Жүсіпбек және «Сарыарқа» газеті
Ұлттың мүддесін, елдің қамын жеген, Алаш Орда
өкіметінің «Қазақтан» кейінгі екінші тынысы болған,
шығып тұрған уағында қырдағы қалың ел арасына
кеңінен тараған басылымның бірі – «Сарыарқа» газеті.
«Сарыарқада» Алаш партиясының саяси бағдарламасы,
Алаш Орда өкіметінің қаулы-қарарлары, саяси мәні бар же-
делхаттары, т.с.с. қазақ тарихы үшін құнды дүниелер сана-
латын құжаттар жарық көрген.
Мұнда
Ә.Бөкейханов,
М.Дулатов,
Б.Сәрсенов,
Т.Құнанбаев, М.Тұрғанбаев сияқты қайраткерлердің,
қалам-герлердің
қоғамдық-саяси
және
әлеуметтік
мәселелерді көтерген көптеген көсемсөз шығармалары
басылған. ІІІәкерім қажының, Сұлтанмахмұттың, Сәбит
Дөнентаевтың кейбір өлеңдері әуелі осы газетте шыққан.
Жалпы, «Сарыарқаның» библиографиясы біршама
түгенделсе де /100/, оның толық, түбегейлі ақтаратын
зерттеушісін күтіп жатқанын естен шығармау керек.
Баста К.Үкібаев деген біреудің, кейін Семей облыстық
қазақ комитетінің, соңында Алаш Орданың Семей облыс-
48
тық кеңесінің баспаханаларында басылған, қаржы жағынан
«Теңдік» серіктігі жәрдем еткен бұл газетке ең әуелі Рай-
ымжан Мәрсеков, сонан кейін ұзақ уақыт Халел Ғаббасов,
жабылғанша Имам Әлімбекұлы редакторлық еткенін,
бірер санын Шанжы Керейбайұлы шығарушы болғанын
жоғарыда айттық.
Жүсіпбек Аймауытұлының «Сарыарқа» газетінде
жа-рыққа шыққан бірнеше мақаласы бар. Солардың
алғашқысы «Тұр, бұқара! Жиыл, кедей! Ұмтыл, жастар!»
деп аталады /101/. Империяда монархия құлап, келмеске
кеткен соң «бостандық» және «теңдік» ұраны көтеріліп,
ел арасына демократия, теңдік идеясы тарай бастайды.
Жүсіпбек бостандық ұғымының тарихи мәнін, саяси аста-
рын, қоғамдық маңызын қыр қазағына ашып жеткізіп
беруге ұмтылады. Ол «біздің қара халық бұ теңдік, бұ
бостандық кімге келген теңдік, бостандық, неменеге
болған бостандық екенін әлі білген жоқ сияқты» деп жаза
келіп, «әуелі сөзге бостандық беріледі» деген түйінін айта-
ды. Бостандық ұғымының негізгі принциптеріне кеңінен
тоқталған көсемсөзші оның қоғамдық-саяси маңызын
ашып көрсетуге тырысады.
Алаш жұрты еріксіз Ресей империясының теліміне
түскен соң 1822 және 1824 жылдары патша өкіметінің
көшпелі елге арнап низам шығарып, қазақтың сая-
си атқару билігін түп-тамырымен өзгертетін хұқықтық
ережені бекіткені белгілі. Осы жылдардан бастап
қазақтың басынан бақ тайып, мемлекеттік құрылысы
бұзылып, империяның отарлы бір аймағына айналғаны
белгілі. Мұнан былайғы уақытта алты алаштың баласы,
Ахаңша – Ахмет Байтұрсыновша айтқанда, «біліммен
би болып, жұрт билейтін заман өтіп, тасың (таспен) би
болатын заманға, ...білімі көптер жұрт билемей, малы
көптер жұрт билейтін заманға» /102/, Жүсіпбектің өз
49
сөзімен айтқанда, «кемеңгер билердің заманы құрып,
адамды мал мен пұлға сатып алатын заманға килікті»
/103/. Губернияға, уезге, болысқа бөлінген қайран қазақ
ғасырлар бойы келе жатқан ел билеу дәстүрінен айыры-
лып, империялық бюрократтық жүйеге бағындырылады.
Патша әкімдерін паралауға, олардың үлгісімен қиянатқа,
зорлыққа, өтірікке, шенқұмарлыққа үйренеді ел жуанда-
ры. Қазақтың Дулат, Мұрат, Шортанбай сынаған, ұлы
Абай жиренген жаңа бір дәуірі дүниеге келеді.
Жүсіпбек өз мақаласында төңкеріс бостандығы әуелі
қалың бұқараға керек деп байлам жасайды. Сөз бостандығы
келді, қара халық, сөзіңді тыңдайтын хакімдер бар деген
насихат айтады. Елдің игі жақсыларына да арнап: «Кел,
мырзалар! Заман ыңғайы шалғырт, шенқұмарлық көксеп,
бұзықтық шығара бермей, өткенге қанағат қылып, кешу
алып, келешекте түзеліп, жанды олжа көріп, тек жүрсек, тоқ
жүреміз» деп жазады. Жоқ-жітікті қанағанды қойып, мем-
лекет болу ұранын қолдайық, іргелі ел болуға жұмылайық
деген тілегін білдіреді.
«Екінші бостандық – бас қосып, қаулы қылып, ұйым жа-
сап, бірлесіп іс қылуға берілген бостандық» деп көрсетеді
осы мақаласында. Орыс елінің ісмерлері, мұжықтары
ұйым құрып әлеуметтік және құқықтық теңдік алып
жатқандығын баян етеді. «Жалғыз-ақ бостандық туғалы
көріп отырған жақсылығымыз мынау: Зайсан уезінің жас
жігіттері, қара бұқарасы (800-дей кісі) «Теңдік заманы» де-
ген ұйым жасап, теңдік ала бастады. Көзге көрінген бір
ісі: Зайсан уезіне хан сияқты әмірі жүрген, орыс, қазағын
бірдей билеген, атақты кемеңгері Ахметжан Шідерин де-
ген қара жүректі ел жұмысына кірістірмей ұстап, жапты-
рып отыр. Шідерин нөкерлерімен қазір Семейде» деп ел
ішіндегі алғашқы бастамаға қуанып, оны үлгі етеді. Алаш
мүддесі деп іске кіріскен ол бірігіңдер, ұйым құрып, қаулы
50
шығарыңдар деп жалаң ғана айтып қоймай, нақты жоспа-
рын да анықтап берген:
«Ұйым бітіретін жұмысын қысқаша көрсетейін:
1) Қара бұқара теңдік әперу жолында бас қосып,
түсіндіріп, партияны тоқтату;
2) Комитеттерге зәбірсіз, таза кісілерден сайлау;
3) Ел ішіндегі атақты зиянды кісілердің көзін жоғалту;
4) Комитеттің істеген жұмысын бақылап отырып,
жамандығы шыққандарды түсіру;
5) Билердің билігін байқап жүріп, қиянат қылған,
пара алғандарын түсірту;
6) Қолы жете алмай жүрген нашарлардың ақысын алып
беруге тырысу;
7) Халыққа алым-шығынды әділшілікпен салдыру: ке-
дейге – кедейше, байға – байша;
8) Елге пайда келтіру жолында мектеп, уақ қарыз
серіктігі, потребительский лавкалар ашу;
9) Ұрыны тыю;
10) Уездной һәм облосной комитеттермен өз тұсынан
хабарласып, не жұмыс болса, халыққа таратып һәм елдегі
жұмысты комитеттерге білдіріп тұру».
Бұл жерде тағы бір арнайы тоқтала келетін жайт –
мақаладағы облыстық комитеттер тұрғысында. Патша-
ны құлатып, жаңа билікті қолға алған, кадеттер басқарған,
рес-публикашыл бағыттағы Уақытша үкімет қазақ зиялы-
ларына сенім артып, өз комиссарларын тағайындайды. Ом-
быда, Алматыда, Ақмолада, Семейде алғашқы облыстық
қазақ комитеттері жұмыс істей бастаған. «Негізгі міндет
қазақ жұртының күшін біріктіріп жолға салу, жаңа биліктің
ел басқару ісін нығайту, болып жатқан өзгерістерді
халыққа уақытында жеткізіп, күнделікті саяси мәселені
шешуге жұмылдыру»/104/ болған бұл қазақ комитеттері
демократиялық бағытты ұстанған. Жүсіпбектің өзі мүшесі
51
болған қазақ комитеттерінің ел үшін игілікті қызмет
атқарғанын осы мақаладан-ақ аңғаруға болады.
«Сарыарқаның» 3-ші санына көсемсөзші осымен үндес
«Партия» деген мақаласын бастырады. Мұнда қазақ
ішіндегі партия туралы ежелгі мағынаның ескіргенін,
ол партияның бұдан былай керек еместігін баса айта-
ды. «Басқа жұрттың партиясының негізгі мақсұты – қай
жолмен болсын, тұрмысын оңдауға тырысу, ал біздің
қазақтың партиясы бұ партияға ұқсамайды, үйткені
қазақ тұрмысын түзетуге жұмысшы, кедейлер бірыңғай
одақтаса алмайды.
Бұл – екі. Партияшылар көптің қамын ойламайды, өз
басының билігін, атағы, мақтануы үшін таласады, бұл
– үш. Ендеше қазақтың партиясы – өзге жұрттан оғаш,
мақсұты, шегі, тілеуі қиғаш, теріс партия» деп қабырғалы
пікір айтады.
Расында да «болды да партия, ел іші жарылды»
(Абай) болған жікшіл, кертартпа, кеселді жүйе империя
саясатының сарқыншағы еді. Осыны түйсінген парасат-
ты қаламгер патша заманындағы партия бөлінісінің шын
пиғылын, арғы көмейін қырдағы елге былайша түсіндіреді:
«...Зәлім ұлықтарға құл керек болды: болысты сүйеді, бо-
лыс дәуірлі... Мұндай зор дәрежеге бектік, атақ көксеген
қазақ қызықпай тұрмады, малды төге берді... Партияға
көмек берген нәрсе – қазақтың тұрмысы, кәсіпсіз қолының
бостығы».
Бірінші жер-жаһан соғысына қазақтан солдат алу
дүрбелеңінен бастап жалғасқан екі жылдайғы алмағайып
мезгіл ішінде ел өндірістік заттарға, азық-түлікке, әсіресе
шай, қант, былғары, ұн, шыт сияқты өнімдерге зәру
болған екен. Осындай әлеуметтік өзекті мәселені «Азық-
түлік жайы»/105/ мақаласында Аймауытұлы назардан
тыс қалдырмайды. Облыстық азық-түлік комитетінің
52
құрылғанын, оның жер-жерде: уездерде, болыстар-
да жергілікті бөлімшелері ашылатынын, халықтың оны
қалай пайдалана алатынын жазып, қырдағы елге қажет
көп мәлімет береді. «Кездемеге, былғарыға, қант, шайға,
ұнға нақ баға кесіледі. Бұл кескен баға осы күні лавкеші
саудагерлердің сататын бағасынан екі-үш есе арзан» деп
империядағы Уақытша үкімет комитеттерінің пайдалы
тағы бір жұмысын жазады. Әр ауылдың ауылнайы тіпті
облыстық азық-түлік комитетіне келіп, керек-жарағын
тізім жасап алып, сатуға көмектесуіне де рұқсат етілгенін
хабарлайды. «Егер жауапты болмай, волосной комитетінің
қиянатын білген, жәбіршілік көрген адамдар тиісті орынға
білдіруі керек» деп тұтынушылар құқын да ескертеді.
«Сарыарқа» газетінде жарық көрген осындай
мақалаларынан Жүсіпбек Аймауытұлының ел келешегіне
қажет әлеумет істеріне араласқанын аңғарамыз, баспасөзде
заман ағымына сай қоғамдық жөне әлеуметтік мәні зор
мәселелерді қозғағанын көреміз.
Аймауытұлы –
«Абай» журналының бас редакторы
Ресей империясының отарлау саясаты өршіп тұрған
кезде түрк нәсілінің ұлы қайраткері Исмайыл Ғаспрәлі:
«Әдебиетте де, әкімшілікте де кез келген халықты
кеңселік шаралармен кейбір істе тыйым салып, кейбір
іске алдаусыратып құптап, қалаған үлгіде қайта жа-
сап шығаруға болар деп ойлайтын қызуқанды патриот-
тар бар» деп жазған екен. Заманында ұлы державалық
шовинизмнің асқынған сыпатын көзімен көрген, жан-
тәнімен сезініп өскен, түрки-ноғай ұлтынан шыққан
атақты ағартушы Исмайыл Ғаспрәлі дәл бағамдағандай,
Ресейдің озбыр отаршылығы, миссионерлік қимылы
XX ғасырдың басында асқынып тұрған еді. Қоғамдық-
53
саяси бағыттағы үстемдігін жыл санап күшейткен,
әлеуметтік-тұрмыстық саладағы ықпалын күн санап
арттырған орыс отаршылары алты алаштың болмы-
сы мен бейнесін әсіресе рухани кеңістікте өзгертуді
мақсат еткені белгілі. «Қазақ даласында православие
миссионерлері жұмыс істеуде... Қазақтар бұл тұрғыда
өздерінің сауатына және қасиетті кітабы – Құранға
қарсы әрекетті көріп, әкімшіліктен ауыл мектептерінде
исламды және қазақша сауаттылықты оқытуға рұқсат
сұрады. Бұл өтініш қабылданбады» деп жазыпты орыс
тіліндегі бір мақаласында Әлихан Бөкейханов. Ұлтының
азаттығын өмірлік мұрат тұтқан қайран Әлекең патша
өкіметінің қазақ балаларын оқытамыз деп шоқындырып,
миссионерлік мақсұт көздеп отырғанын сол заманда-ақ
әшкерелеп жазған.
1910 жылы орыс тілінде шыққан «Қазақтар» деген
ғылыми еңбегінде Бөкейханов: «Әзірге қазақ тілінде бірде-
бір газет жоқ; сонымен бірге қазақтардың өзінің баспахана-
сы болмай отыр» деп жазады күйінішпен /106/. Ұлт көсемі
кейін, 1913 жылы әйгілі «Қазақ» газетінің шығуына өзі
мұрындық болып, оған рұқсат алудың, баспахана алудың
бас-аяғында өзі жүреді. Әсілі, қазақ баспасөзінің дүниеге
келу, қалыптасу процесін тездету үшін XX ғасыр басында
қазақ зиялылары шама-шарқынша өз үлесін қосты. Сондай
жолды ұстаған Жүсіпбек Аймауытұлы алаштың алғашқы
журналдарының бірі – «Абайдың» негізін қалап, оның жа-
уапты шығарушысы болды.
«Абай» журналын шығару жөніндегі алғашқы ұсыныс
қазақ зиялыларының арасында 1914 жылдың өзінде-ақ
қабыл алынып, ұлы ақынның қазасының он жылдығына
байланысты Семей қаласында өткізілген үлкен жиы-
лыс үстінде бекітілген болатын. Алайда «бірінші
дүниежүзілік соғыстың басталуына және патшалық Ресей
54
тарапынан отарлау саясатының бұрынғыдан да күшейе
түсуіне орай журнал шығару міндеті орындалмай
қалғаны» /50.Б.46/ мәлім.
Семей қаласында 1918 жылдың февраль және октябрь
айлары аралығында, алғашқы кезде «Жанар» ұйымының,
кейін уақ қарыз серіктігінің қаржысымен шығып, облыстық
қазақ комитеті баспаханасында басылған «Абай» журналы
қазақ халқының әлеуметтік және мәдени өмірінің өзекті
мәселелерін қозғап, ұлтымыздың рухани тыныс-тіршілігіне
ықпал етуге атсалысқан басылымдардың қатарынан орын
алады.
Февраль айынан шыға бастаған басылым әуелде
бұдан гөрі бірер ай ертерек шығуды көздесе керек. Бұны
«Сарыарқа» газетінен оқимыз: «Алаш дуанында (Семей
қаласын айтып отыр – Н.Қ.) 15-ғинуардан шыға бастай-
тын «Абай» атты қазақша ғылыми, әдеби, шаруашылық
журналына жазылу дәптері ашылды. Журналдың жоба-
сы кең. Жазушыларға сай, нағыз қазақ тілінде ай сай-
ын екі рет шығады. Ылғый жазып тұрушылар: Мәнен
Тұрғанбаев, Юсуфбек Аймауытов, Сұлтан-Махмұт Тор-
Айғыров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Дөнентаев, Сеиітбаттал
Мұстафин. Адресі: Заречная слободка»/107/.
Қазақтың тұңғыш ғылыми-көпшілік, әдеби журналының
алғашқы санын бастыруға жәрдем еткен «Жанар» мәдени-
ағарту ұйымы туралы «Абайдың» 3-санында «Аш, жалаңаш
қазақ-қырғыз бауырлары жұрттан жеткілікті жылу жи-
нап, рулы елімізді өлімнен сақтап қалу мақсатымен Се-
мей облысының Алаш қаласында қазақ комитеті һәм
жастардың «Жанар» атты ұйымы басшылық етіп қауым жа-
сады. 5-мартта қауым ортасынан іс басқаратын бес кісілік
комитет сайлап шығарды. Қауымның бастығы – Әлихан
Бөкейханов, жәй бастығы – Мұқыш Поштайұлы болды.
Комитет председателі – Міржақып Дулатов. Орынбасары
55
– Жүсіпбек Аймауытов, хатшысы – Мұхтар Әуезов...»/108/
деп жазылған.
«Жанар» ұйымының мақсаты жас азаматтардың басын
қосып, ұлт мәдениетін ілгерілету, әлеумет жұмысын рет-
теу еді. Совет өкіметі орнағанға шейін қазақ қауымының
бірқатар қоғамдық, тұрмыстық және әлеумет жұмыстарына
уақ қарыз серіктіктері де қаржылай немесе материалдық
көмек жасап отырған. «Абай» басылымына да 2-ші саны-
нан бастап жабылғанға дейін демеу көрсеткен сол уақ қарыз
серіктігінің мақсаты мен қызметіне біраз тоқталайық.
Негізінен коммерциялық болып есептелетін бұл
ұйымдар, қазіргі тілімізге көшірсек, шағын несие беру
кооперативтері деп аталмақ /109/. Басты қызметі қаражат
(сауда) беру, не болмаса үлестік қор (вклад) жасау болып
табылады екен /109/.
Бұндай ұйымдар жөнінде сол «Абай» журналындағы
«Уақ қарыз серіктігі» деп аталатын мақаласында /110/
Аймауытұлының өзі де керек деректер қалдырған.
«Түпкі мақсаты – халықтың ауқатсыз, кедей бұқарасының
тұрмысын жеңілдету, мұқтаждықтан құтқару. Халықтың
кедейі қоңайса, жалпы жұрттың да шаруасы оңалмақ.
Халықтың көзі ашылып, өнерлі, білімді болуына да себеп-
кер болмақшы» деп жазады ол осындай серіктіктердің ба-
сты екі мақсатына тоқтала келіп. Оның саудамен, егін са-
лумен, мал тұқымын асылдандырумен, қолынан келсе,
шамасы ұлғайса, зауыт-фабрик ашып, өндіріспен айналы-
сатынын айтады.
Газет-журнал шығаруға, кітап бастыруға, кітапхана,
қырағатхана ашуға кірісіп, мұқтаж оқушыларға жәрдем
беруге ақша бөліп, игілікті істерден тартынбайтынын баса
айтып, одан әрі былай дейді: «Мақсаты земствоға жанаса
жүреді. Айырмасы: земство жалпы жұрттың қамын ойлай-
тын, уақ қарыз – көбінесе өзінің серіктерінің қамын ойлай-
56
тын (жеке) частный мекеме». Бес сом мүше салығын беріп
тұрған серіктік мүшелері аз өсіммен қарызға ақша, арзанға
тұрмыс нәрселерін ала алатынына да арнайы тоқталады
Жүсіпбек.
Расында да, мұндай кооперативтер әсіресе қаладағы
жастарға аса қажет еді. Десе де, қазақ даласында XIX
ғасырдың соңында ашыла бастаған, 1908 жылдан
қаулап өскен осынау ұйымдар Столыпиннің аграрлық
реформасының дүмпуімен ең әуелі «қарашекпендерге»,
яғни біздің жерімізге қоныс аударған орыс шаруаларына не-
сие беру ісі өте қажет болғандықтан ғана алаш топырағында
қолға алынғаны қазір белгілі болып отыр /109/. Сол
кездегі Переселен басқармаларының басылымдарындағы
мәліметтердің көрсетуінше, 1913 жылдың 1-январында
қазақ даласы бойынша (Жетісу мен Сырдария губерния-
ларын қоспағанда) осындай 208 кооператив жұмыс істепті
/109/.
«Қазақ уақ қарыз серіктігін, потребитель дүкендерін
көбейтіп аша алмай, пайдасын көре алмай, сыбағасын
басқалар жеп кетіп отыр, – деп жазады Аймауытұлы
жоғарыда аталған мақаласында, – мысал үшін Семей
облысын алайық, осы бір облыстың ішінде мұжықта
уақ қарыз серіктігі 84, қазақта 3, санымызға қарағанда
мұжықта 84 болғанда, қазақта 400-500 болуы керек еді.»
Одан әрі көсемсөз иесі осы облыстағы қазақтың үш уақ
қарыз серіктігі Қарқаралы үйезінің Ақсары болысында, Се-
мей үйезінің Машанский серіктігі және Алаш қаласында
екендігін айтады. Сонда «Абай» журналының үзілмей
шығуына жәрдем қылып отырған Алаш қаласындағы
серіктік екені белгілі болып отыр.
Ал бұл серіктіктің 1916 жылдың 18-сентябрінде
ашылғанын «Қазақ» газетінен оқып білдім /111/. «Ішкі
хабарлар» айдарымен берілген хабардан шағын үзінді
57
келтірейік: «Инспектор Халел мырза Ғаббасов өзі келіп,
қазақтар жиналып кеңесті. Серіктіктің түп сомасы 3 мың
болмақ, мұны Г.Банк бермек. Кредит бір серікке 200 со-
мнан аздық қылмайды. Залог салғандарға 500-ге шейін
ашылады. Бұл күнгі мәжіліске председатель қылып
жиылған әлеумет Халел мырзаның өзін сайлады. Серіктік
жайын кеңесіп болғаннан кейін правление члендері сай-
ланды. Бұлар – Құрманбай Мұздыбайұғлы һәм Мұстақым
Малдыбайұғлы. Оларға орынбасар – Мәнен Тұрғанбайұғлы,
Ғұмар Малішкенұғлы» /111/.
Міне, сонымен журналға қазақтың белгілі қайраткері,
Алаш Орданың басты адамдарының бірі Халел Ғаббасов
басқарған уақ қарыз серіктігі көмек көрсетіп тұрғанына
көз жеткіземіз. «Осы журналды бастырып отырған уақ
қарыз серіктігі, – деп жазады қаламгер Аймауытұлы, –
журналдан пайда көрейін, ақша табайын деп шығарып
отырған жоқ. Халықтың көзі ашылсын, мағлұмат ал-
сын, ағарсын деп, игілік істің бірі деп, ел қамын ойлап
шығарып отыр»/110/.
Көсемсөзші мұнымен қабат серіктіктің шамасы келсе,
болыс басы уақ қарыз серіктігін, тұтынушы дүкендерін
ашпақ, шет жерлерге өз агенттерін жібермек екенінен
мәлімет береді. Ал «Абай» журналына шыққан дүниенің
бәрін асықпай оқып отырсаңыз, әлгі серіктіктің Лебедев
деген, шетелге шығып жүрген бір агентінің болғанына
көзіңіз жетеді.
Мәселен, 11-ші санда осы серіктік пен үйездік
земствоның жұмысымен Владивостокқа барған Лебедевтің
сол жақтан жіберген екі жеделхатының мәтіні берілген:
«Дүние жүзіне мәлім Американың бір үлкен компания-
сымен келісіп тұрмын, – деп жазады ол бір жеделхатын-
да, – ...Тауарымызға 30 процент (жүзден отызын) ақшадай,
қалғанын нәрседей береміз дейді. ...Іс аса зор, сондықтан
58
тіліграм һәм кісі жібергендеріңіз лайық. Уақ қарыз
серіктігін тәртіптеп күшейтіңіздер. Лебедев» /112/.
Осы жазғандарға қарап отырып Алаш (Семей)
қаласындағы қазақтың уақ қарыз серіктігінің сауда-
кооперация қызметін әжептәуір деңгейде игергенін аңдауға
болады. «Абай» журналында қазақтың тағы бір публицисі
және серіктіктің басқарма мүшесі, орынбасарының бірі
Мәнен Тұрғанбаевтың сол заманның осы сыпаттағы
кооперативтерінің мақсаты мен жұмысы жайында біршама
зор мағлұмат беретін «Бірлік (кооператив)» /113/, «Уақ
қарыз серіктігі» /114/, «Кооператив» /115/ деген мақалалары
жарық көрген. Басылымның 10 және 11 сандарында уақ
қарыз серіктіктерінің жалпы ережелері де жарияланған
/116/.
Бұл ретте журналды бастыруға жәрдем жасаған уақ
қарыз серіктігінің экономикалық-шаруашылық саласының
шежіресінде ғана емес, қазақ мәдениетінің тарихында да
өзіндік орын ала алатыны күмән туғызбаса керек.
Айына екі рет шығып тұрған журналдың тұрақты ре-
дакторы Жүсіпбек Аймауытұлы болған. Басылымның
тек 2-ші және 3-ші сандарында ғана мұқабаның сыр-
тында «шығарушы – Басқарма» деп көрсетілсе, қалған
барлық нөмірлерінде «шығарушы – Жүсіпбек Аймауытов»
екені тайға таңба басқандай етіп жазылған. Сондықтан,
қазіргі үғыммен айтқанда, басылымның бас редакторы
қызметін атқарған Жүсіпбектің журнал шығарудың бар
ауыртпалығын өз мойнына алғанын аңдауға болады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивтік материал-
дарында сақталған Аймауытұлының 011494 (бұрынғы
нөмірі-124) қылмыстық ісінен алынған өзінің жауабында да
бұл фактіні растайтын мәліметтер бар. Жүгінейік: «...1918
жылы ортақ жолдастық қаржымен шығатын «Абай» жур-
налына редактор болдым, – дейді қаламгер, – журнал-
59
ды шығаруға алғаш ынта көрсеткен – Семей қаласындағы
«Жанар» мәдени-ағарту қоғамы. Қоғамға мұғалімдер мен
оқушы қазақтар кірді. Қоғам әу баста «Абай» журналын
қолжазба күйінде шығарып тұруға келісті, бірақ кейін,
жоғарыда айтқанымдай, алаштың жолдастық ұйымы жур-
налды шығаруды өзінің қолына алды /117/.» Бұл тарапта
күмән ететін ештеңе жоқ екені өз-өзінен түсінікті болса ке-
рек.
«Абай» журналында Шәкерімнің «Ұлтшылдық ту-
ралы», «Шын бақтың айнасы» деген мақалалары, Хожа
Хафизден аударған бір өлеңі, Мағауия Абайұлының
«Медіғат – Қасым» поэмасы, Міржақыптың «Алашқа»
деп аталатын мақаласы, Мағжанның «Күзді күні» өлеңі,
Сұлтанмахмұттың «Социализм», «Ескі сөз», «Ақнайман
Ойсынбай» деген мақалалары мен очерктері, Мұхтар
Әуезовтің «Ғылым», «Будда», «Абайдың өнері һәм
қызметі», «Қазақ ішіндегі партия неден?», «Мәдениетке
қай кәсіп жуық?», «Философия жайынан», «Япония»,
«Абайдан соңғы ақындар», «Бірінші жалпы жастар съезі»,
«Жастар ұйымдарына ашық хат», «Ғылым тілі», «Қазақ
әйелі», «Қазіргі қазақ күйі», т.с.с. мақалалары, Мәнен
Түрғанбайдың «Шежіре», «Шаруашылық», «Денсаулық»,
«Ғашықлық», т.с.с. мақалалары, Сәбит Дөнентаевтың
«Абайға», «Алаштың алғашқы құрбанына», «Бозторғай»,
«Диуаның сандырағы» өлеңдері, «Қазақ әйелдері ту-
ралы» мақаласы және Сейітбаттал Мұстафин, Абдолла
Байтасұлы, Байымбет секілді тағы басқа да авторлардың
дүниелері жарық көрген.
Журнал, өзінің бағытын айқындап көрсеткеніндей,
ғылым мен әдебиетке қатысты мақалалар жариялап,
қазақ халқының елдігі мен ерлігі шежірелерін, өткені
мен келешегін туындыларына арқау етті. Адамдық пен
әділеттілік, оқу мен білім жайына қалам тартып отырған.
60
Сонымен бірге ұлы Абай жөнінде, оның шығармашылығы
мен ортасы, өмірі мен өнегесі туралы бірнеше әдеби-сын
еңбектер де жарық көріп отырды.
Басылым мақсаты жөнінде редактор Жүсіпбектің өзі
мынадай мәліметтер береді: «...Тіршілікке керекті тірек
мәселелерге орын бергелі журнал ғылыми, әдеби һәм
шаруашылық жолын тұтынды. Бұл жол керуен таңдамайтын
жол; терең өткелді, тасты, томарлы қиын жол; қажымас ер,
арымас көлік, таусылмас азық керек. Қылатын ұзақ ауыр
жол. Береке шыңда; журнал шығарушы бес-алты жігіт не
күшіне, не біліміне сеніп шығарып отырған жоқ. «Адамның
адамшылығы істі бастағаннан білінеді. Қалай бітіргенінен
емес» деп Абай айтқандайын, талабым – таяғым, жігерім
– азығым, маңдайыма ұстаған ақын Абай – қазығым деп
үмітпен шығарып отыр»/118/.
«Абай» журналының Алаш Орда қозғалысының басы-
лымы болғанын баспасөз зерттеушісі Бейсенбай Кенже-
баев та растайды: «Абай» журналы 1918 жылы февраль
айынан сол жылдың октябрь айына дейін Алаш (Се-
мей) қаласында шығып тұрды. Барлығы 11 саны шықты.
Алашордашылардың орталық журналы болды» /119/.
Баспасөз зерттеушісі Бауыржан Жақып кейіннен бұл
басылымның 12-ші нөмірі де табылғанын жазады /120.Б.З6/.
Мұны 1992 жылы қайта шыққан «Абай» журналы да рас-
тайды /121/. Ал енді соңғы уақытта журналдың тоғыз ай
ішінде жалпы 13 саны шыққаны белгілі болып отыр /122/.
Алайда осы ең соңғы нөмірі таралмай қалғанға ұқсайды.
«Журнал туралы» деген мақаласында Жүсіпбек
Аймауытұлы: «Халықтың өнерлі болып жетіліп кетуіне
де әлгідей көп себеп, көп шарттар бар. Көп шарттың
бірі – баспасөз: газет, журнал, кітаптардың көбеймегі,
баспасөздің қандай керек екені газеттерде талай жазы-
лып келеді. Осы уақытта газет те оқып, дүние жүзінен ха-
61
бар біліп, бірсыпыра көзі ашылып жүрген, ашық пікірлі
адамдарымыз бар. Олардың ендігі көксейтіні – ғылымның
қыр тарауынан берерлік мағлұмат. Адам баласы осындай
зор өнер, ғылымды қалай тауып, бұл басқышқа жеткен?
Міне, ол адамдар осыны білуге сусап отыр. Шөлдеген
қиялға сусын болатын қыр тараулы мағлұмат, қазіргі
қазақ тілінде шығып тұрған газеттер саяси хабарлар-
ды жазудан артық босанбайды, сондықтан хәр түрлі
мағлұмат жазылып отыратын бір журнал өте керек»
деп алдағы мақсаттарынан хабар берді /118/. Көсемсөз
иесінің осы жазғандарынан-ақ «Абай» журналының
өзінің алдындағы және өз заманындағы басылымдардан
айырмашылығын аңғаруға болады. Басылымның бағыт-
бағдарының ерекшелігіне назар аудара отырып, жарық
көрген шығармаларынан аңдағанымыздай, журнал қазақ
баспасөзін алға ілгерілететін үлкен қызмет атқарған.
Ал журналдың неліктен «Абай» деп аталғаны туралы
көрнекті қаламгер былай дейді: «...басқа жұрттар Абай-
дай адамның атына ескерткіш орнатады, ...журналдың
атын Абай қойғандық – Абайды құрметтеп, атын та-
рих жүзінде көрсетіп нығайтпақ»/118/. Өзге жұрттың
ғұламаларынан Абай кем емес, ондай білімдіні құрметтей
алмасақ, біздің құнтсыздығымыз деген бір түйінін ай-
тады. Бүтін қазақ Абайды құрметтеуге борышты дей
келіп, Еуропа халықтарының бұл сияқты борышын қалай
атқаратындығына мысал келтіреді. Бұдан мынаны аңғаруға
болады: Аймауытұлы сол кезде-ақ өзінің алдындағы
ағалары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов /123/
сияқты ұлы Абайдың алаш руханиятындағы еңбегін
жоғары бағалаған.
Бұл мақаласында Жүсіпбектің өзге де ойлары
ерекшеленіп тұрады: «Еуропаны еліктей бермей, өз
бетіміздің, жұрттығымыздың белгісін көрсеткеннен не
62
кемдік табылады? Таза тексере берсек, Еуропаның өнеге
қылуға жарамайтын жерлері де бар»/118/.
Мұғалімдер семинариясын түгесіп қалған қаламгердің
бұл уақытта жүйелі білім алып, көп нәрседен хабардар болып
қана қоймай, әр салаға, тіпті Еуропа өнегесіне сын көзімен
қарауы оның рухани негізде жан-жақты толысқанын, сыни
көзқарасы қалыптасқанын аңғартса керек.
Бұл шығармасы әдеби сын мақалаға жатпаса да,
Жүсіпбек қазақтың жеке хандық құрған кезеңіне тоқтала
отырып, өз сөзімен айтқанда, «көптен шыққан көсем,
үлгілі билер заманы өткен» соң, «тұс-тұсынан жау қысып,
мал мен басқа дау түсіп орысқа келіп бағынған» соң,
«сөз – сыбырға, іс – жыбырға айналғанда қара тұманды
қақ жарып Абай туды» деп суреттей келе, кәсіби сыншы
ретінде Абай шығармашылығына баға береді: «Қазақтың
әдебиетіне жан берген, сөздің сыртын сырлап, ішін
түрлеген, өлеңінен өрнек шығарған Абай еді». Өзі де он
үш жасынан бастап өлең жаза бастаған және Абай өлеңін
естіп, оқып өскен Жүсіпбектің әдебиет тарихын қозғап,
мұндай баға бере алуы кездейсоқ емес.
«Журнал туралы» мақаласында автор өнер, ғылым,
мәдениет жайында дәйекті дәлелдер келтіре отырып,
қазақ жай ғана сауатты болып қана қоймай, тіршілік
үшін, өзге халықтармен терезесі тең, өз үйінде керегесі
кең отыруы үшін ғылымның төріне шығуы керек, өнердің
көгіне ұмтылу керек деген насихат айтады. «Өнер, ғылым
қаражатпен табылады, өнер, ғылым қаражат табады» деп
баяндай келе, «ғылымсыз байлық баянсыз болмақ» деген
түйінін айтады.
Кейінгі жылдарында «Психология», «Жан жүйесі
мен өнер таңдау», «Тәрбиеге жетекші» деген іргелі зерт-
теу еңбектерін жазған Аймауытұлы осы алғашқы
мақалаларының бірінде-ақ адам тәрбиесінің ғұмыр жо-
63
лында аса маңызды екендігін жете біліп, онысын айрықша
атап өтеді. «Білімді орнына жұмсататын не? Ол – тәрбие»
деп айқындай отырып, ары қарай былайша сабақтайды:
«Тәрбие көрмеген білімді жауыздың надан жауыздан зияны
жүз есе артық. Мұны өмір жүзінде көріп отырмыз... Тәрбие
туралы: «Ұлың өссе, ұлықтымен ауыл бол; қызың өссе,
қылықтымен ауыл бол» деген атамыздың мақалы. «Адам
баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасы
жазықты» деп Абай айтқан»/118/.
«Абай» журналының №1 санының алғашқы беттерінде
басылған осы бас мақалада адам тәрбиесі жөніндегі өз
ойларының негізгі нышанын аңғартқан Жүсіпбек дәл осы
санда жарық көрген «Тәрбие» атты ғылыми-танымдық
көлемді мақаласында өрісті ойларын одан әрі тамаша
өрбіткен. Мұнда педагогикалық ұтымды әдісті пайдала-
нады: әр нәрседен мысал келтіріп, жалқыдан жалпыға
шығып, оқушыны жетелеп отырады. Кей тұста ұлы
Абайдың «Ғақлиясының» жетінші сөзіндегі /124/ жас
баланың тәрбиесі туралы, жақсы баланы жаман тәрбиемен
корлап бұзған надан үлкендер жайындағы ойлармен
аздаған сабақтастық та аңдалады.
Мақалада автор кісі тәрбиесінің қоғамда алатын ролінің
ерекше екендігіне баса назар аударады, тәрбиенің мән-
мағынасына зор баға береді. Адамзат тарихындағы, қан-
дай да болсын, ірі құбылыстардың барлығын тәрбиенің
маңыздылығымен байланыстырады. Оқушы қауымға
ең әуелі жан-жануар, құс-құмырсқа сияқты, хайуан мен
жәндік атаулының калай өсетіндігі, кейбіреуіне ширап,
жетілуі үшін қандай күтім керек екендігі, табиғат олардың
тез өсіп кетуі үшін бөлекше жаратқандығы айтылады.
«...Ал енді адам баласына қарасақ, хайуан баласынан
анағұрлым нашар, болбыр, нәзік болып туады» дейді пу-
блицист. «Денесі әлсіз, сезімдері жетілмеген адам бала-
64
сына күту-асырау, үйрету – бір сөзбен айтқанда, тәрбие
өте керек» деп тиянақтай отырып, «хайуан жаратылысы-
нан өзіне біткен бір сезімнің қуатымен өзіне лайық болған
қылмыстан артық ешнәрсе істемейді. Адам жүгенсіз,
бетімен кетсе, адамдыққа лайықсыз талай қылмысты
істейді» деген тұжырым жасайды. Адамның хайуан ата-
улыдан айырмашылығы жайында қалың оқырманға
әңгіме қозғай отырып, кісінің бойындағы ұнамсыз мінез-
құлықтардың барлығы тәрбиенің жетіспеушілігінен деп
байлам жасайды.
«Тәрбие екі түрлі: дене тәрбиесі, жан (рух) тәрбиесі, –
деп жазады публицист, – адам баласына дене тәрбиелеудің
үстіне жанын (рухын), ақылын, сезімдерін, жігерін-
мінезін тәрбие қылу керек». Жалпы, Жүсіпбектің педаго-
гика саласындағы жүйелі көзқарастарынан адамға, оны
тәрбиелей алу мүмкіндігіне деген зор сенім байқалады.
Оны кейінірек – 1924 жылы Орынборда шыққан, мек-
теп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарының
студенттеріне арналған «Тәрбиеге жетекші» оқулығында
да барынша айқындай түскен. Ал «Тәрбие» мақаласында
ол болашақ зерттеу еңбегінің негізгі ұстынын жасайды:
«Тәрбиенің мақсаты болуға тиіс. Бірсыпыра білімділер
ол мақсатты анықтап айта бастады, нобайы мынаған
келеді: адам баласы еркін жүріп, еркін тұрып, бірінің
мұқтажын бірі жеткізіп, жүректері махаббатқа толып,
біріне-бірі қастық ойламай жүрсе, тәрбиенің мақсаты сол
болар еді».
Аймауытұлы сол жылдардың өзінде бұл тұрғыда аз
оқымағанға, жай ғана ізденбегенге ұқсайды. Ескі юнан
халқындағы спарталықтар тәрбиесі, афиналықтар өмірі,
Рим халқының тарихы, сонымен бірге тәрбие туралы
еңбектер жазған Солон, Сократ, Платон, Аристотель, Цице-
рон, Бэкон, Локк, Руссо, Ушинский, Толстой, Абай сияқты
65
көптеген философтар мен ойшылдардың сөздерінен мысал
келтіреді. Ертедегі тарихтан да сыр суыртпақтайды. Және
мұның бәрін қырдағы қалың қазаққа түсінікті етіп, жеңіл,
жатық жазады. «Тәрбие туралы әр заманда шыққан білімді
жандардың пікірі әр түрлі, біреулер тәрбиенің мақсаты
денені күшейтіп, адамды ұлтшыл қылу дейді, біреулер
адамды бақытты қылу дейді, біреулер мінезді түзетіп,
адамшылыққа қызмет қылдыру дейді» деп көсемсөзші
тәрбие жөніндегі үш негізгі мақсатты жеке бөліп алып
«осы сияқты әр түрлі мақсаттарды тексеріп көрелік» деген
тоқтамға келеді. Аталған басты мақсаттың әрқайсысына
жеке-жеке тоқталып, жан-жақты талдау жасап, мысал
келтіреді, терең ойларға барады. Өзі сұрақ қойып отыра,
қисынды жауап келтіреді. Бұдан қаламгердің, жас болса да
ғылыми талдаудағы ой еркіндігі мен тереңдігін байқаймыз.
Сонымен қатар күмәнділеу немесе түсініксіздеу деген
ұғымдар жайында өзінің тарапынан әлденеше сұрақ қойып,
оған екіұшты етпей, толық жауап беру сияқты кейбір
ерекшеліктерінен Абайдың «Қара сөздегі» ойлары мен
толғауларының жазылу стиліне ұқсастығын да аңғаруға
болады. Үш мақсатты тексере келіп, ұлтшыл, отаншыл
болу – міндет, әсіре ұлтшыл болған да кісілікке жатпайды,
тыныштық әкелмейді деген ойлар айтады. Тәрбие – адам-
ды бақытты қылу десе, ол бақыттың өзін әр түрлі мінез-
құлықты адам әр түрлі түсінеді дей келе, мінезді түзеу
қалай болмақ деген қызықты әңгімеге жетелейді.
Әсіресе Локк, Ушинский, Толстойдың өзара ұқсамайтын
үш пікірін келтіріп, өзі оған түсінік беріп, қорытынды
жасауға тырысады. Толстойдың тереңдігін сөз етеді.
Тәрбие мақсатын екшеп алғаннан кейін автор тәрбиенің
шарттарына арнайы тоқталып, «Ұяда не көрсең, ұшқанда
соны ілесің», «Сүтпен келген мінез сүйекпен кетеді» деген
қазақтың ежелгі мақалдарын да еске алады. Бала өміріндегі
66
ата-ананың тәрбиесінің, өнегесінің орны зор деп бағалаған.
Мұнымен қатар тәрбие беруде оқу орындарының маңызын
да атап көрсетеді.
«Бұл күнге шейін тәрбие ғылымы – күшейіп, етек
алып, кәмелетке жетпеген кейінгі басқышта жүрген
ғылым, мұның себебін бұл күнге шейін адам денесінің
саулығы мен қалтасының толық болуын көбірек ойлап,
мінезінің, жанның таза, сау болуын ескермегендіктен,
үрім-бұтағының ахлақты болғанынан ақшалы болғанын
артық көргендіктен» деген терең мағыналы пікірін
білдіре келе, қаламгер «адамдық көзбен терең тексер-
се, тәрбиешінің дәрігерден де көп болғаны артық» деп
адам өміріндегі тәрбиешінің ролін дәрігерден жоғары
қойғандығын аңдаймыз. «Тәрбие – зор ғылым» екендігін,
«Адамды бұзатын да, түзейтін де – тәрбие» деген пікірін
дәлелдеу үшін Жүсіпбек кісінің бұзық болуы, мінезі түзу,
жан-жақты өнегелі тәрбие алу сияқты ұғымдардың мән-
мағынасын, терең мазмұнын талдап ашады. Мінез, бақыт
деген ұғымдарға кеңінен тоқталады. Жай ғана баяндап
қоймай, жел сөзге түсіп кетпей, адам баласы дамуының
өзіндік ерекшелігін ашу, тәрбие арқылы соның көзін
табу, соған ықпал ету қажеттіліктерін мысал келтіре от-
ырып, алға тартады. Әсіресе «тәрбие әрбір адамның жеке
басына тән ерекшеліктерді ескеруге тиіс» деген өзіндік
ой топшылауы мақаласының өзегі іспеттес болған.
Сондай-ақ, Толстойдың «Баланы тәрбиелеу үшін
әрбір тәрбиеші өзін тәрбие қылуы керек» деген пікіріне
қосылатынын байқаймыз. Бұл ретте мына жолдарды да
келтіре кеткеніміз артық болмас: «Адам есейген сайын
өзгеріп отырмақ, өзгертуге себеп болатын нәрсе – адамның
жан сыпаттары. Жан сыпаттарының адамды өзгертіп, бір
толқымалы халге түсіретін уақыты да болады. Сол кезде
өнегелі, тәртібі күшті бір дүкен жолықса, тәрбиенің бетін
67
жақсы жаққа бұрып әкетуге мүмкін. Ондай үлгілі дүкен
медресе болуы керек». «Тәрбие» мақаласының соңында
көсемсөз иесі: «Дәрігер адамның денесін сауықтыратын
болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын
сауықтырады. Ахлақты, ақылды адам көбейсе, Отанның
күзетшісі, қорғаны. Олай болса, тәрбиешіге Отанның келе-
шек өмірін тапсырған болады» деп түйін жасайды. Тәрбие
ісіне, тәрбиешіге Аймауытұлының қандай сенім артқанын
осы жолдардан аңғаруға болады.
Жалпы, Жүсіпбек ұлтын жан-тәнімен сүйген қайраткер
ретінде қазақ елінің өркендеуі, алаш баласының өсіп-
жетілуі үшін осындай іргелі мәселені ауқымды масштабта
карастыра отырып, тәрбие ісін мемлекеттік биік дәрежеге
көтеру қажеттігі жөнінде батыл ойлар білдіргенін атап ай-
туымыз керек. Осы үлкен мақаласының өзіне көп ойларын
сыйдыра алмағанға ұқсайды. Оны өзі де: «Тәрбиенің қандай
шарттары бар, не әсер қылады? Келесі нөмірде жазылмақ»
және «...Бірақ ол туралы кейін толық жазбақпыз» деп бір-
екі мәрте ескертіп отырады. Қаламгердің сол кездің өзінде
«Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі мен өнер
таңдау», «Комплекспен оқыту жолдары» сияқты кейінгі ірі
еңбектерін жазуға әзірленіп жүргені анық сезіледі.
«Байлық – кедейлік» мақаласында көсемсөзші ел
өміріндегі әлеуметтік теңсіздіктің түп себебін іздейді,
қоғамдағы тұрмыстық қайшылықтардың проблема-
сын қозғайды. Бай болудағы, өлерменденіп мал, ақша
жиғандағы мән не деген сауалға жауап іздейді.
Мұқтаждың үстінен күн көрген, теспей тиын сорған
алыпсатарлардың имансыздығына, кәсіпсіз жүріп, еріксіз
жалға барған кедей-кепшіктің маңдай тер, еңбекақысын
жарытып бермей кеткен, қысылғанға өсім беріп, жа-
ман үйренген байлардың озбырлығына мысал келтіреді.
«Мұны айтқандағы мақсат: байдан кедейді бөліп алмақ
68
емес. Халықтың қамын ойлағандық, – деп жазады
Жүсіпбек, – Елдің қамы немен табылады? Қайтсе, тұрмыс
жеңілденеді? Міне, осыны шешу керек». Дегенмен келелі
мәселені қозғаған ол осы іспеттес сұрақтарға жауап бере
келіп, сан-салалы ой-пікірлер өрбітіп, оқырманына нақты,
дәл ұсыныстар көрсете алмайды. «Бұл туралы тағы жазы-
лады» деп алдағы күнге үміт артады.
Енді бір маңызды жайтқа үңілейік. Алғашқы санға
шыққан осы мақалаларының соңында, жалғасы 2-сандағы
«Тәрбие» мақаласының аяғында редактор Аймауытұлы
«Жүсіпбек» деп есімін атап көрсетеді. Ал 4-саннан бастап
журналдың тұрақты шығарушысы өзі болған соң бұдан
кейінгі ешбір мақаласының соңына өзінің аты-жөнін не-
месе бүркеншік есімін көрсетіп қол қоймаған. Оған қарап
көсемсөзші журналға ештеңе жазбай кеткен екен деп ой-
лау үлкен ағаттық болар еді. Басылымның соңғы саны-
на шейін авторы көрсетілмеген, бірсыпыра тұщымды, та-
тымды мақалаларды оқуға болады. Ол дүниелерді жазған
– Жүсіпбектің өзі ғана. Мәселен, авторы көрсетілмеген
«Бетім-ау, құдағи ғой!» деп аталатын сатиралық әңгіменің
иесі Аймауытұлы екені анық аңғарылады. Оқушы бастан-
аяқ зер салып оқып шығатын болса, оның қандай стильде
жазатынын білетін әдебиет зерттеушілері ғана емес, көркем
шығармашылығымен жақсы таныс, сауатты оқырманның
өзі күмәнданбайды деген ойдамын.
Сонымен бірге «Ұлтты сүю», «Қазір екі нәрсе ке-
рек», «Қазіргі саяси хал», т.с.с. мақалалар да Жүсіпбектің
қолтаңбасы екені сөз саптау, сөйлем өрнегінен, өзіндік
стиль, кестелі тілінен аңдалады.
«Қазіргі саяси хал» мақаласынан мысал келтірейік:
«Кешегі аузы апандай, азуы бақандай, арамза Николайдың
қолтығынан құтылғанда жұрт «әулиеге ат айтып, арасанға
қой айтып» дегендей, «әуе!» деп демалып, енді еркіндік бол-
69
ды ғой деп бір серпіліп, құдайға шүкірлік қылып, қуанып
қалып еді. Қысылған ел, қырылған жан, көгенделген аза-
мат, не түрлі бәле – бәрі де естен шығып, енді шынжыр
бұғаудан құтылдық деп жұрт болу үміті көңілге кіріп еді».
Бірыңғай сөйлем мүшелерін бір сөйлемге жарасымды
етіп енгізуге төселген, әуелі тақпақтап бастап («Ақбілек»
романының, «Күнікейдің жазығы» хикаятының басталуын
еске алыңыз) үйлесімі келіскен, бояуы жарасқан сөздерді
төгілдіре түсіруге құмар Жүсіпбек стилі осы бір үзіндіден-
ақ аңғарылып тұрса керек. Әуелгі пікір – әзірге осы,
қаламгер көсемсөзінің тілдік-стильдік ерекшелігіне келесі
тарауда кеңірек, арнайы тоқталмақпыз. Бұл – бір. Содан соң.
Шығарушысы өзі болғаннан кейін сол кездегі редактор-
лар мерзімді баспасөздегі шығармаларының соңына өзінің
аты-жөндерін қоя бермегені белгілі. Мәселен, ұлтымыздың
әйгілі «Қазақ» газетінің шығарушысы болған Ахаң ақсақал
– Ахмет Байтұрсынов сондағы өз мақалаларының соңына
өз есімін жазбаған.
Жүсіпбектің журналда шыққан «Әдебиет» деген зерт-
теу мақаласы /125/ әдебиет теориясын жетік білетін білгір
көсемсөзшінің еңбегі екені бірден байқалады. Екі бөлімнен
тұратын, көлемді дүниеде автордың таным-талғамы осы
күнгі филология ғылымына қойылатын талаптарға жауап
бере алатындай жоғары деңгейден көрінеді.
Алғашқы бөлімде «әдебиет» терминіне түсінік бере келіп,
әдебиетке дейінгі алғышарттарға үңіледі. «Тіл» мен «сөз»
ұғымдарының туу, қалыптасу кезеңдеріне шолу жасайды,
олардың адамзат тарихында шын мәнінде қандай қызмет
істегеніне ғылыми негізде түсінік береді. «Әдебиеттің түп
мағынасы,– деп баға береді ол, – ақындық шеберлік пен бір
нәрсені бұлжытпай суреттеу». Оқымыстылар өнерді бес-
ке жіктейтінін, соның ішінде ең артығы сөз өнері екенін
жазады, онысына мысалдар келтіреді. Жүсіпбектің мына
70
сөздері мәңгі тозбас, асыл пікір болмақ: «Тіл жанды нәрсе
секілді: тіріледі, өседі, жоғалады. Өнер-ғылымға аяқ басқан
жұрттың тілі өсіп, көбеймек, көркеймек; тілі жоғалған жұрт
ғұрып-ғадетінен, мінезінен айрылып, ақырында жұрттығы
да жойылмақ».
«Әдебиеттің дүкені – адамның өмірі», – дейді екінші
бөлімінде, – «Әдебиеттің көші – баспасөз-мәтбұғаттың
көбеюі». Мұнымен бірге әдебиеттің дамуына қойылар
басқа да шарттарға тоқталады. «Әдебиетіміздің нағыз
түрткі көріп, беті түзеле бастағаны Абайдан бері (хаты
Абайдан басталады дейтіндер де бар шығар)», – деп баға
береді ол зерттеу еңбегінің қорытындысында. Және
қазақтың әдебиеті өсуі үшін керекті шарттарды жеке атай-
ды: «Жас буын, балдыр қанат әдебиетіміздің келешек-
те буыны қатып, ілгерілеуі әдебиеттің әр тарауынан (ро-
ман, драма, комедия, поэма, әңгіме) жазатын ақындар,
қаламшыларымыздың көбеюі мен жалпы жұрттың өнер
білуге жұмыла бет қоюына байлаулы».
«Ұлтты сүю» мақаласы өзінің өзгеше ой-пікірімен,
гуманистік
көзқарасымен,
батылдығымен
және
патриоттық сезімге толы, азаматтық пафоста жазылған
терең сыршылдығымен ерекшеленеді. «Ұлты үшін
құрбан болуға шыдағандық – ұлтшылдықтың осы
күнде ең берік ережесі» деп түйін жасайды көсемсөзші.
Жүсіпбектің бұл пікірі Мағжанның «маған атақ –
жұртым үшін өлгенім» деген белгілі өлең жолымен
мағыналас екенін аңғаруға болады. Жалпы, Алаш Орда
қалам қайраткерлерінің өз басының қажетінен гөрі ең
әуелі алаш мұратын, ұлт мүддесін жоғары қоятыны
жазған дүниелерінен-ақ байқалып тұрады. «Ұлтын
шын сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматы көп жұрт,
күшті, өнерлі, білімді жұрт болып, күресте тең түсіп,
басқаларға өзін елетіп отыр. Ұлты үшін құрмет қылмай,
71
бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып
отыр. Ұлтшыл жұрттар, әне, Германия, Япония, Англия,
Түркиялар, олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі.
Есейген соң бар білімін, күшін өз жұртының күшеюіне
жүмсайды. Олардың һәр адамы – мемлекеттің керегі,
қызметкері» деп Аймауытұлы өзге ұлтты алаш баласы-
на үлгіге көрсетеді.
Бұлармен қатар орыс елінің өзгешелігін, Ресей импери-
ясында болып жатқан аумалы-төкпелі, аласапыран заман-
ды да сөз қылады. Оларға өз бағасын беріп, келелі пікір
айтып, саяси өзгерістердің астарын жақсы білетін саясат-
шы екенін де аңдатады. «Қорлыққа көніп, тепкіге шыдап
жүрген орыстың қара мұжығы үнсіз, тілсіз, көнбіс надан
емес. Қылжыр, өзімшіл, зор көкірек надан еді» деп жаза
келіп, көсемсөз иесі өзінің бір айрықша пікірін білдіреді:
«Мұжықтың мұндай болған себебі, орыстың жоғарғы табы-
нан шыққан талай атақты, білімді жазушылары мұжықты
мадақтап, кітаптар жазып, көтеріп, өзімшіл қылып,
тәңірсітіп жіберіп еді. Міне, осы халда жүрген орыстың бір
тәңірісі – Николай жоқ болып еді – не болды? Тәңірсіген,
өзін-өзі зор тұтқан қожа болып, мемлекеттің астын үстіне
келтірді. Неше түрлі бассыздық қылып Россияның күл-
талқанын шығарды».
Осыған ұқсас пікірлер мақаланың өн бойында аз
кездеспейді. Ресейдегі саяси толқындар қазақ елінің
тіршілігі мен тыныштығын бұзатынын, ел ішінде
аңтарылыс, қобалжу бар екенін аңдатады. Оның үшін
не істеу керегіне жауап іздеп қаламгер «бұл уақыт –
қазақтың мәдениетке аяқ басатын, шаруасы, тұрмысы,
билігі өзгеретін, ғаскер болатын, жалпы ұлт ісіне жол
ашатын уақыт» деп өз ойын ашық айтады.
Тағы бір ретте ол XX ғасыр басындағы империя
жұртының ояну процесіне тоқтала келіп, қазақ қоғамдық-
72
саяси ойының тарихы үшін де маңызды болып есептелетін,
алаш ортасында «ұлт», «ұлтшылдық» деген ұғымдардың
қалай пайда болғанына, оған кімдердің ықпал еткеніне
оқушының назарын аудартады. Оқиық: «Ұлтымыз бар
екенін, еліміз-жұртымыз бар екенін, жұртымыз қатарға
кірмей теңдік жоқ екенін, Николайдың қасқырлары қазақты
ішіп-жеп құртып бара жатқанын сезгелі, «ұлтқа құрмет
қылайық» дегелі 5–6-ақ жыл болды. Әрине, бұл оянуға
1905 жылғы толқын, тағы һәр түрлі түрткілер қамшы
болған шығар; көбінесе ес кіргізіп оятуға, ұлтты танытуға
себеп болған – «Қазақ» газетасы. Онан бұрын ұлт дегенді
кім білген: көбіміз кеше өзгеріс болған күні ұлтымызды та-
уып алдық».
Мақаланың үзын-ырғасында Жүсіпбек сол ұлтының
қамы үшін ең әуелі қазақ зиялылары жауапты екенін,
ол үшін еліміздің оқығандары бірауызды, бірлікте болу
керегін ашық білдіріп отырады. «Ақтығында айтпағым:
оқығандар өзін-өзі тәрбие қылуы керек; қара халықтан
жиренбей, жақын жүріп, сырласып, мұң-мұқтажымен та-
ныс болып, өз ұлтын сүюге, халыққа өзін сүйгізуге жиһат
қылуы керек».
Мына бір сөз Аймауытұлының қаламынан шыққан
құнды афоризм екенін байқатпақ: «Естеріңізде болсын:
қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің
қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп,
қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек» дейді. Содан
соң «орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмай-
ды» деп кесіп айтады. Ұлы жазушының бұл пікірі – қазіргі
қазақ қоғамы үшін де өзекті болып отырған, ескірмейтін
пікір.
Қазақ оқығандары шен, мәнсап үшін емес, жұрты үшін
қызмет етуі қажет деп, оларға «қазаққа аюдай ақырған
шенеунік табылуы оңай; ерінбей-жалықпай, бақырмай,
73
шақырмай іс бітіретін, терісі қалың, көнбіс, табанды
қызметкер табылуы қиын» дейді. «Оқығандар! Бұл уақыт –
жан тыныштық іздейтін, қызық қуатын уақыт емес, қызмет
қылатын, еңбек сіңіретін уақыт. Ойлаңыздар, халық біз
үшін емес, біз халық үшін туғамыз, олай болса, мойны-
мызда халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр». Енді
бір он жылдан астам уақыттан кейін ұлт үшін туған қазақ
зиялыларының басына келген алапат нәубетте мерт бола-
тын Аймауытұлы өзінің халық үшін туғанын сол кезде-ақ
сезгенін осы жолдар айғақтай алмақ.
«Абайдан соңғы ақындар» сын мақаласы «Екеу» де-
ген бүркеншік есіммен берілген /126/. Зерттеу мақаланың
өзіне бас бұрмас бұрын «Екеу» деген бүркеншік атқа
түсініктеме берген жөн, үйткені мұның айналасында
әртүрлі болжамдар, әр қилы көзқарастар бар. Әдебиет
зерттеушілерінің де бұл тұрғыда әлденеше күдік айтып,
күмән келтіретіні рас. Бір кезде Сәбит Мұқанов «Екеудің»
Абдолла Байтасұлы мен Даниял Ысқақұлы екенін айтқан
/127/, кейінірек профессор Бейсенбай Кенжебаев және
Керімбек Сыздықов «Екеу» Ж.Аймауытұлы мен М.Әуезов
екенін жазады/128/. «Екеу» бүркеншік атының екі бөлек
қолтаңба екенін, сондықтан абайлау керек екендігін акаде-
мик Серік Қирабаев та ескертеді /129/. Әдебиет зерттеушісі
Арап Еспембетов те «Екеудің» аталған қаламгерлердің
соңғы екеуі екенін Бейсенбай Кенжебаевтан естігенін,
Мұхтар Әуезовтің «өзі айтқан шындық» екенін жа-
зады /130/. 1989 жылы «Қазақ әдебиетінде» «Еңбекші
қазақ» газетінің 1927 жылғы 8-9 авгусінде жарияланған
«Көркем әдебиет туралы» деген көлемді сын мақала ки-
рилл қарпіне түсіріліп басылды /131/. Мақаланың авто-
ры – «Екеу». Бұл бүркеншік есім Ж.Аймауытұлы мен
М.Әуезовтікі болғандықтан аталған сын еңбегі де соларға
таңылып жүрді.
74
Алайда ҰҚК архивінен алынған, «Алқа» әдеби
бағдарламасына байланысты түрме тергеушісіне бер-
ген жауабында Аймауытұлы былай дейді: «Екеу» де-
ген бүркеншік атпен жазылған көркем әдебиет туралы
мақаланы оқыдым, оның иелері – Байтасов Абдолла мен
Ысқақов. Олар маған «Еңбекші қазақ» газетінде көркем
әдебиет туралы мақалалардың жариялануына байланы-
сты біз де мақала жазуды ойластырып жүрміз» деді. Бұл
1927 жылдың алғашқы жартысындағы қыс айларының
бірі болатын. Мақалаға аздаған өзгеріс енгізіп, мұны баспа
бетінде жариялауға болады деген тілекпен қайтара жолда-
дым» /132/.
1927 жылы жазылған «Көркем әдебиет туралы» атты
сын мақала Аймауытұлынікі емес екенін осы жауаптан-ақ
білуге болады (өкінішке қарай, Жүсіпбек Аймауытовтың
ХХ ғасырдың соңында Алматыдағы «Ғылым» баспасы-
нан жарық көрген бес томдығының ішінде осы мақала
да жүр...). Ал «Абайдан соңғы ақындар» атты мақала
Аймауытұлы мен Әуезовтікі екендігі даусыз. Бұл тарапта,
жоғарыда айтқанымыздай, Б.Кенжебаевтың естелігі /128/
және әдебиетші-ұстаз Ә.Мәметованың М.Әуезовтен естіген
әңгімесі /133/ де дәлел бола алады.
«Ғылымның мақсұты – нәрсені толық, кеңінен толғап,
терең қарастыру, зерттеу»/134/ деп өзі жазғанындай,
Жүсіпбек кез келген дүниесіне атүсті қарамай, терең
үңілуге ұмтылғаны байқалады. Оны осы «Абайдан соңғы
ақындар» мақаласынан да бағамдауға болады. Сонымен
бірге «мұнда айтылған кейбір ойлар кейін Әуезовтің «Шол-
пан» журналында жарық көрген «Қазақ әдебиетінің қазіргі
дәуірі» деген тарихи-талдау очеркіндегі тұжырымдармен
іштей үйлесіп жатқанын аңғаруға болады /120. Б.47/.
«Әдебиетіміздің атасы болған Абай туралы өз
пікірімізді жазып едік, енді Абайдан соңғы ақындардың
75
өнері туралы пікірімізді жазбақпыз» дейді мақала авто-
ры. Қазақ поэзиясындағы сол замандағы үрдісті бағамдап,
оны кең тұрғыда алып талдауы, түбегейлі танып,
түйіндеп ой айтуы – автордың тиянақты білімін, таным-
ды білігін аңғартады. Оның пікірінше, өлең бір мақсатқа
жұмсалатын құрал болуы керек емес. Және «өлеңге еркін
ой, шарықтаған терең қиял, нәзік, өткір сезім, құйылған
сұлу сурет, кестелі, таза, қысқа, анық тіл қажет» деп
негізгі шарттарын атап көрсеткен.
«Сілтеген қалам, сермеген талабы көлемденіп, төгіліп,
түрленіп, жапырағы желкілдеп, қолмен қойғандай,
мейірің қанып тойғандай болып шығатын өлеңдер бұл
күнгі ақындарда аз» деген байлам жасайды Жүсіпбек
Аймауытұлы осы мақаласында. Сыншының бағалауынша,
өлеңдерін оқып отырғанда көңіл жоғарылап, қиял
шарықтап, басқа бір дүниеге кіріп кеткендей болатын қуат
аз екен. Осы төңіректегі ойларын салиқалы тұжырым,
салмақты пікірлерімен дәлелдей келіп, ол Абайдан кейінгі
ақындардың басты екі мініне тоқталады. Оның бірі –
сыршылдығы аз екендігі, екіншісі – тілдерінің шебер,
кестелі емес екендігі. Олардың сөздерінің сырты үйлесіп
келсе де, нәзік сипаттарды жетік суреттей алмай, жадағай,
үстірт кетіп, айтпақ сөздерін көңілге берік қондыра ал-
майтынын айтады, мәселен, мынандай мысал келтіреді:
«Жолда» деген өлеңде боранды сипаттағанда тілін жеткізе
алмай «жел ішін тартып осқырып» деген жерінде көңілге
байланып келе жатқан суреттің түрі бұзылыңқырап кетеді.
«Осқырып» деген сөз – желге жанаспайтын сипат» дейді.
Қаламгердің өз заманындағы ел аузына іліккен, баспасөз
бетін көрген ақындардың көбінің шығармашылығымен
біршама таныс екендігі байқалады. Және оларды жазу
ыңғайы тұрғысында жеке қарастырып, зерттеуге бет
бұрғандығы да өзгеше сыпатта: «Өлеңдердің сыртқы түрі
76
мен қалпына қарап қазіргі өлеңшілерді бірнеше жікке
бөлуге болады.
1. Сезімге әсер берерлік суретті өлеңдер көбінесе
Мағжан, Міржақып, кейде Сұлтанмахмүт һәм Ахмет
Мәметовтікі. Бұлардың өлеңінде өзгеше бір сарын бар.
Жүрегінің сезімін суреттейтін, жалғастырып әкететін
артықша бір маңыз бар. Бұлар – сыршыл (лирик) ақындар.
2. Екінші жіктің өлеңшілері – Ахмет Байтұрсынов,
Сәбит Дөнентаев, Шәһкерім, Бекет Өтетілеуов. Бұлардың
өлеңінің сезім мен қиялға тәрбие әсері аз, ақылға азығы бар.
Бұлар – халықшыл (народник) ақындар. Ана ақындардан
бұлардың сөзінің халыққа бір атасы жақын тұрады.
Осы күнде сәні кетіп бара жатқан үшінші бір жік бар. Бұл
жіктің ақыны ескі өлең, жыр, тақпақтарға еліктеп, желе-
жортақтатып, құбажондатып кететін Ғұмар Қарашев».
Мақалада әрбір ақынның ой кеңістігіне, тақырып
ауқымына, тілдік ерекшелігіне, стильдік сыпатына
бірсыдырғы тоқталып, қысқаша болса да тұщымды тал-
дау жасалады.
Бұлардың ішінде ең жоғарғы баға Мағжанға берілген.
Сыршыл ақындардың ішінде оның өлеңінің ішкі суретіне
сөздің сыртқы кестесі үйлесіп, маңызды болып шығатын
туындылар екендігін баса айтады. Жүсіпбектің өз заман-
дасы Мағжанның дарынды ақын екеніне сол кезде-ақ
көзінің жеткені тәнті еткізбей қоймайды. Әрі мұны қазақ
поэзиясына жаңа түр, жосын сыпат әкелген Мағжанның
ақындығына арналған алғашқы пікір деп пайымдауға бо-
лады. «Әдебиетімізге жақсы өлең, шын ақынның сөзі көрік
беріп, күшейте алады. Әдебиет – бақалшының қоржыны
емес, қотанда жатқан қиқым-сиқымды балаларға алдап са-
тып тыға беретін» деген ойлары сыншының әдебиетке, сөз
өнеріне биік талғаммен қарайтынын аңғартса керек.
«Қазір бізде өлең жазушылар көбеюіне себеп бо-
77
лып отырған нәрсе – бір «оянудың» барлығы. Бұл оянуға
бірінші – Абай, екінші – «Қазақ» газетасы, үшінші – жалпы
жұрттың ғылымға бет алуы себеп болды» деп басталатын
жолдарға тиянақты тұжырым жасалған соң осы мақалада
кейінгі қазақ баспасөзіне тұғыр бекітіп, тың жол салып кет-
кен «Қазақ» газетінің де тұңғыш рет әділ бағасы айтылған:
«Оянған ойдың бетін түзеп, жолға салып, ілгерілеуіне
қамшы болған – «Қазақ» газеті. Бұл газет халықтың саяси
көзі ашылуына, «жұрттық» деген ойдың кіруіне қандай се-
беп болса, әдебиеттің гүлденіп, өркендеуіне де сондай се-
беп болды. Егер келешекте қазақ әдебиеті буынын бекітіп,
қатарға кіретін болса, «Қазақ» газетасына борышы үлкен.
Бұл газеттің әдебиетке істеген аталық қызметі мәңгілікке
атағын шығарып, қадірін күшейтеді». Ұлт ұранын
көтерген, елдікті аңсаған «Қазақ» газетінің алаш баспасөзі
мен мәдениеті тарихындағы орнын 1918 жылы айқындаған
Жүсіпбектей қаламгердің кесімді пікір, кемел ойларына бас
имеске әдді жоқ.
Міне, осындай мақалалар жазып, Аймауытұлы өзі
шығарып отырған басылымның абыройын арттыруға күш
салған. Алайда «Абай» журналы октябрь айында қаржының
жоқтығынан шықпай қалады. «Бүкіл Қазақстандағы жалғыз
журналдың тоқталуы барша жұртты алаңдатты»/135/.
Кейін, төрт ай өткен соң «Сарыарқа» газетінде
Жүсіпбектің өзі былай деп жазды:
«Қазақтың бір газет, бір журналы подписшігі
(оқушылары)
жоқтықтан
жабылып
қалды»
деп
Новониколайскіде шығатын орыс газетінде жазылды. Ол
айтқаны – «Жас азамат» газетасы мен «Абай» журналы.
Бұл хабар бекер: «Жас азамат» күні бүгінге шейін шығып
отыр. Қаржы жағынан кемдік көріп тоқтай ма деген кірбің
болып еді. Енді тоқтамасын дейміз. Үйткені Омбы жаста-
ры әдебиет кешінен мың сом, Семей жастары 5000 сом-
78
дай көмек жіберіп отыр. Тағы сондай көтермелеушілер та-
былатын көрінеді. «Абайда» 900-дей алушы бар. «Абай»
біржола жабылған жоқ. Жалғыз журналын жауып қойып
тыныш отыруға оқыған жастардың, талапты азаматтардың
намысы, өжданы жібермес, қайтсе де шығарар деген
үмітіміз күшті. Сондықтан оқушылар «Абайдың» аз
күн тоқтап қалғанына ренжімеуін, күдіктенбеуін, күдер
үзбеуін, шыдам жасауын өтінеміз /136/». Сүйтсе де, журнал
аумалы-төкпелі заманның кесірінен, ырықсыз саясаттың
өктемдігінен бұдан соң жалғасын тауып, шығып кете алған
жоқ...
Достарыңызбен бөлісу: |