НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет141/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   264
7. БІЗДІҢ ҰЛТТЫҚ МОДЕЛІМІЗ – 
ЫНТЫМАҚ, КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ДИАЛОГ
ҚОҒАМ МЕН САЯСАТ
2000-шы жылдар: жасампаздық пен өркендеу егіз
Қ
ХА-ның VII сессиясында 2000 жылдың 15 желтоқсанында мен жиналған 
қауымды болашақ қамын ойлауға үндей келіп, нық сеніммен: «Қазақстан 
мемлекетін құрдық, енді қазақстандықтар боп бір шаңырақ астына бірі-
геміз!» – деген едім.
Жаңа ғасырда табыстарға тоқмейілсіп, тоқырап қалуға болмайтыны, 
мемлекетімізді өркендетіп, Қазақстан қоғамын біріктіре түсу үшін әлі талай
істер атқару керек екені айқын еді. 
«Бұл залда, – дедім мен өткен жылдар оқиғаларын еске түсіріп, – 1 990-шы 
жылдардағы тіл туралы, азаматтық таңдау еркіндігі жөніндегі талас-тартысқа 
куә болған талай адам отыр. Бүгінгі күні өмірдің өзі біздің стратегиялық бағда-
рымыздың дұрыстығына көз жеткізді. Еліміз халқының 99 проценті өздерін 
Қазақстан азаматтарымыз деп біледі. Бұл – бәріміздің ортақ жеңісіміз. Бұл 
жеңіске жету үшін талас-тартыс болған шығар, бірақ қантөгіс болған емес».
Шындығында да, өткен онжылдықта біздің, ең алдымен, ойлағаны-
мыз – ынтымақ-бірлік пен азаматтық және қоғамдық келісім болды. Бұл 
жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы аясында орныққан келісім еді. Қа-
зақстанның әр азаматы өзінің тағдыршешті таңдауын жасады. Әйтсе де 
Тәуелсіздіктің жаңа кезеңінде бұнымен ғана шектеліп қалуға болмайтын. 
Алға қарай ұмтылу керек еді.
Алда орасан зор жұмыстар күтіп тұрғанын жақсы білдім. Еліміз эко-
номикалық өрлеу сатысына, ауқымды әлеуметтік өзгерістер кезеңіне аяқ 
басты. Енді жас тәуелсіз мемлекет бүкіл қазақстандықтардың күш-жігерін 
біріктіруі керек еді. Жай ғана бірігу емес, мақсат бірлігі, іс-қимыл бірлігі, 
ақыл-ой, тілек бірлігі керек еді.
Ақиқатында солай болды да. Қазақстан халқының, бүкіл отандаста-
рымыздың елдің өсіп-өркендеуіне белсенді атсалысуы 2000 жылдардағы 
жалпыұлттық бірлікті нығайтудың басты факторына айналды. Жеке тіршілік 
ететін амал өткен шаққа ауды. Осыдан бастап әр адамның, әр отбасының 
болашағы бірінші кезекте тұтастай елдің табысына байланысты болады. 


256
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2001 жылдың қазанындағы ҚХА-ның VIII сессиясында біздің әрқайсы-
сымыздың жалпы халықтың бір бөлшегі екенімізді сезіну санасының қа-
лыптасып қалғандығын атап көрсеттім. Қазақстанның болашақта бақуатты 
әрі гүлденген мемлекет болуы үшін, біз ортақ үйімізді жайғастыруға ұмтыл-
дық әрі 2005 жылы ҚХА-ның онжылдығында өткізілген сессияның ұраны 
«Бірлік жасампаздыққа бастайды» болуы да тегін емес.
Тәуелсіздіктің жаңа кезеңінде қазақстандықтарды ауқымды ортақ іс, әр 
адамның елдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси табыстарға тікелей 
қатыстылығы, Қазақстанның дамуына деген мақтаныш біріктірді. 
Әр үйдегі экономикалық өсім, игілік қазақстандықтардың жалпы еңбе-
гінің нәтижесі болды. Сондай-ақ бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қо-
сылу міндеті де жалпыұлттық бірігуді нығайтуды талап етті.
Бәсекеге қабілетті ұлт – ынтымақшыл ұлт. Сондықтан мен дәл сол 2006 
жылы «егер беделді де бәсекеге қабілетті ел болғымыз келсе, онда біріккен 
әрі ұйымдасқан ел болуға тиісті екенімізді» нақты атап көрсеттім. Ондай 
ұлт – ортақ құндылықтарға интеграцияланған, ырғақты тілдік ортасы бар, 
болашаққа ұмтылған ұлт болуға тиіс.
2000 жылдары Қазақстанда даму мен өсу дәуірінің жалпыұлттық, жал-
пыхалықтық өрлеуінен туындаған бірлік қалыптасты. 
Ұлтаралық келісім мен бірліктің айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуінің ай-
ғақтары аз болмайтын. 2008 жылдың қазанындағы әлемдік дағдарыс дауылы 
Қазақстанды сынға алғанда, мен Астананың салынуы, ғылымдағы жетістіктер, 
спорттағы жеңістер тәрізді үш сәтті халықтың есіне салдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет