НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет131/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   265
6. 
БІЗ
 
ӘЛЕМДІК
 
ДАҒДАРЫС
 
СЫНАҒЫНА
 
ТӨТЕП
 
БЕРДІК
ЖАҺАНДЫҚ
 
ДАҒДАРЫС
 
ЖӘНЕ
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
 
ДАҒДАРЫСТАН
 
КЕЙІНГІ
 
ДАМУЫ
 
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс
(2007–2009 жылдар)
Ө
зімнің саяси және экономикалық болжамдарымда мен тәуелсіз 
Қазақстанды үнемі көшбасшы елдердің қатарынан көретінмін. Елімнің 
сол өсіп-өркендеген, көшбасшыға айналған заманы тезірек туғанын аң-
сайтынмын. Біз ол үшін қолдан келер мүмкін нәрсенің бәрін, тіпті мүмкін 
еместі де жасадық.
2000-шы жылдары Қазақстан өсу баспалдағымен өрлей нық басып, 
әлемнің ең дамыған елу елінің деңгейіне жақындап келе жатты. Алайда 
жаһандық әлемнің қалай құбыларын алдын ала болжау мүмкін емес. Он-
дағы көп жайт түрлі факторлардың қиюласуына байланысты болып келеді, 
ал өсу кезеңдерінің құлдырауға ұласуы оп-оңай.
Жаңа ғасырдың алғашқы онжылдығының екінші жартысында тура со-
лай болды. Дегенмен Қазақстан сескенген жоқ, ел мұндай сынға дайын еді.
Әлемдік-экономикалық дағдарыс 2007 жылы АҚШ-тағы ипотека дағда-
рысынан басталды. Себеп – несие және тұрғын үй секторларындағы дүмпу, 
содан соң күйреу. Әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыздықтың алғашқы 
толқыны қарыз капиталы нарығының жабылуына әкеліп соқты. Дағдарыс-
тың ең үдемелі тұсы 2008 жылдың соңы мен 2009 жылдың басына сәй-
кес келді. Жаһандық қаржы дағдарысы жалпы экономикалық дағдарысты 
туғызды. Шикізаттың әлемдік нарқы күрт құлдырады. Жаппай өнеркәсіптік 
құлдырау басталды. Дамыған экономикалар қатаң рецессияға тап болды.
Мұндай ауқымды дағдарыс тек әлемдік экономика дамуының ке-
зеңділігіне ғана байланысты емес-ті. Дағдарыс қаржы нарығындағы 
жүйелік проблемалардың салдарынан туындады. Қаржы нарығында 
алыпсатарлық әрекеттер көбейіп кеткен еді, үрлене-үрлене алып көпір-
шікке айналған экзотикалық жасанды қаржы құралдары еркін даму мүм-
кіндігіне ие болды. Бұған қоса, мәселе несиені шектен тыс көп алуға 
байланысты да ушыға түсті. Бүкіл әлемде адамдар тапқан табысынан 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
243
артық ақша жұмсайтын болды. Тұтыну дүмпуі шикізаттың, оның ішінде 
мұнай мен азық-түлік бағасының үздіксіз өсуімен қатар жүрді, мұның 
өзі инфляция процесіне қысымды күшейтті.
Халықаралық сауда мен капиталдың үйлесімсіздігі, доллар монополия-
сы, әлемдік қаржы жүйесінің тиімсіздігі және тағы басқа елеулі факторлар 
да ықпал етпей қалған жоқ. Соның салдарынан Еуропаның талай мемле-
кетінің экономикасы әлсіреді, бұл әсіресе Грекия, Португалия және Испа-
нияға қатты әсер етті. Бұл елдер Еуроодақтың қуаттылығына қарамастан, 
тіпті қаржы турбуленттілігі басталғаннан төрт-бес жыл өткенге дейін, дағда-
рыс құбылыстарынан, жұмыссыздықтың жоғары деңгейінен арыла алмады. 
Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның қайнар көзі елдің ішінде емес, олар 
әлемдік экономиканың үйлесімсіздігінде жасырынып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет