НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет244/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   265
ШЫҰ: дамудың жаңа кезеңінде 
2010-шы жылдары ШЫҰ-ның өз құрамында – мүше-мемлекеттер, бақы-
лаушы елдер, диалогқа қатысушы әріптестер арасында ынтымақтастық 
трендтерінің кеңеюі біртіндеп жүріп жатты. Осы үдерістерге қатысқан Қа-
зақстан сындарлы саясат жүргізді. 
Дағдарыстан кейінгі әлем жаңа мүмкіндіктерді ала келді. Тәуекелге бас 
тігуді қажет ететін сын-қатерлер де аз емес еді.
Осыған байланысты, ШЫҰ өзге де халықаралық құрылымдар сияқты, 
күрделі кезеңдегі, тез өзгеріп отырған дағдарысты әлемдегі өзінің алатын 
орны жайлы дер кезінде ойлануы тиіс.
Біріншіден, біз әлем өз дамуының мүлдем жаңа циклына көшкенін 
ескеруіміз керек. Біздің маңдайымызға өзгерістер әлемінде өмір сүру ғана 
емес, тарихи дәуірлер алмасуының нақты қатысушылары болу да бұйыр-
ған. Неміс философы Карл Яспестің сөзімен айтсақ, біз «өзекті кезеңге» 
аяқ басып отырмыз. Рас, бұл өзектің нәрін ойшылдар емес, саясаткерлер
өзіне қарай икемдеуде. 
Жаһандық орталықтардың күші қазіргі таңда Азияға көз салмай, өзіне 
бұрынғы «үшінші әлемнің» көптеген дамушы аймақтарының назарын ауда-
рып отырған Шығысқа қарай баяу, алайда біртіндеп сенімді түрде көшуде 
екенін көріп отырмыз. Менің ойымша, жаһандық өзгерістер жағдайында 
ШЫҰ аймақтық мәселелердің тар шеңберінен шығып, күшті және жауапты 
жаһандық «ойыншыға» айналуы, ең бастысы – өзінің мол әлеуетін әлемдік 
үдерістерге нақты ықпал етуге жұмсауы тиіс. Нақ осы ШЫҰ – беделді ха-
лықаралық ұйым ретінде, әлемдік қаржы архитектурасында радикал транс-
формация процесінің белсенді қатысушысы болуы қажет. Ол дәуірдің 
сын-қатерінен қаймықпай, жаһандық экономиканы қайта форматтауда 
өзінің рөлін әділетті және адамгершілік тұрғыда атқаруы тиіс.
Екіншіден, ШЫҰ дағдарыс әлемінде күшті қаржылық-экономикалық 
өріс болып қана қоймай, шешімдер қабылдаудағы маңызды саяси орталық 
бола алатынына менің сенімім мол. Әлемге халықаралық құқық нормала-
рын қатаң сақтауда жаңа экономикалық және саяси этика қажет. 
Үшіншіден, ШЫҰ бүкіл әлемге түрлі нәсілдердің, халықтардың, діндердің, 
өркениет пен мәдениеттер ынтымағының үлгісін көрсете алады. 
Бағзы замандардан бері Еуразия кеңістігі түрлі халықтардың жолығыса-
тын мекені, мәдениеттер жақындасуының, өзара түсінісудің орталығы бо-
лып келді. 
Мысалы, Ұлы Жібек жолы Азия мен Еуропа арасындағы жай ғана 
жол емес, үздіксіз диалогтардың да орны болды. Тек тауар ғана емес, 


450
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
түрлі мәдени әлем арасындағы рухани құндылықтар алмасу да қызу 
жүріп жатты.
ХХІ ғасыр – Еуразияның қайта өркендеу және оның көптеген ғасырлық 
қоғамдық бастаулары мен дәстүр-салтының жаңа гүлдену кезеңі болаты-
нына менің сенімім мол. Мұнда өркениеттер қақтығысына, діни және мә-
дени шиеленістерге орын болмауы тиіс.
Өткен жылдар ішінде ШЫҰ аса күшті ұйымға айналды, оның қатысуын-
сыз әлемнің ұлан-ғайыр аймағындағы күрделі мәселелердің бірде-бірін 
тиімді түрде шешу мүмкін емес.
Жыл сайын ШЫҰ-ға кіретін мемлекет басшыларының кеңесі өткізіліп 
тұрды. 2012 жылы 7 маусымда ШЫҰ кезекті саммиті Бейжіңде өтіп, онда 
2013–2015 жылдарға арналған терроризммен, сепаратизммен және экс-
тремизммен күрес бойынша ынтымақтастық бағдарламасы қабылданды. 
Ауғанстан ШЫҰ-ға бақылаушы ретінде қабылданды, ал Түркия диалог 
жүргізу бойынша әріптес болып қатысты. Қатысушы елдердің басшылары 
кездесуінде ШЫҰ-ны дамытудың стратегиялық негізгі бағыттары бекітілді. 
Бұл – ШЫҰ-ның Астана қаласында өткен саммитінде айтылған – ШЫҰ үшін 
өзінің жеке стратегиясы болуы керектігі жөніндегі ұсынысымыз қолдау та-
уып, жүзеге асырыла бастағанын білдірді. 
2015 жылы 10 шілдеде ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының 
кезекті кеңесі Уфа қаласында (Ресей) өткізілгенде, осы ұйымның 2025-ші 
жылдарға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды, Ұйымға мүше-мемлекет-
тердің шекара мәселелері бойынша ынтымақтастығы мен өзара қарым-қа-
тынасы жөніндегі келісіміне қол қойылды. ШЫҰ-ға мүше болуға ұсыныс біл-
дірген бақылаушы-мемлекеттер – Үндістанды және Пәкістанды мүшелікке 
қабылдауға байланысты дайындық жұмыстары қолға алынды. Сонымен 
бірге, Беларусьтың ШЫҰ-дағы мәртебесі өсіп, бақылаушы-мемлекет дең-
гейіне көтерілді, ал Әзербайжан, Армения, Камбоджа және Непал мемле-
кеттері ШЫҰ-ға өзара диалог жүргізетін серіктестер ретінде тіркелді.
2016 жылғы Ташкенттегі саммитте Үндістанмен және Пәкістанмен келіс-
сөз үдерістері сәтті жүргізіліп, ұйымға мүше-мемлекеттер Үндістан мен 
Пәкістанды ШЫҰ-ға мүшелікке қабылдау туралы меморандумға қол қойды. 
Үндістан мен Пәкістанның ұйымға заңды мүше болып қабылдануы – ШЫҰ-
ның әлеуетін асырып, оның беделінің жаһандық деңгейге көтерілгенін ай-
ғақтайтыны даусыз. 
2015 жылы желтоқсан айында Чжэнчжоу қаласында (ҚХР) ШЫҰ-ға мүше 
мемлекеттердің басшылары Өңірлік экономикалық қарым-қатынас туралы 
үндеу қабылдады. Сол жолы Қытай жағы 2020 жылға қарай ШЫҰ-ға мүше 
елдер арасында еркін сауда-саттық аймағын құру туралы ұсыныс жасады. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
451
2016 жылы 24 маусымда Ташкент қаласында өткен ШЫҰ-ның саммиті 
ұйымның құрылғанына 15 жыл толуын атап өтті және ШЫҰ-ның 2025 
жылға дейінгі Даму стратегиясы бойынша Жұмыс жоспарын қабылдады. 
Ұйымға мүше-мемлекеттер жуық арада тездетіп БҰҰ-ның Халықаралық 
лаңкестікпен күрес жөніндегі Жалпыға ортақ конвенциясын қабылдау ту-
ралы ұсыныстарын жасады. Қазақстан ШЫҰ-ның экстремизммен күрес 
жөніндегі конвенциясын әзірлеуге байланысты ұсыныс енгізді. Біздің 
ұстанымымызға сәйкес, діни экстремизм бейбітшіліксүйгіш исламмен 
және басқа діндермен теңдестіріле қаралмауы тиіс. 
Ұйымның келесі бір маңызды бағыты экономикалық өзара бай-
ланыстарға қатысты еді. Мен ШЫҰ-ның күшін инфрақұрылымды да-
мытуға, әсіресе Еуропалық экономикалық одақ пен Қытайдың «Жібек 
жолы экономикалық белдеуі» жобасын ұштастыруға ұсыныс жасадым. 
Қазақстан қай кезде де ШЫҰ-ның шын мәніндегі әрекет етуші құрылым 
болуын жақтады. 2016 жылғы маусымда бірлестікті тығырыққа тіреуі мүм-
кін үрдістер туралы пікірімді ашық айтқан болатынмын: «Біздің міндетіміз 
– ШЫҰ-ны аморфты, қағаз жүзіндегі, бюрократтық ұйымға (қазіргі АСЕАН/
Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы) айналдырып алмау-
ымыз керек. ШЫҰ – Еуразия кеңістігіндегі маңызы өте жоғары ұйым. Егер 
АҚШ Тынық мұхиты және Трансатлант аймақтарында еркін сауда аймағын 
құратын болса, онда біз олардың ортасында қалып қоямыз. Осыған байла-
нысты, біз оның балама аналогын Еуразияда құруымыз керек». 
Шанхай диалогының жиырма жылдығы және Шанхай ынтымақтастық 
ұйымының он бес жылдығы – әлемде жаңа үлгідегі аймақтық құрылым 
пайда болғанын және оның табысты дамып келе жатқанын көрсетті. Өт-
кен жылдардың аясында «бестік» алдымен «алтылыққа» айналды, ал енді 
бүкіл әлемнің көз алдында салмақты, қарқынды, ашық жаһандық «се-
гіздікке» айналып отыр. Бұл өзіндік салмағы бар, даму қарқыны мықты, 
айтар ойы ашық «сегіздік».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет