманы   дәл   айыра   білу,   босаң

нормаға   байланысты   тілдік   варианттардың   ерекшелігін,   жарыспалы

сыңарлардың   бір-бірінен   артықшылығын   сөзіне   білу,  олардың   қыр-

сырын   дұрыс   байқай   отырып   саралай   жұмсау,  түптеп   келгенде,   сөз

жатықтығына қойылар талаптар.

Қазіргі   қолданысымызда   босаң   нормаға   жататын  мүлде   басқа   –



мүлдем басқа, мынадай – мынандай, шын мәніндегі – шын мәнісіндегі,

жалғыз   –   жаңғыз,   түгелдеу-   түгендеу  т.   б.   варианттардың   алдыңғы

сыңарына   баспасөз   беттерінде   редактор   қаламының   еркіндік   бере

бастағаны   сезіледі.   Бұлай   болуы   орынды   да,   өйткені  мынандай

дегенге   қарағанда  мынадай  нұсқасы   ықшам.   Тіл-тілге   ортақ

заңдылық бойынша ықшам, жинақы қолданыстар (варианттар) тілдің

коммуникациялық қызметіне қолайлы көрінеді. Ал жалғыз – жаңғыз,



түгелдеу – түгендеу варианттарындағы жалғыз, түгелдеу тәрізділердің

артықшылығы   –   бұлардың   өзге   тұлғада   кездесуі   мен   дербес

қолданылуы:  жалғыз, жалқы, түгелдеу, түгел, түп-түгел.  Осылардың

жарыспалы   сыңарлары  жаңғыз   (жаңқы  түрінде   қолданылмайды),



түгендеу   (түген,   түп-түген  деп   айтылмайды)   тәрізділерден   мұндай

ерекшелік   байқалмайды.   Варианттардың   бір-бірінен   осындай

өзгешеліктері   сөзіле   бастаған   кезде-ақ   әдеби   тіл   нормасына

немқұрайлы   қарамайтын   оқушы   артықшылығы   бар   сыңарларға   жіп

таға бастайды. Ал қатаң норма түріне байланысты ақау жіберу әдеби

тіл   нормасына   жаттықпаған,   тіл   мәдениетіне   жүрдім-бардым

қарайтын адамдарда жиі ұшырасады.

Ой қырымда елімнің аты қандай,

 Әр атауда талай сыр жатырғандай, 

Жай көл емес, киелі мынау айдың. 

Жазираға жарасқан жарқын маңдай

( Журналдан ).


Ақынның   жазирадағы   айдынды   жарқын   маңдайға   теңеген   әдемі

образды   жолдарының   сымбаты   әдеби   тіл   нормасынан   ауытқудан

барып бұзылып тұрғандығы бірден аңғарылады.

Әдеби   тілдің   нормасынан   ауытқудың   кейбір   түрлері   тілдегі

жарыса  өмір сүріп жатқан варианттарға байланысты болса, кейбірі

оған мүлде кереғар. Әдеби тілде жүйеленген, қатаң нормаға түскен

тілдік  амал  –  тәсілдерді  талапқа  сай  қолданбау  сөз  жатықтығының

бұзылуына   себеп   болып   жатады.   Мысал   келтірелік.   Қазақ   тілінде



самай  сөзінің  самай  шаш,  самайын  қырау шалған  тәрізді   орындарда

жұмсалып, адамға байланысты қолданылатыны белгілі. Солай бола

тұрса да біз бір автордың былай деп жазғанын, оқимыз: «Баса киген

түлкі   тымағының   екі   самайына  қалың   қырау   қатқан.   Өзен   қария

шанадан   түскені   болмаса   қозғалмай   тұр»   (газеттен).   Оқушы   секем

алатын   қолданыс   –  тымақтың   самайы.  Секем   алған   жерде   –

селкеулік бар. Нормадан жөнсіз  ауытқуды жөн көре берсек,  екінші

біреудің тымақтың желкесі деп тіркестірмесіне кім кепіл? Нормадан

ауытқудың   мұндай   түрлері   кейде   тіл   білмегендіктен   емес,

мұқиятсыздықтан   кетіп   жататын   мүкістіктер.   Ал   енді   мына   бір

үзіндіні   оқып   қарасаңыз,   автор   сөзді   ойнақы   құрам   деп,

қойыртпаққа айналдырып алған: «Адамның кенет толуы не дұрысқа,

не бұрысқа көнбейтін өліара сәт қой. Екі қолын қайда қоярын білмей

абыржып   қалмасы   бар   ма?   Ақыры  арқасына   айқастырып   салды  да

бұтағын   сыпырып,   сылып   алған   сырғауылдай   сидия   қалды...   Сол

мұң   екен,   үстіңгі  еріннің   сол   жақ   құйрығы   дір   етіп   шапши   қалды...

Әкесі  күлмей ғұмыр  кешті,  қиратқанда  күлімсірейтін,  сонда ернінің



сол жақ құйрығы өстіп жоғары шапшып қалушы еді... Костюм үстіне

түскен алақаны  матаны   уыстап   мыжғылай   берді»   (газеттен).  Қолды

арқасына   салу,   еріннің   құйрығын   шапшыту,   өліара   сәт,   алақанды

костюм үстіне түсіру, алақанға матаны мыжғылату дегендер кімге де

болса,   әсіресе   қалам   ұстап,   тіл   кестелеймін   деушілер   үшін

кешірімсіз.   Мұндай   тігісі   теріс   тіркестер   жазушыдан   талап   етер

көркем   тілді   айтпағанның   өзінде   тіпті   жатық   тілге   қойылар

талаптың   маңайына   да   келмейтіндігі   көрініп   тұр.   Оқушы

наразылығын   тудыратын   мұндай   бұрыс   қолданыстар   газет-журнал

беттерінде орынды сыналып та жатады.

Сөз   жатықтығына   қойылар   талаппен   мүлде   сыйыспайтын   ағат

қолданыстардың   көзге   шыққан   сүйелдей   болып   баттиып   тұратыны

да,   бидай   арасында   өскен   бидайықтай   көзге   бірден   шалына

қоймайтындары   да   болады.   Сөз   мәдениеті   үшін   әсіресе   соңғысы

қауіпті. Өйткені ондайлар ет үйрене келе кейбіреулердің дағдысына

сіңеді. Сөз жатықтығынан қиыс жатқан қолданыстың бірін байқаған

Ғ.   Мүсіреповтей   сөз   зергерінің   мына   ескертуін   еске   түсіре   кету

артық   емес.   Газет   бетінде   жарияланған   аударма   әңгімеден  жайма


шуақ таң сәріде  дегенді ұшыратқан жазушы: «Таң сәріде жайма шуақ

болмайтынын   білмейді-ау   деймін.  Жайма   шуақ  деп   кешегі,   не

болмаса бүгінгі күннің сипатын айтады. Тегінде, мал жаюға болатын

қысқы   күннің   шуағын   айтады.   Таң   сәріде   де,   тұтас   алғанда   түн

мезгіліне де мұның қатысы жоқ» дейді.

Сөзді былай қолдану дұрыс, былай қолдану бұрыс деп баға беру

оп-оңай   шешіле   салатын   да   шаруа   емес.   Оны   кейде   газет-журнал

беттерінде ара-тұра айтылып жүрген тартысты пікір таластардан да

байқайсыз.   Тіліміздегі   бір   алуан   сөздердің   жұмсалуын   кейбіріміз

даулы деп білсек, екінші біреуіміз ондай сөздерді өз мағынасына сай

қолданылған   деп   танимыз.   Сондай   сөздердің   бірі   –  паш етті.  Осы

сөздің   мағынасы   кейбіріміздің   түсінігімізше   мүлде   бұрмаланған:

«Парсыдан   кірген  «паш»  деген   сөз   де   көп   жағдайда   бұрмаланып

алынып   жүр.   «Паш   ету»   деген   –   әшкерелеу,   қылмысының,   не

айыбының   бетін   ашу   деген   мағынада...   Ал   бізде   кейбір   жолдастар

оны   «дәріптеу»   деген   мағынада   қолданады»   (газеттен).   Бұл   сөз

жөнінде   өз   ойын   ортаға   салған   екінші   бір   автордың   пікірі   де   осы

тәрізді:   «Өлеңнің   соңғы   жолдары   есіңізде   шығар:   «Зорлығын

Мұстафаның паш қыламын!». Сөзіне орай әні қандай қуатты. Жапа

шегіп   жасыған   бейшараның   мұңы   емес,   зорлықшының   кінәсын

дүйім   жұрттың   алдыңда   бетіне   басып   тұрған   айыптаушының   өр,

асқақ үні қазақ құлағында мәңгіге қалғандай.

Енді бүгін біз газет-журнал беттерінен екі күннің бірінде: «Әрбір

100   бас   саулықтан   150   бас   қозы   өндірген   Пәленшеев   Түгеншенің

еңбегі паш етуге лайық» тәрізді сөйлемдерді оқитын болдық. Байқап

отырсыз ба, мағына қалай өзгерген?

«Әшкерелеу», «масқаралау» мағынасындағы сөз мүлдем керісінше

«мадақтау»,   «марапаттау»   ұғымын   бүркеніп   шыға   келіпті»

(газеттен).

Бірінші   келтірілген   мысалда   автор  паш  сөзінің   парсы   тілінен

енгендігін дұрыс айтқан. Бірақ осы сөздің қазақ тіліндегі мағынасын

екі автор да дәл көрсетіп, дұрыс түсінбеген.  Паш ету –  «әшкерелеу,

қылмысын,   айыбын  ашу»   емес,   тіркестің   мағынасы   –  «жария   ету»,

«әйгілеу»,   «білдіру».   Көркем   сөздің   көрнекті   зергерлері   бұл   сөзді

осы мағынада қолданған. Бірер мысал: «Тауының Шыңғыс, биігінің

Хан   аталғаны   да   сол   Шыңғыс   ханның   мекен   еткен   конысы   екенің



паш   етеді».  «Сылдыраған   шолпысы   әлдеқайда   былдыраған   тілмен

Тоғжанның   келері   мен   кетерін  паш   етеді  (М.   Әуезов).  Паш   етуге

байланысты   осындай   мысалдарды   өзге   де   суреткерлер

шығармасынан   кездестіруге   болады.   Бұл   жерде  паш   ету  сөзін

жоғарыда   айтылған   пікірдегідей   «масқаралау,  айыбын   бетіне   басу,

кылмысын   ашу»   деп   түсінсек,   «Тоғжанның   келері   мен   кетерін

шолпысы   масқаралап,   қылмысын   ашып   тұр»   деп   ұғар   едік.   Осы


мысалдың   өзінен-ақ  паш   ету  сөзінің   мағынасы   «әйгілеу»,

«жариялау»,   «білдіру»   екендігін   байқаймыз.   Атақты   әнші,

композитор Жаяу Мұсаның «Зорлығын Мұстафаның паш қыламын»

деуін де «жұртқа жария етемін, әйгілеймін» деген мағынада түсіну

керек.

Паш ету  тіркесінің кейбірімізді «жаңылдырып» отырған тағы бір

сыры бар.

Сөз   –   аса   күрделі   категория.   Белгілі   бір   сөздің   заттық

мағынасымен   бірге   реңі   де   болады.   Сөздің   заттың,   ұғымның   аты

ретінде   білдіретін   мағынасы   лингвистикада   денотациялық   мағына

деп аталады.



Паш ету сөзінің «жариялау, әйгілеу, жұртқа жаю» деген мағынасы

–   денотациялық   мағына.   Ал   бірсыпыра   сөзде   осы   мағынаға   қоса

коннотациялық   мағына   да   болады.   Сөз   реңі   деп  отырғанымыз   осы.

Мысалы,   қазақ   тілінде  дидар  деген   сөз  бет-әлпет,   түр-түс  деген

мағынаны   (денотациялық   мағына)   білдіреді,   оған   үстеме   бұл   сөзде

жағымды   рең   бар   (коннотациялық   мағына).  Бет   әлпет,   дидар

сөздерінің   заттық   мағынасы   бірдей   болғанымен,   бірінің   орнына

екіншісін   қолдануға   болмайды.  Бет   әлпеті   келіспеген,   бет   әлпеті



нашарлау  дегенді  дидары   келіспеген,   дидары   нашарлау  деуге

болмайтыны   белгілі.  Дидар  сөзінің   мұндай   орындарда   жұмсалуына

бұл сөздің жағымды реңі (коннотациялық мағынасы) ырық бермейді.

Сұңқар  сөзі   –   белгілі   бір   құстың   атауы.   Енді   осы   сөз  жігіттің

сұңқары  дегенде жағымды рең алады. Сөйлеуші баяндалып отырған

жайға   іш   тарта   сөйлегенде   сөзді   жағымды,   жағымсыз   реңіне   қарай

талғап   қолданады.   Сөздің   заттық   мағынасына   ғана   назар   аударып,

реңін   елеп-ескере   бермейтіндер  қадап   айтты,   шұқшия   айтты  деп

сөзімге   жағымсыздау   сөйлейді.   Мұндайда  шегелеп   айтты,   мұқият

айтты деудің жөні бір басқа екендігі көрініп те тұр.

Сонымен, ана тіліміздегі бір алуан сөздің заттық мағынасына қоса

жағымды   немесе   жағымсыз   реңі   де   болады.   Ал   көптеген   сөз   бұл

қасиеттен   қалыс   тұрады   да,   бейтарап   реңде   болады.   Ақындар,

жазушылар,   журналистер,   өнер-білім   қайраткерлері,   өзге   де   сөзге

шебер   адамдар   тілде   «дайын»   күйде   кездесетін   жағымды   немесе

жағымсыз   сөздерді   таңдап   қана   қоймайды,   сонымен   бірге   ол

сөздерге   айтар   ойының   мазмұнына   сай   етіп,   көздеген   мақсатына

орай әр түрлі бояу дарыта алады. Бұл – сөйлеушінің тіл шеберлігіне

байланысты.

Уақыт өте келе тіліміздегі кейбір сөздердің мағынасы да өзгеріп

жатады.   Ал   кейбірінің   мағынасы   емес,   тек   реңі   өзгереді,   жағымды

реңдегі   сөз   жағымсыз   реңге   көшеді.   Еліміздегі   саяси-әлеуметтік

өзгерістерге байланысты бай, манап, патша тәрізді сөздердің ұнамсыз



контексте   жұмсала   бастағаны   белгілі.   Сондай-ақ   реңі   жағынан

бейтарап сөздер жаңа бір рең алуы да ықтимал. Міне бұл мәселе –

сөз   мағынасының   өзгеруі   деген   кұбылыстан   бөлек   қарауды   талап

етеді.


Әуелден  паш   ету  сөзінің   қазақ   тіліндегі   мағынасы   «жария   ету»,

«әйгілеу», «жұртқа білдіру». Осы сөздің бастапқыда бейтарап реңде

болғандығын   «Абай   жолы»   эпопеясынан   алынған   мысалдан-ақ

аңғаруға   болады.   Тіл   жұмсау   дағдымызда   бұл   сөз   мына   тәрізді

контекстерде жиі қолданыла келіп, бейтарап реңнен жағымды реңге

көшті:


Октябрь күнінің 

Он екінші тойында 



Паш етейін бір істі 

Көптен жүрген ойымда



(Сәкен Сейфуллин).

Жарқ етті күн шұғыласы шам жанғандай,

Қас дұшпан қайғыланды қам қылғандай.

Әлемге паш етілді бір зор есім,

Тамаша айдай әлем таң қалғандай.

Ол есім Ленин еді таң атырған,

Ол өзі нұр шұғыладан жаратылған.

(Нұрхан Ахметбеков).

Паш   етті  сөзінің   осындай   ұнамды   контексте   жиі   жұмсалуын,

жағымды   реңге   көшуін   қазақ   әдеби   тілінің   үлкен   бір   арнасы   –

публицистика   стилі   жеделдете   түсті.   Әдеби   тілдің   өзге   саласына

қарағанда   газет-журнал   тілінде   жағымды   реңдегі   сөздер  (ұстаз,



диқан, еңбеккер, ғарыш, шамшырақ, түлектер, еңбек ардагері, азаткер т.

б.),   сондай-ақ   жағымсыз   реңдегі  (басқыншылар,   итаршы,   қанқұмар,



қаскөй  т.  б.)   сөздер   аса   жиі   қолданылады.   Газет   тілінің   бұлай   болу

себебі   түсінікті   де,   өйткені   газет   үні   ерекше.   Ол  өміріміздегі   озық

дәстүрлерді, игілікті істерді жай ғана жазып қоймайды, асқақ үнмен

дәріптей   отырып   жұртшылық   жүрегіне   жеткізе   айтады.   Келеңсіз

жайларды   жай   атап   өтіп   қана   қоймайды,   аяусыз   сынап,   өлтіре

түйрейді. Жұртшылыққа бұлай әсер ету үшін газет тілі әдеби тілдегі

жағымды,   жағымсыз   реңдердегі   сөздерді   молынан   пайдалана

отырып, өзі де бейтарап сөзге тыңнан рең дарыта біледі.

Әдеби тіл процесіндегі мұндай елеулі өзгерістер тілдің қоғамдық

қызметінің арта түсуіне де байланысты. С. Коэннің ойлап шығарған

нейтрон   бомбасын   капитализм   елдеріндегі   реакцияшыл   баспасөз

«мәдени   қару,   адамгершілік   қаруы,   тек   адамды   ғана   өлтіреді,   ал

материалдық   игілікке  еш   зияны   жоқ»   –   деп,   түрлі   ат  қойып,   айдар


тағып, эвфемизммен (сыпайы сөзбен) бүркемелемек болды. Ал біздің

еліміздің,   социалистік   елдердің   баспасөзі   нейтрон   тәрізді   ядролық

қарудың   адамзат   үшін   тажал   екендігін   ашық   айта   келіп,   жалған

мадақтаудың   бет   пердесін   сыпырып,   өткір,   өтімді   түрде   өлтіре

сынайды. Мұндайда жағымсыз реңдегі сөздерді талғай білудің әсері

айрықша.   «Халықаралық   физиктер   семинары»   деп   айдар   тағылған



жын   ойнақта  С.   Коэннің  түсігін   езуінен   көбік   аққанша   мадақтады»

(газеттен).

Газет   тілі   үшін   бағалауыш   сөздер   (жағымды,   жағымсыз   реңдегі

сөздер)   ауадай   қажет.  Сұхбат  тәрізді   кейбір   сөздеріміздің   қазіргі

кездің   өзінде-ақ   бейтарап   реңнен   жағымды   реңге   көшіп   келе

жатқандығын   байқау   қиын   емес.  Сұхбаттасу  –   «әңгімелесу»   деген

мағынаны   білдіреді.   Бірақ  сұхбаттасты  дегенде   жай   ғана   тілдесу

деп   ұқпаймыз.   Келелі   мәселе   көтеріп,   терең   пікір   қозғаған,

тартымды   да,   әсерлі   әңгімені  «сұхбат»  деп   түсінеміз.   Қоғам

қайраткерлері,   еңбек   ардагерлері,   өнер   майталмандарымен   болған

әңгімеге қазір газеттеріміз «сұхбат» деген айдар тағып жүруі де бұл

сөздің жағымды рең алып келе жатқандығының көрінісі.

Сөзді   лексикалық   мағынасына   сай   дұрыс   қолдана   білумен   бірге

әсіресе   жаңа   рең   алып   келе   жатқандарының   бояуын   сезіне   отырып

жұмсау  –   сөз   мәдениетіне,   оның   ішінде   сөз   жатықтығына   қойылар

талаптың бірі.

Күндегісін   күнде   қолданып   жүрген   сөздің   алуан   қыры   мен   сыры

бар.   Оны   кейде   байқасақ   та,   кейде   байқай   бермейміз.   Бір   ақын   өз

өлеңінде   сөзді   кітапхана   сөресінде   тұрған   кітаптарға   теңеген   екен.

Кейбір   сөздер   қаз-қатар   тізілген   кітаптардай   көз   алдыңда   тұрады,

қол   созып   сөреден   ала   бересің,   керегінше   пайдаланасың.   Ал   кей

сөздер   кітапхананың   алтын   қорында   жатқан   қымбат   қазынадай.

Халықтың өткендегі өмірін, ерлік дәстүрі мен елдігін, қайғысы мен

қуанышын, өлең-жыры мен ұғым-түсінігін сол кітаптардан табасыз.

Тілдегі сөздер де бір-бір кітап. Тек оны оқи білу шарт. Сөз-кітапты

кім   қалай   оқиды?   Басқасын   айтпағанда,   сөз   мағынасы   туралы

бәріміздің   түсінігіміз   бір   жерден   шығып   жата   ма?   Тіл   туралы   қам

жеп,   жақсы   ниетпен   жазылған   мақалаларда   сөз   мағынасы,   оның

тағдыры жайындағы әркімнің түсінігі мен жорамалы әр басқа болып

та жатады. «Мына сөздің байырғы кездегі мағынасы былай еді, қазір

неге басқаша қабылдаймыз? Бұл сөз өзге тілден енгенде өзгеше еді,

енді   танымастай   болып   барады»   –   деп,   ондағы   жаңару   мен

жаңғыруды   жақсы   нышанға   жорымайтынымыз   да   бар.   Сондай

мақалалардың   бірінде  жазира  сөзінің   мағынасын   «түсінбей

қолданып»   жүргеніміз   сөз  болады.   Автордың   сондағы   дәлелі   мына

тәрізді.   Бұл   сөз   араб   тілінен   енген,   төркін   тілінде   білдіретін

мағынасы – «шөл», «арал». Сондықтан масатыдай кұлпырып тұрған


жерді  жазира  дегі атау дұрыс емес т. б. Осындай пікірге қарағанда,

жазира  сөзін   жаңылыс   мағынада   қолданып   жүрген   тәріздіміз.

Кезінде   бұл   пікірге   кейбіріміз   құлақ   асып,   құлай   жығылдық,

кейбіріміз дүдәмал күйде қалдық.

Шындығында,  жазира  араб тілінен енген сөз, мағынасы – «шөл»,

«арал».   Онда   неге  жазира  сөзін   үш   қайнаса   сорпасы   қосылмайтын

гүл,   жасыл  сөздерімен   тіркестіріп  гүл   жазира,   жасыл   жазира  деп

атаймыз?   Бұлай   қолдану   мүлдем   теріс   емес   пе?   «Шөл»,   «арал»

мағынасында өзге жұрттан қоныс аударған бұл сөз қазақ топырағына

алғаш түскен сәтте де «шөл», «арал» мағынасында қолданылған екен.

Жазираны гүлстан ету үшін, 

Төбені ойға аударып  тастаған ер

(Халық   ақындарынан.   Мысал   Н.   Оңдасыновтың   аталған   кітабында

көрсетілген)

4

.   Бұдан  жазира  сөзінің   «шөл»   деген   мағынада



жұмсалғандығын   байқаймыз.   Енді   бұл   сөздің   «арал»   мағынасында

қолданылғандығына мысал келтірейік:

Жолықты бір жазира және тағы, 

Кең арал, мұхит теңіз екі жағы. 

Ғажайып зифа харам бір жазира, 

Адамның бастарындай жеміс бағы.



(Ғашықтық жырлардан).

Сөзге   көне   сипат  беріп,   стилизациялап   жұмсауды   көздеген   ақын-

жазушыларда   болмаса,   бүгінгі   тіл   қолданысымызда  жазира  сөзі

«шөл», «арал» мағынасында қолданылмайды. Бұлай болуы заңды да,

өйткені   алғашқыда   қазақтың  арал,   шөл  тәрізді   төл   тума,   байырғы

сөзімен   бәсекеге   түскен  жазира  басы   артық   қолданысқа   айнала

бастады. Өзінің өзгеру, даму барысында тіл не бір балластан (басы

артық   қолданыстан)   арылып,   өзін-өзі   «реттеп»   отырады.   Бірақ

балластан   арылудың   жолы   әр   түрлі.   Басы   артық   кейбір   сөз,

элементтер   қолданыс   үйірінен   мүлдем   шығып   қалады,   кейбірі,

керісінше,   бәсекелесімен   тайталас   жұмсала   келіп,   өзгеше   мағынаға

ие   болады.   Олай   болса   жазира   сөзінің   мағынасы   қалайша   өзгеріп,

полярлық қарама-қарсы ұғымға ие болды?

Мұндай   өзгерістің   болуы   кездейсоқ,   қисынсыз   емес.   Оның   өз

заңдылығы бар.  Жазира  «шөл» деген бір бүтін ұғымның ғана емес,

сол бүгінге кіретін бөлшектің атауы. Бұл жерде бүтіннің бөлшегі деп

отырғанымыз – шөл мен шөлейт далаларда кездесетін оазис (жасыл

алқап).   Қазақ   тілінде   бастапқыда   бүтіннің   атауы   болған   сөз

белшектің   атауына   көшкен.   Бөлшектің   бүтіннің   атауымен   атала

4  Н .   О ң д а с ы н о в .  Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. Алматы, 1969, 48-бет.



беретінің өзге де мысалдардан байқауға болады. Мысалы,  үкі  – құс,

үкі  –   тақия   мен   домбыраға   әшекей   үшін   тағатын   қауырсынның

атауы.


Сонымен  жазира  сөзі   бүтіннің   бөлшегін   (оазисті)   білдіретін

атауға   көшті.   Кең   байтақ   қазақ   даласы   ұлы   теңіз   тәрізді   көрінсе,

оның   әсем   көріністі   Көкше,   Қарқаралы   тәрізді   оазистері   аралға

ұқсар   еді.   Осындай   оазистер  жазира,   гүл   жазира,   жасыл   жазира

делініп ерекше реңмен аталып жатса, еш жаттығы жоқ. Оны жаман

нышанға жоруға болмайды. Кейбір тілдерде, мысалы монғол тілінде,



арал сөзі «түбек», «остров» әрі «оазис» деген мағынаны білдіреді.

Ертедегі түркілерде де арал  сөзі 1) «остров», 2) «оазис» деген екі

түрлі   мағынаны   білдірген   болуы   керек.  Арал   теңізі  деген

географиялық   атаудың   жасалуына   осы   сөздің   екінші   мағынасы

(«оазис») негіз болуы ықтимал. Құм мұхитының арасынан бұл теңіз

аралдай (оазистей) болып көрінсе керек.

Бұл   –   сөздің   ұқсату   заңдылығы   бойынша   аталуы.   Сөздің   кейде

бүтіннің   бөлшегін   білдіретін   мағынада   жұмсалуы   немесе   ұқсату

арқылы   өзгеріп   отыруы   –   тіл-тілде   болатын   заңды   құбылыс.   Одан

бейхабар   жанға   мұндай   өзгерістер   білместіктен   кеткен   ағат

қолданыстай   болып   көрінеді.   Егер   осындай   қисынды   өзгерістерді

мойындамасақ,   қазіргі   қолданылып   жүрген 



шебер

 сөзінің

мағынасынан да бас тартқан болар едік.

Көктем мезгіл болғанда, 

Көктен кұйған тамшыдай, 



Шебер қыздың қолында, 

Балдағы алтын қайшыдай



(«Қобыланды батыр»)

Қазіргі   тілімізде   «он   қолынан   өнері   тамған   адамды»  шебер  деп

атасақ,   әуел   баста   бұл   «сұлу»   деген   мағына   аңғартқан.   Монғол

тілінде  цэвэр  «әсем»,   «әдемі»,   «таза»,   «сұлу»   дегенді   білдіреді.

Тілдегі құбылыс із-тозсыз кетпейді. Бұл сөздің «сұлу», «әсем» деген

көне мағынасы көршілес тілде сақталған.

Тілімізде   негізгі   мағынасын   сақтаған,   бірақ   тұрақты   сөз

тіркестерінің құрамында айтылғанда өзгеше қызметке көшкен сөздер

де   бар.  Қара  сөзінің   жеке   алғандағы   мағынасы   түр-түсті

білдіретіндігі белгілі, ал кейбір сөздермен тіркес құрай келгенде, бұл

сөз   мүлде   өзгеше   мәнге   көшеді.  Қара   шаңырақ,   қара   орман,   қара

жол.  Бұндай   тіркестерде  қара  сөзі   «ұлы»   «үлкен»   тәрізді   ұғымды

аңғартады.  Қызыл  сөзі   де   осы   тәрізді,   тұрақты   тіркестерде   өзгеше

мәнде   жұмсалады:  қызыл   май   болу  –   «әбден   болдыру,   шаршау»,

қызыл   аяқ  –   «жалаңаш-жалпы»,  қызыл   қарын  –   «жас   бала»


мағынасын   білдіреді.   Осылайша   өзгеше   мағынада   жұмсалатын

сындық ұғымдағы сөздер тіл білімінде ахроматизмдер деп аталады.

Заттық   ұғымды   білдіретін   кейбір   сөздер   де   тұрақты   тіркес

құрамында   айтылғанда   күшейткіш   мәнге   көшеді.   Сондай   сөздердің

бірі   –  қан:   қан   сонар  –   «нағыз   сонар»,  қан   сәске  –   «ұлы   сәске»,

«түске таяу шақ»,  қан сорпа  – «қызыл май болу»,  қан қаза  – «ауыр

қаза»,  қан   қазына  –   «зор»,   «үлкен   қазына»,   қан   базар   –   «қайнаған

базар». Осы соңғы тіркес ақын-жазушы, өзге де қалам иелерінің сөз

қолданысында   «у-шу»,   «қызық   думан»   деген   мағынада   жұмсалады.

«Абай   да   бұрынғы   жылдар   осы   Көлқайнардан   сонау   Байқошқар

өзеніне  жеткенше  он шақты  көшіп баратын сапарды қызығы бітпес

қан   базардың  көшкеніндей   көретін»   (М.   Әуезов).   Мұндай

қолданыстардағы 



қан   базар 

тіркесін 



хан-базар 

түрінде


«дұрыстаудың» қажеті шамалы. Тілімізде қан базарға ұқсас тіркестің

бірі   –  қан   жайлау.  Кейбіреулер   бұл   тіркестің   мағынасын   дәл

түсінбей,   «үлкен   жайлау»   деп   те   ұғады.   Шындығында,   малшы

тұрмысында қан жайлау мезгілдік ұғымға байланысты айтылады 

5

.

Өйткені жайлаудың алғашқы кезеңі, басталар шағы бар. Бұл кез өз



көрінісімен   әсем.   Қыстаудан   көктеуге   шыққан   жұрттың   алды

жайлауға келіп, қоныс тебе бастайды. Жайлау отының сонысына тіс

тимей,   құрағының   қаймағы   бұзылмай   тұрады.   Бұдан   кейінгі   кез   –

қан жайлау. Бұл шақта жайлауға көшетін жұрттың бәрі келіп болып,

бас-аяғы   түгел   жиналады.   Той-думан,   ас-су,  қонақ   кәде,   ат   жарыс,

өнер   жарыс   т.   б.   қызықтардың   өткізілетін   шағы   да   осы   тұс.

Сондықтан да жайлаудың нағыз қызып қайнаған дер кезі қан жайлау

деп аталса керек. Ел салтына байланысты айтылатын мұндай сөздер

М.   Әуезовтей   ұлы   суреткердің   қаламынан   қаға   беріс   қалмаған.

«Үлкен-үлкен   төрт   бөлменің   бұл   сағаттағы   қаракеті   қалың   топыр,

қан жайлаудағы бәс пен астан бір кем емес» (М. Әуезов).

Жайлаудың   той-думаны   азайып,   тұяқ   таптамаған,   жапырылмаған

сонысы   қалмай,   жұрттың   алды   көше   бастаған,   базардың   тарқар

сәтіндей   шақтың   да   өз   атауы   бар.   Ол   –  сары   жайлау.  Жайлаудың

мерзімге   байланысты   атауларын   ғана   емес,   кеңістікке   қатысты

аттарын кездестіреміз: ой жайлау немесе етек, бөктер жайлау, төр



жайлау; кер жайлау. Осылардың ішінде кер жайлауды «кең жайлау»

деп   түсінетіндер   де   бар.   Бұл   түсінік   дәл   емес.  Кер   жайлау  –   «ең

алыс»,   «ең   биік»   жайлау.   Мұндай   жайлауда   у-шу   аз   болады.   Мал

оңаша бағылып, қоңды күтіледі.

I .   К е н е с б а е в .   Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1977, 316-318-бет.


Осындағы  кер  сөзін М. Қашғаридің сөздігінде кездесетін, «аттың

шоқтығы»,   «таудың   төбесі»   деген   мағынаны   білдіретін  керіш

6

атауымен   салыстыруға   болады.   Бұл   сөз   түбір   мен   қосымшадан



құрылуы ықтимал: керші.

Сондай-ақ   тау   беткейін   қуалай   түскен,   етекке   көлбеулеу   жатқан

жол  кер жол  деп аталады. Кей жерлерде  кер  сөзімен аталатын жеке

биіктердің,   шындардың   атаулары  кер  сөзінің   «биік»   деген   ұғымды

білдіруіне   байланысты   қойылуы   ықтимал.  Кертау  –   Орталық

Қазақстандағы биік, Кер – Жоңғар тауындағы шың.

Осындай ерен біткен Жүрек тауын,

Жағалай біткен жасыл алма бауын.

Күн сайын жылы леппен жауып тұрады,

Кербез шың – Кер бұлтынан сепкен жауын.



(Сара Тастанбекқызы).

Сөз   мағынасының   өзгеруі,   қызметінде   жаңа   бір   қырдың   пайда

болуы,  өзгеше   реңге  көшуі  тілдің  өз   заңдылықтары   бойынша  өрбіп

отырады.   Соларға   сүйенбей,   оларды   елеп-ескермей,   «дұрыс»   не

«бұрыс» деп кесім айтып, әркім өз қиялынша топшылау жасап жатса,

көлеңкеге   қарап   пішкен   тоңдай   келіссіз   болып   шығуы   да   мүмкін.

Сөздің де сөзі болғанмен, сарасы бар. Тіл табиғаты мен заңдылығын

дәл   сезініп,   дәлелмен   дұрыс   айтылған   сөздің   жөні   тіпті   бөлек

болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет