НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет162/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

9. 
ӘЛЕМ
 
МОЙЫНДАҒАН
 
КӨШБАСШЫЛЫҚ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
 
БІТІМГЕРЛІК
 
МИССИЯСЫ
Мемлекеттік шекара: 
шешімін тапқан аса күрделі мәселе
Ж
иырма бірінші ғасырдың басында жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасын-
дағы шекараны заңды түрде делимитациялау мәселесін қолға алатын 
уақыт келіп жетті. Бұл Кеңес Одағы кезінен реттелмей келе жатқан мәселе 
болатын.
2000 жылдың қазан айында Сыртқы істер министрлігінің коллегиясын-
да сөйлеген сөзімде мен барлық мүдделі мемлекеттермен осы мәселені 
тездетіп шешудің маңыздылығына ерекше назар аудардым. Өйткені өз ара 
достық пен сенім рухында шешуді талап ететін трансшекаралық шаруа-
шылық мәселелері қордаланып қалған еді. 
Келіссөздер барысында пікірталастардың қатаңдау жүрген кездері де 
болды. Бірақ түптің түбінде тараптар өзара сыйластық пен ізгі ниет таныт-
ты. Сөйтіп ең қиын, даулы мәселелердің өзін тиімді шеше алды. Екіжақты 
деңгейде делимитациялау процесіне қатысқан тараптардың ешқайсысы 
шекара мәселесіне саяси астар бермегенін ерекше атап өту маңызды. 
Ауқымды мәселелерді Қазақстан жүйелі түрде және сындарлылықпен 
шешіп отырды. Мемлекет осы қадамды халықтың бейбіт өмірі мен бола-
шақ ұрпақ қамы үшін – барлық көрші елдермен бейбітқатар және өзара 
келісіммен өмір сүру үшін жасады.
Алғашында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 
мемлекеттік шекараны делимитациялау жұмысын 2007–2008 жылдар ша-
масында тәмамдауды жоспарлаған еді. Дегенмен біздің жанкешті ерік-жі-
геріміздің арқасында көп жылға созылған осы ауқымды жұмыс 2005 жылға 
қарай аяқталды. 
Қазақстан – Қырғыз және Қазақстан – Түрікменстан шекараларын дели-
митациялауда біз бұрын Қырғыз ССР-імен және Түрікмен ССР-імен келісіл-
ген әкімшілік-аумақтық бөліну сызығын негіз етіп алдық. 
2001 жылдың 5 шілде және 15 желтоқсан күндері Астанада тиісінше
Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан Республикасы арасында «Қа-


294
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
зақстан – Түрікменстан мемлекеттік шекарасы туралы» шартқа, Қазақстан 
Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасында «Қазақстан – Қырғыз 
мемлекеттік шекарасы туралы» шартқа қол қойылды. 
Қазақстан – Өзбекстан шекарасын делимитациялау процесі 2000–2002 
жылдар аралығында жүргізілді. 2001 жылдың 16 қарашасында Астанада Қа-
зақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында «Қазақстан 
– Өзбекстан мемлекеттік шекарасы туралы» шарт бекітілді. Ол шекара сы-
зығының 96 процентін анықтады. Кейін даулы мәселелерді мұқият реттеген 
соң, 2002 жылдың 9 қыркүйегінде «Мемлекетаралық шекараның жекеле-
ген бөліктері туралы» шартқа қол қойылды.
Қазақстанның ең ұзақ шекарасы – Ресеймен 7591 шақырымдық шекара. 
Бұл – әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара. 
Қазақстан – Ресей келіссөздерінің алғашқы кезеңі 1999 жылдың тамыз 
айында басталды. Қазақ ССР-і мен РСФСР арасындағы әкімшілік шекара, 
Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан шекараларымен салыстырған-
да, бұлдырлау рәсімделгені бірден белгілі болды. 
Мұндай әдеттен тыс жағдайда Ресейдің жаңа басшылығымен арамыз-
дағы сенімнің жоғары деңгейі айрықша рөл атқарды. 2000 жылдың маусым 
айындағы алғашқы біріккен декларацияда мемлекет басшылары екіжақты 
делимитациялау процесінің қарқынын арттыру қажеттігін айтты. Мемлекет 
үшін шекараның маңыздылығын ескере отырып, біз жағдайды ушықтыр-
май шешу үшін табандылық таныттық. 
Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздер 2004 жылдың соңына 
дейін жалғасты. Шекара сызығын сызу үшін елуден астам келіссөздер ке-
зеңін өткізуге тура келді.
2005 жылдың 18 қаңтарында Мәскеуде мен В.В. Путинмен бірге Қа-
зақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Қазақстан 
– Ресей мемлекеттік шекарасы туралы» шартқа қол қойдым. Құжат 2006 
жылдың 12 қаңтарынан бастап күшіне енді. 
Осылайша Қазақстан бүкіл периметрі бойынша шекараның құрлықтық 
бөлігін заң негізінде рәсімдеуді аяқтады. Өңірлерде шекара сызығын жүр-
гізу (демаркациялау) жұмысы басталды.
Мемлекеттік шекараны белгілеу жолында біз жұмсаған күш-жігердің 
маңыздылығын түсіну үшін жаңа тәуелсіз мемлекеттердің басым бөлігі 
мұндай шаруаны атқара алмағанын, олардың басым бөлігі өзара бекітілген 
мемлекеттік шекараға ие емес екенін есте ұстаған жөн. 
Қазақстан – Орталық Азия өңірінде делимитациялау мен демаркация-
лау мәселесін толық шешкен жалғыз мемлекет. Қазақстан Республикасының 
2000-жылдары бекітілген мемлекеттік шекарасы – толықтай заңды шекара. 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
295
Осылайша Қазақстан өзінің мемлекеттік шекарасының бүкіл периме-
трін заң негізінде рәсімдеуді аяқтады. Тарихта тұңғыш рет біздің мемлекет-
тік шекарамыз халықаралық-құқықтық тұрғыдан рәсімделді және өңірдегі 
бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің іс-жүзіндегі нақты құралы 
бола алды. Осы кезден бастап дербес Қазақстан заңды түрде рәсімдел-
ген 14 мың шақырымдық құрлықтық мемлекеттік шекараға ие болды. Оның 
7591 шақырымы – Ресеймен, 2351 шақырымға жуығы – Өзбекстанмен, 1783 
шақырымы – Қытаймен, 1242 шақырымы – Қырғызстанмен, 426 шақырымы 
Түрікменстанмен түйісіп жатыр. 
Қазақстанның мемлекеттік шекарасын саяси растаудың, заң жүзінде 
рәсімдеудің және халықаралық дәрежеде мойындалуының тарихи маңы-
зын айтып жеткізу мүмкін емес.
Достар үшін – ашық, жат пиғылдылар үшін жабық мемлекеттік шека-
раның бекітілуі Қазақстан Республикасының егемендігін әйгілей түсті, ұзақ 
мерзімге тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет