ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
229
2001 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстанда ұзындығы 11
мың шақы-
рымға созылған, еліміздің 14 ірі қаласын және 100-ден астам шағын қа-
лаларын,
аудан орталықтарын, кенттерді қалааралық және халықаралық
сапалы сандық байланыспен қамтамасыз еткен оптикалық-талшықты Ұлт-
тық ақпараттық супермагистралінің құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілді.
Осылайша, байланыстың жаңа сапасына қол жеткізілді.
2000-шы жылдары Қазақстан Орталық Азия өңірінде және жалпы
алғанда, Еуразияда маңызды
транзиттік торапқа айналды, әлемдік ақпа-
раттық кеңістікке ойдағыдай кірігіп кетті.
2010-шы жылдардың басында Қазақстан аумағы арқылы Майндағы
Франкфурттан Гонконгқа ұзындығы 8,7 мың шақырымға созылатын DREAM
(Diverse Route for European and Asian Markets)
трансқұрлықтық оптика-
лық-талшықты магистралі жүргізілді.
Жер реформасы: жерге жекеменшік институтын енгізу
Аграрлық секторда 2000-шы жылдарға қарай өнімнің 99 пайызын жеке
кәсіпорындар шығарып жүрді. Кеңшарларды жекешелендіру және ұжым-
шарларды реформалау аяқталғаннан кейін жұмыс істеп тұрған ауыл шаруа-
шылығы құрылымдарының саны он есе өсті: 2000 жылы елде 70 мыңнан
астам шаруа қожалығы және 1,6 мың өндірістік кооператив болды.
Ауыл шаруашылығына инвестиция тарту,
ауыл тұрғындарының эко-
номикалық ахуалын түзеу үшін жерге жекеменшік мәселесін түбегейлі
шешіп алу керек еді. 2001 жылдың қаңтарында қабылданған «Жер туралы»
«мәмілелік» заң белгілеген ауыл шаруашылығы жерлерінің беймәлім мәр-
тебесі бұл салада біраз жағымсыз жағдайлар туындатты. Жерді пайдала-
нушылар көбінесе салықтан жалтарып, бақылауға көнбеді, біраз жерлер
әбден тозғанша пайдаланылған, ал біразы қараусыз қалған еді.
Осыны жақсы білгендіктен, 2002 жылдың
сәуіріндегі халыққа Жолда-
уымда, мен жер реформасы туралы мәселені төтесінен қойдым. Жер тура-
лы заңның елімізді өркениетті нарыққа бастамағанын, егер бәріміз қателік
жіберген болсақ, оны түзеуден де қашпау керек екенін ашық мәлімдедім.
Жерге жекеменшік құқығы – ең алдымен, диқанның өз жерін ешкімнің тар-
тып ала алмайтынына сенімділігі екені де атап өтілді. Жерді меншіктену оны
игеруге деген ынта-жігерді арттырады. Менің берік ұстанымым бойынша,
толассыз айтыс-тартысты тоқтатып, алға батыл қадам жасайтын уақыт туған
болатын. Мен Үкіметке жерді жекеменшікке беруді көздейтін заң жобасын
Парламентке ұсынуды тапсырдым.
230
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Жер кодексі Мәжілісте бірнеше ай талқыланды. Жер мәселесі Парла-
мент пен Үкімет арасындағы текетіреске себеп болды. Депутаттар үкіметтік
нұсқаға қайшы келетін көптеген түзетулер енгізді. Сол кезде, 2003
жылдың
мамыр айында Премьер-Министр И. Тасмағамбетов Үкіметке сенім білдіру
мәселесін күн тәртібіне қойды. Палаталардың біріккен отырыстарында де-
путаттар Үкіметке сенім білдірді, ал бұл Жер кодексінің үкіметтік нұсқасының
қабылданғанын айғақтады. Алайда билік тармақтары арасында ешқандай
бітім белгісі білінген жоқ. Соның салдарынан Үкімет отставкаға кетті.
2003 жылдың 20 маусымында мен ауыл шаруашылығы жерлеріне же-
кеменшік институтын енгізетін Жер кодексіне қол қойдым.
Ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығына арналған 156 мың гектар жерді
жекеменшігіне сатып ала алды. Нәтижесінде содан кейінгі үш жыл ішінде
ауылға салынған инвестиция көлемі жиырма есе артты. Бұған қоса, бір тең-
ге мемлекеттік инвестицияға бес теңге жеке капиталдан келді. Біздің жер
мәселесіндегі парасатты табандылығымыз ақыры оң нәтижелерге ұласты.
Достарыңызбен бөлісу: