НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет134/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстандық мазмұнды күшейту
2007–2009 жылдары Үкімет, менің тапсырмам бойынша, шетелдік ком-
паниялардың қызметін дәйекті түрде бақылауға көшті, олардың өз келісімді 


246
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
міндеттемелерін ұстануын қадағалай бастады, ең бастысы – Қазақстан мүд-
десіне нұқсан келтіруіне жол бермеуді мақсат етті.
Дағдарысқа дейінгі кезеңде көп жобаларды жүзеге асыру отандық өн-
дірушілердің қолынан келетіні анықталды, оның үстіне, қаржы секторында 
ол үшін қажетті қор жеткілікті еді.
2000-шы жылдардың соңындағы қаржы-экономикалық дағдарыс 
жағдайында шетелдік және отандық инвестициялардың ара салмағы тура-
лы мәселеге түзету енгізілді. Мен шетелдік инвесторлардың, әсіресе жер 
қойнауын пайдаланушылардың жобаларында қазақстандық мазмұнды 
жан-жақты арттыра түсуге нұсқау бердім. 
Бастапқыда бұл нұсқауды серіктестеріміздің бәрі бірдей дұрыс қабыл-
дай қойған жоқ, бірақ біз табанды, нық және сенімді әрекет еттік. 2008 
жылдың желтоқсанында Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында 
мен Үкімет үшін қазақстандық мазмұнның дамуы нөмірі бірінші мәселе 
болуы керек деп мәлімдедім. Нақты секторды дамыту жөніндегі жұмыс 
деген осы.
Бұдан кейін айқын мемлекеттік бағыт – қазақстандық сипатты арттыра 
түсу – трансұлттық компаниялармен қарым-қатынаста негізгі және мыз-
ғымас ұстанымға айналды. Екінші жағынан, отандық тауар өндірушілер 
де ұлттық компаниялармен көп келісімшарттарға қол қоятын болды. 2010 
жылдың қазан айында Үкімет Қазақстандық мазмұнды дамытудың 2014 
жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдады. Жыл өткен сайын кәсіпорын-
дар қызметіндегі қазақстандық мазмұнның үлесі үздіксіз өсіп келеді.
Ұлттық қор қаражатын орнымен пайдалану да зор мүмкіндіктер ашты. 
2010 жылдың қаңтарындағы Жолдауда айтылғандай, Қордың арқасында 
біз дағдарысқа қарсы шараларды атқарып қана қойған жоқпыз, сонымен 
қатар баяғы қиналған кезімізде сатуға мәжбүр болған мемлекеттік маңыз-
ды активтерімізді қайтарып алдық. Олар – Екібастұз ГРЭС-1, «Богатырь» 
разрезі, Қашағандағы біздің үлес, «Маңғыстаумұнайгаз» және барлық үш 
МӨЗ (мұнай өңдеу зауыттары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет