НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет126/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   265
5. 
МЕН
 
АЙТҚАН
 
БЕРЕКЕЛІ
 
ЗАМАН
 
АҚЫРЫ
 
ОРНАДЫ
!
МЕМЛЕКЕТТІҢ
 
ӘЛЕУМЕТТІК
 
САЯСАТЫ

ЖАҢА
 
МҮМКІНДІКТЕР
Халықтың әл-ауқат қамы
Т
әуелсіздік жылдары мен халыққа «аспандағы Айды алып беремін» деп 
емексітіп, жеңіл-желпі популистік мәлімдемелер жасаған жоқпын. 1990-
шы жылдары бізді қиын күндер күтіп тұрғанын, мемлекет пен халық ре-
формалардың бар ауыртпалығын бірге көтеруі керек екенін ашық айттым. 
Алайда мұнымен қатар, мен халықтың өмір сүру деңгейі үздіксіз өсетін 
уақыттың қалай да келетініне деген өзімнің сенімім мен ынта-жігерім 
арқылы адамдардың жүрегінде үміт отын оятуға күш салдым. 
Сол 1990-шы жылдары осы күнге жететінімізге сенгендердің аса көп 
бола қоймағанын мойындауымыз керек. Уайымшылдар мен күмәншілдер, 
әрине, басымырақ болды.
Дегенмен мемлекетіміздің қалыптасу барысындағы қиын жылдар мені 
шын мәнінде шыңдап шығарды. Мен үшін уәде – бере салып ұмытатын 
бос сөз емес-ті. Уәде берген соң орындау керек. 2003 жылдың сәуірін-
дегі Жолдауымда мен осыны еске салған едім. Онда мен уәдемді орын-
дағанымды мәлімдедім. Қазақстан экономикасының өркендеуі бізді басты 
мақсатымызға – халықтың әл-ауқатын арттыруға алып келді. Мен айтқан 
берекелі заман ақыры орнады.
2003 жылы маған әлеуметтік шығындардың жаңа тарихымыздағы аса 
ірі өсімі туралы мәлімдеу бақыты бұйырды. Біз бастаған бұл өзгерістер әр 
қазақстандықты, әр отбасыны қамтыды. Осы мақсаттар үшін мемлекет-
тік қазынадан бір жарым жыл бойына қосымша 120 миллиард теңге бөлу 
жоспарланды.
Әлеуметтік саладағы оң өзгерістерге мен сол 2003 жылдың желтоқса-
нында, Тәуелсіздігіміздің 13 жылдығына арналған салтанатты жиында қайта 
оралып соқтым. Экономикадағы табыстар бізге ауқымды әлеуметтік мақ-
саттарды ойдағыдай орындауға мүмкіндік берді. Бала туғанда берілетін 
жәрдемақы қалпына келтірілді, атажұртқа оралған қандастарымызға қол-
дау көрсетілді, Жұмыссыздық пен кедейшілікпен күрес жөніндегі бағдар-


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
235
лама өз нәтижесін берді, жұмыс орындары ашылды, жеке кәсіпкерлік да-
мыды.
Ел басшылығының өнімді еңбегінің нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 
8 процентке дейін төмендеді. Жалақы мен зейнетақының орташа мөлшері 
ТМД-дағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Тіпті Қазақстан – КСРО 
Жинақ банкіндегі салымдар бойынша халыққа қарызын қайтаруды жөн 
көрген бұрынғы одақтас республикалар арасындағы жалғыз ел!
2004 жылдың наурыз айындағы Жолдауымда мен тағы да әлеуметтік 
тақырыпқа баса назар аудардым. Соның ішінде бұрын макросаясат тура-
лы жиірек айтуға тура келсе, енді бүкіл халықты қызықтыратын тақырыпта 
әңгіме қозғау өзім үшін айрықша сүйсінерлік жайт екенін жеткіздім. Сол 
себепті, кейінге қалдырмастан, Үкіметке тікелей әрбір қазақстандық отба-
сының мүддесін көздейтін, Әлеуметтік реформаларды тереңдетудің 2005–
2007 жылдарға арналған бағдарламасын жасауды тапсырдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет