НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстан мен Ресей: мызғымас одақтастық



Pdf көрінісі
бет246/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   265
Қазақстан мен Ресей: мызғымас одақтастық
2012 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қаты-
настардың орнағанына жиырма жыл толды. 5 қазанда шыққан «Ғасыр-
ларға жалғасқан достық» атты мақаламда атап көрсеткенімдей, Қазақстан 
мен Ресей бұл оқиғаны – стратегиялық әріптестер, ең жақын одақтастар 
және достар ретінде қарсы алады. Осы сөздің дәлеліндей, Ресей жағы Қа-
зақстанды 2013 жылы қыркүйекте Санкт-Петербургте өткен «Үлкен жиыр-
малықтың» саммитіне шақырды. 
2013 жылы қарашада Екатеринбургте Қазақстан мен Ресей арасындағы 
қарым-қатынас жаңа, мол қамтылған бірегей құжатпен – екі мемлекеттің 
де халықтарының мүддесі мен мақсаттарына толық жауап беретін ХХІ ға-
сырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы келісімшартпен толықты. Та-
раптар: мемлекеттік егемендік пен тәуелсіздікке өзара құрмет, теңқұқықтық 
және ішкі істерге араласпау, күш қолданбау немесе күшпен қорқытпау, ай-
мақтық тұтастық, шекараның бұзылмайтындығы қағидаттарын басшылыққа 
алу жөнінде міндеттемелер қабылдады. 
2014 жылғы сәуір айында, ауыр халықаралық дағдарыс белең алып 
тұрған кезде, мен: «Қазақстан мен Ресей – тату көршілер, одақтастар және 
стратегиялық әріптестер», – деп атап өттім. Сол жылы сәуірде Мәскеу мем-
лекеттік университетінде сөйлеген сөзімде: «Сенім, тең құқықтылық және 
ынтымақтастық – бұл қазақстандықтар мен ресейліктердің ортақ құн-


454
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
дылықтары, оны біз ұрпақтан-ұрпаққа сақтап, жеткізіп отыруға міндет-
тіміз!» – деп нық сеніммен айтқан едім. 
Ресей – Қытай мен Еуроодақ сияқты, Қазақстанның ірі сауда әріптесі. 
Екіжақты тауар айналымы екі еседен аса өсті: егер 2003 жылы ол 5,8 мил-
лард долларды құраса, ал 2015 жылы, екі елдегі де экономикалық көрсет-
кіштердің төмендеуіне қарамастан 14,5 миллиард болды. Әрине, әлемдегі 
экономикалық тежелу саудаға да әсер етті. Дегенмен бірқатар позициялар 
бойынша – мұнай өнімдері, газ, кокстің өсу фактілері байқалды. 
2015 жылғы маусымда әріптестер Қарашығанақ жобасы бойынша Орын-
бор газ өнімдерін қайта өңдеу зауытына газ сату мерзімін 2038 жылға дейін 
ұзарту жөніндегі келісімге қол қойды, ал бұл Қазақстан бюджетіне қосым-
ша табыс әкелетіні анық. Энергетикалық жүйелердің жұмыстары туралы 
келісім жалғасатын болды. Қазақстандық көмірсутектерді әлемдік саудаға 
шығару ерекше маңызды еді. 2011 жылы КТК құбырын кеңейту арқылы 
жылына 67 миллион тоннаға дейін мұнай шығару жобасы іске қосылды. 
Қазақстан мен Ресей «Байқоңыр» ғарыш кешенін бірігіп пайдалануға бай-
ланысты жұмыстарын одан әрі жалғастырды. 
2015 жылы қазан айында Ресей президенті В.В. Путин Қазақстанға 
ресми іссапармен келді. Әлемдегі экономикалық жағдайдың күрделілігін 
ескере отырып, келіссөздің басты тақырыбы экономикадағы іс-әрекеттерді 
үйлестіруге бағытталды. Кездесу барысында біз әлемдік тұрақсыздық сал-
дарларын жеңілдетуге байланысты нақты қадамдарды анықтадық. 
Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға шығару, Каспий кен орын-
дарын игеру, көмір өндірісіндегі ынтымақтастық және оны Каспий бойымен 
Парсы шығанағына тасымалдау мәселелері талқыланды. Біз өткір жаһан-
дық және аймақтық проблемалар бойынша өзара уағдаластық, халықара-
лық жағдайларға қатысты қадамдарымызды үйлестірдік. 
2010-шы жылдары өңіраралық ынтымақтастыққа айрықша назар аудар-
дық. 2012 жылдың қыркүйек айында Павлодар қаласында өңіраралық ын-
тымақтастықтың ІX форумы ұйымдастырылып, онда 2 миллиард доллар-
дың келісімшарттары жасалды. 
Екатеринбург қаласында өткізілген Өңіраралық ынтымақтастықтың 
Х форумының рөлі айрықша болды. Нақ сол жолы Ресей Федерациясы 
мен Қазақстан Республикасы арасында ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен 
ынтымақтастық келісімшартына қол қойылды. Мұнай және газ өндіру тех-
нологиясына арналған XI форум 2014 жылы қыркүйек айында Атырау қа-
ласында өтті. Мұнда Қазақстан Каспий бойы ойпатының терең және аса 
терең қабаттарындағы (5–15 шақырым) жұмыстар бойынша халықаралық 
жоба дайындауға ұсыныс жасады. 2016 жылы бұл өрелі жобаның «Жол 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
455
картасын» жасау қолға алынды. 2015 жылы қыркүйек айында Сочи қала-
сында өткізілген XII форумда азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері және ауыл 
шаруашылығындағы кооперация мәселелері талқыланды. 
XIII форум 2016 жылы 4 қазанда Астана қаласында өтті және маңызды 
мәселеге – Қазақстан мен Ресейдің еуразиялық көлік-логистикалық әлеу-
етіне арналды. Бұл елдер арасында 2014 жылы-ақ Бірлескен көлік-логисти-
калық компания құрылған болатын. Тұтастай алғанда, форумның жұмыс-
тары кезінде екі ел аймақтарының арасында үш жүзден аса келісімшарт 
жасалған екен. 
Адам капиталын дамытуға арналған XIV форум 2017 жылдың 9 қараша-
сында Челябі қаласында өтті. Тап осы қалада, 2005 жылы өткен ІІ форумда 
осындай іс-шараны жыл сайын өткізетін болып келіскенбіз. Қазақстан мен 
Ресей арасындағы қарым-қатынастардың маңыздылығын жоғары деңгей-
дегі өзара байланыстың жылдам ілгерілеп келе жатқаны айғақтайды. Менің 
В.В. Путинмен көпжылғы жемісті қарым-қатынасым – өзінің толымдылығы 
және нәтижелілігі жағынан халықаралық-саяси феномен болып табылады. 
Біз Ресеймен он бес жылдан астам бірге жұмыс істеп келеміз.
Владимир Путин – дәстүрлі ресейлік көшбасшылардан ерекше. Оның 
бойында өз бетімен білім алуға деген өте күшті саяси қасиет бар. 2001 жылғы 
Путин мен 2017 жылғы Путин саясаткер ретіндегі деңгейі және көрегендігі 
жағынан екі басқа адам. Әрине, биік дәреже мен үлкен оқиғалар адамға 
сабақ болады. Алайда осы сабақтан кім қандай қорытынды шығарады – 
мәселе осында. В.В. Путин келіссөз жүргізген кезде өте тиімді және қисын-
ды дәлелдерді пайдаланады. Міне, біздің екіжақты экономикалық байла-
ныстарымыз тап осылайша қалыптасты.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы тату көр-
шілік, ынтымақтастық, өзара қарым-қатынас – сыртқы конъюнктура мен 
жаһандық саясаттың райына тәуелді емес. Тіпті бұл қарым-қатынастар – 
Еуразиядағы саяси климатқа, яғни әлемдегі ахуалға да жағымды әсер етеді.
Біз кез келген қиын жағдайдан бірге шыға аламыз, мен бұған сенімдімін. 
Біздің халықтарымыздың басынан мұнан да ауыр қиыншылықтар өткен. 
Бұдан да өтеміз, оның үстіне заман басқа, мүмкіндіктер де өзгеше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет