НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет129/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   265
Зейнетақы жүйесін жетілдіру
2000-шы жылдардың басында зейнетақы жүйесін жетілдіру жалғаса 
берді. Елде мамандандырылған зейнетақы қорлары пайда болды. Заңдарға 
қауіпті нысандарда еңбек ететін жұмысшылар үшін жұмыс беруші есебінен 
ерікті кәсіби жарна төлеу туралы тармақ қосылды.
Халықты зейнетақымен қамсыздандырудың маңыздылығын ескеріп, 
зейнетақы қорларының қызметі мен қаражат қорын сақтауға жауапкер-
шілікті үкіметтің мойнына жүктедік.
2004 жылдың тамызында Үкімет отырысында мен қызметіндегі тиімділік-
тің жеткіліксіздігі себепті зейнетақы қорларының жұмысын сынға алдым. Ең 
алдымен, жинақталған қаражатты салу және жұмсау үшін қажетті қаржы 
құралдарының жоқтығын ескерттім.
2004 жылдың желтоқсанында Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 2005–
2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Үкімет салымшылар-
дың құқығын қорғауды күшейтуге, қорлардың ашықтығын арттыруға, қара-
жатты инвестициялаудан түскен кірісті тұрақтандыруға сенім артты.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
239
2005 жылдан бастап менің бастамам бойынша, базалық зейнетақы 
төлемдері енгізілді. Бұл зейнет жасына жеткен барлық қазақстандықтар 
үшін зейнетақымен қамсыздандырудың бірінші, кепілдендірілген деңгейі 
болды. Екінші деңгей – зейнетақы қорларынан алынатын төлемдер, сон-
дай-ақ 1998 жылға дейін қызмет өтілі бар адамдарға бюджеттен берілетін 
зейнетақылар. Үшінші деңгей – ерікті жеке және кәсіби зейнетақы ауда-
рымдары.
Онжылдық ортасында нақты зейнетақы деңгейі жөнінен Қазақстан 
жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында жетекші орынға шықты.
Онжылдықтың екінші жартысында зейнетақы қызметтері нарығын са-
уықтыру мақсатында шағын зейнетақы қорлары бәсекеге қабілетті ірі қор-
ларға қосылды. 2010-шы жылдардың басында елімізде 11 жинақтаушы зей-
нетақы қоры қалды, онда 8 миллион азаматтың жеке шоты бар.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі шапшаң экономикалық өсім жылдарын-
да жақсы қырынан көрінді, алайда қаржылық құлдырау жағдайында зей-
нетақы қорларының инвестициялық кірісі инфляциядан едәуір – екі есеге 
– қалып қойды.
Бұдан бөлек, зейнетақы қорларына ерікті түрде жеке қаражатын салғы-
сы келетін азаматтар, біз ойлағандай, аса көп болмай шықты, ал ерікті кәсі-
би жарналардың мөлшері тіптен аз екені анықталды. Жұмыс берушілер 
зиянды өндірістерде жұмыс істейтін өз қызметкерлері үшін аударымдар 
жасауға асыққан жоқ.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласында әлдеқайда мардымды өзгеріс-
терсіз қиынға соғатыны түсінікті болды. Тәуелсіз сарапшылардың талдауы 
мынаны көрсетті: қолданыстағы зейнетақы заңнамасы кезінде алдағы он 
жылда зейнетақы төлемдерінің осы деңгейі мемлекет үшін шамадан тыс 
ауыртпалық болмақ.
Мен мұндай өрескел ахуалға тіпті де келісе алмадым. Зейнетақы 
жүйесінің шұғыл түзетулерді қажет ететіні анық болды. Үкіметке зейнетақы 
жүйесін реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет